Оқи отырыңыз
Қазақстан – Қытай: Өңірлер арасындағы келісім
Жетісу мен Қытай Халық Республикасының Іле Қазақ автономиялық облысы арасындағы әріптестік байланыс жанданып келеді. Өңір басшысының Қытайға сапары екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайта түскені белгілі. Енді қытайлық делегация жер жаннатына келіп, өнеркәсіпті өркендетуге бағытталған бірнеше келісімшартқа қол қойды.
03 Шілде, 2023
Төскейі төрт түлікке толы жайлау
Теңіз деңгейінен шамамен екі жарым мың метрге жуық биіктіктегі Іле Алатауының шығыс сілемінде жатқан атақты Асы жайлауын Еңбекшіқазақ ауданының малшылары жайлайды. Шөбі шүйгін, топырағы құнарлы жайлау төрінде 500-ден астам шаруа қожалығының малдары жайылып, қоң жинайды. Жыл сайын жайлау төсін дүбірлеткен малшылар слетінің карантин уақытында жібі үзіліп қалған еді. Биыл дәстүрлі шара қайта жаңғырып, Асыда ауылшаруашылық еңбеккерлері мен кәсіпкерлердің форумы ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, ауыл шаруашылығына қолайлы өңірдегі төрт түлік малдың 65 пайызы 133 жайлауда жайылады.
03 Шілде, 2023
Жаңбырдың аз түсуінен болса керек, соңғы жылдары Шығыс Қазақстанның бірқатар өңірінде шөп селдір. Малмен жан баққан ауыл тұрғындары алты ай қыстан төрт түлігін қалай алып шығарамыз деп алаңдайды. Әсіресе мамырға дейін қар жамылып жататын Марқакөл, Катонқарағай өңірлері үшін қиын. Ауыл шаруашылығы мамандары да жоспардағы жемшөпті жинай алу-алмауын дөп басып айтпады.
03 Шілде, 2023
Түркістан музыкалық драма театрының үздік қойылымдары Арқа төрінде апта бойы салтанат құрады. Елордамыздың 25 жылдық мерейтойы һәм Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған гастрольдік сапарында еліміздегі ең жас театр таңдаулы спектакльдерін бас шаһардың талғампаз көрермендеріне тарту етеді.
03 Шілде, 2023
Үкімет есірткі бизнесіне қарсы кешенді жоспарды қабылдады
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram-парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Шілде, 2023
Ұлттық статистика бюросы ел азаматтарының саны туралы нақтыланған мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Шілде, 2023
Абай облысында тағы да өрт: Көкпекті ауданында қамыс өртеніп жатыр
Кеше күндізгі сағат 11 шамасында Көкпекті ауданы Үлгілі-Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыс өрті тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Шілде, 2023
Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды
Дәурен Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Шілде, 2023
Швецияның НАТО-ға енуі қиындай ма?
Стокгольмде Құран өртегендердің әрекеті біраз елді әбігерге түсірді. Сарапшылардың айтуынша, бұл оқиға Швецияның НАТО-ға мүшелікке өтуін тағы да күрделендіре түсетін секілді. Өйткені Түркия бұған қарсылық танытып, райынан қайтар емес. Талаптарын күшейте түсуі мүмкін. Бұған АҚШ-тың Мемлекеттік департамент өкілдері де алаңдаушылық танытып отыр.
03 Шілде, 2023
Тұқым өндірісіне жүйелі көзқарас қажет
Ғалымдар отандық тұқымды ойлап тапқанымен оны өндіріске енгізе алмай отыр. Фермерлер шетелдік сұрыпты құп көреді. Әйтсе де, өзіміздің ғалымдардың жобасы одан еш кем емес. Дегенмен шаруалар бұдан хабарсыз. Қазір Ұлттық ғылым академиясы осы мәселемен айналысып жатыр. Осы ретте Жетісуда ҚазҰАЗУ «Білім тарату орталығының» филиалы ашылады.
03 Шілде, 2023
Халқын ойлаған ел ғана өркендейді
Жуырда Астанада Қытайдың Ганьсу провинциясы кәсіпкерлерінің ауыл шаруашылығы және тағы басқа тауарларының көрмесі өтті. Онда негізінен кепкен жеміс-жидектер қойылды. Көрме Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай еліне жасаған нәтижелі сапарын негізге алып ұйымдастырылды.
03 Шілде, 2023
Маусым айында жауын-шашын жиілеп кетті де, күн райының қолайсыздығы шабындыққа шалғы салдырмады. Тіпті түн кәдімгідей салқын болып, кейбір аудандарда шөп көтерілмей қалды. Оның үстіне шаруаның көбі құрбан айттың өтуін күтіп, жаз науқанына енді ғана білек сыбанып кірісе бастады.
03 Шілде, 2023
2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні. Халқымыз «елдестірмек – елшіден» деп, дипломатияның мән-мағынасын бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеп берген. Көпвекторлы саясат ұстанатын Қазақстан бейбітсүйгіш ел екенін талай мәрте шартарапқа паш етті.
02 Шілде, 2023
Жамбыл облысы аграрлық өңір болғандықтан, шаруа қожалық басшылары науқан кезінде жемшөп жинау жұмысына мықтап кіріседі. Өткен жылы Жер-анадан рекордтық көрсеткіште мал азығын жинап алған шаруашылық жетекшілері қыстың жайлы болғанының арқасында әжептеуір жемшөп қоры қалыптасқанын айтып отыр.
02 Шілде, 2023
Осыдан екі жыл бұрын Сырдың бойында қуаңшылық болып, малды ағайынның мазасы қашқаны бар. Әсіресе дарияның етегіндегі Арал ауданындағы шаруаларға бұл қатты тиді. Теңізді өңірдегі шаруалардың біразы көршілес Ақтөбе облысының іргелес аудандарына малын айдап, қос тігіп амалдады.
02 Шілде, 2023
Қарағандыда Ұлттық домбыра күні қарсаңында академик Е.А.Бөкетов атындағы университет аумағында «Күй аллеясы» ашылды. Демалыс орнына Кетбұға, Қорқыттан бастап, халқымыздың біртуар Тәттімбет, Құрманғазы, Ықылас, Әбди, Сембек, Нұрғиса сынды күйші-композиторлардың елге танымал туындыларымен жабдықталған, барлығы 17 орындық орнатылған. Орындықтарға адам жақындаған бетте күй шырқала жөнеледі.
02 Шілде, 2023
Жазуға жорға журналист құрт қайнатып, күбі піседі
Жезқазған қаласында «Жезказганский вестник» деп аталатын газет бар. Атауы орысша болғанмен қазақ, орыс тілдерінде жарық көреді. Аймақтағы аптасына екі мәрте шығатын бірден-бір газет. Бас редакторы – Эльвира Алпанбаева. Баспасөзді дүниеге алып келген де – өзі.
02 Шілде, 2023
Ғалымжан Қырықбай «Қазақстан Барысы» чемпионы атанды
Ғалымжан Қырықбай «Қазақстан Барысы-2023» турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Шілде, 2023
Елімізде жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Шілде, 2023
Үндістанда жолаушылар автобусы өртеніп, 25 адам қаза тапты
Үндістанда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, өртенді. 25 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.
01 Шілде, 2023