Оқи отырыңыз
Өзін өзі басқарудың өзекті мәселелері
Сенатта «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңды жүзеге асыру мәселелері қаралды. Сенат жанындағы Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігімен және «Өңір» депутаттық тобымен бірлесе отырып, орталық атқарушы және жергілікті өкілді органдардың басшыларымен кездесу өткізді.
23 Сәуір, 2019
Атақты жылқышыға сыйға тартылған үйге ескерткіш тақта орнатылды
Алматы шаһарында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында кезекті бір айрықша мәдени шара өтті. Бұқар Жырау мен Ғабит Мүсірепов көшелерінің қиылысындағы көп қабатты №16 үйдің қабырғасына Социалистік Еңбек Ері, қоғам қайраткері Нәдір Жәқияұлы Биғазиевке арналған ескерткіш тақта орнатылды. Сәуірдің сіркіреген жаңбыры астында табиғат мінезін тіптен де тосырқамаған қауым жасалған бұл құрметке ризашылықпен қол соқты. Сонымен Нәдір Биғазиев кім?
23 Сәуір, 2019
Ежелгі Ерейменнің аруақ қонып, нар шөккен киелі жерлері көп. Соның бірегейі Бөгенбай батыр сөресі Ақсу кентінің шығыс жақ бетінде шамамен жиырма шақырымдай жердегі Бөгенбай елді мекенінен төрт шақырым қашықтықтағы қыраттың үстінде.
23 Сәуір, 2019
Ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қайраткер Хайдар Арыстанбекұлының туғанына – 100 жыл
«Адамгершілік – білім берудің алтын қазығы» деген сөздің түп мағынасы терең. Адамгершілік – рухани тәрбие. Ол адам бойындағы асыл қасиет. Бұл адамды мейірімділікке, Отанын, отбасын сүюге, елге адал қызмет атқаруға үйретеді. Біз халықтың нақыл сөзінен сусындаған, аталар сөзімен өсіп-өнген, даналар өсиетінен тәрбие алып, ұлылар өнегесіне тағзым еткен халықтың ұрпағымыз. Елге еңбегі сіңген, халқына қалтқысыз қызмет еткен, адамгершілігі мен парасаты мол азаматтың бірі – Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге мол үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ұстаз-ғалым, академик Хайдар Арыстанбекұлы болатын.
23 Сәуір, 2019
Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы бірлескен мәлімдеме
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
22 Сәуір, 2019
Қазақ киносындағы ұлттық болмыс киносыншының көзімен
Жалпы, кинодағы ұлттық болмыс туралы әр түрлі пікір айтылады. Тіпті біреулер кино мүлде «ұлттық» деген ұғымнан тәуелсіз болуы тиіс деген пікірді де көлденең тартады. Ал, қазақ киносының тарихы мен оның теориясы жайлы іргелі еңбектер жазған белгілі киносыншы Бауыржан Нөгербек «Киноны ұлттық па деп сұрақ қоюдың өзі парадокс болып көрінеді. Өйткені, әдебиет болсын, кино болсын, ол ұлттық болуы тиіс. Егер ондай сұрақ туындаса, онда оның ұлттық болмыс, бояуы жағынан проблемалар бар деген сөз»,- дейді.
22 Сәуір, 2019
Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ұсыныстары қаралды
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің атына мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жеке көмекшінің қызметін ұсыну мәселесі бойынша қоғам белсенділерінен шағым келіп түсті.
22 Сәуір, 2019
Алматыда «Ислам әлеміндегі татуластық» бастамасын көтерген жиын өтті
Бүгін Алматыда «Ислам әлеміндегі татуластық бастамасы: ИЫҰ мемлекеттеріндегі бейбітшілік пен шиенелістерді реттеу мүмкіндіктері» атты халықаралық семинар өтіп жатыр.
22 Сәуір, 2019
Ертең қалада көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +13°С болады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
22 Сәуір, 2019
Ақтөбе облысының әкімі жылыжай жұмысымен танысты
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қала сыртында орналасқан бірнеше жылыжай нысандарын аралады. Қазіргі таңда қызанақ, қияр егумен айналысатын жылыжайлар өз өнімдерін ішкі нарыққа және көрші Ресей еліне тасымалдайды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
22 Сәуір, 2019
Асан Базаев: Азия чемпионатынан кем дегенде екі медаль алуды жоспарлап отырмыз
23 сәуір күні велоспорттан 39-шы Азия біріншілігі басталады. Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін құрлық додасында Қазақстан басты фавориттердің бірі болмақ. Ұлттық құраманың бас бапкері Асан Базаев Азия чемпионатына дайындықты қорытындылап, команда алдындағы басты мақсаттарды атады. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
22 Сәуір, 2019
«Астана Операда» «Богема» операсының тұсауы кесілді
Дж.Пуччинидің шоқтығы биік шығармасы – «Богема» операсы «Астана Опера» сахнасында 19 және 20 сәуірде жұртшылық назарына ұсынылды деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.
22 Сәуір, 2019
Қазақстан мен Корея «Самал жел» атты жаңа экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
22 Сәуір, 2019
«Нұр-Сұлтан – таза әрі қауіпсіз қала» жалпықалалық акциясы жалғасуда
Екі айлық тазалық жұмыстарының аясында (26 наурыз бен 26 мамыр аралығы) қаланы көгалдандыру, абаттандыру және тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
22 Сәуір, 2019
«Астана-ЕРЦ» әлеуметтік желілерде өз парақшаларын іске қосты
«Астана-ЕРЦ» ЖШС өзінің «Астана ЕРЦ Бот» Facebook Bot-ын іске қосты деп xабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
22 Сәуір, 2019
Лингвистикалық комиссияның ұйымдастыру отырысы өтті
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.
22 Сәуір, 2019
Халықаралық «Алтын микрофонның» Гран-При жүлдесі Қостанайда қалды
Биыл Қостанайда халықаралық «Алтын микрофон» балалар ән байқауы 17-ші рет өтті. Онда 7 жастан 21 жасқа дейінгі жас таланттар тек Қазақстанның әр шалғайынан ғана емес, алыс-жақын шет елдерден келіп, бағын сынады. Итальяндық продюсер, композитор, «CREATIVITA SENZA FRONTIERE» халықаралық фестиваль-конкурсының директоры Микеле Поманың айтуынша, жаратылған бәйге атындай жақсы дайындалған, ылғи талантты балаларды іріктеу қиынның қиыны болды.
22 Сәуір, 2019
«Алматы марафоны» өз мәресіне жетті
2012 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келе жатқан «Алматы марафоны» биыл да аса жоғары деңгейде өтті. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан осы сайысқа қатысушылардың қарасы осы жолы да өте көп болды.
22 Сәуір, 2019
Бокс: Жүсіпов жартылай финалға шықты
Таиландтың астанасы – Бангкокта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдық сайыстар басталды.
22 Сәуір, 2019