Оқи отырыңыз
Сақтандыру индустриясында ойын тәртібі өзгеруге тиіс
Таяуда Алматыдағы алқалы жиында бас қосқан халықаралық сарапшылар «Тәуекел менеджментінің бизнеспен, экономиканың түрлі секторларымен ықпалдастығын қалай тиімді етуге болады?» деген тақырыпты талқылады. Әрісі – Лондон, берісі Ресейден келген сарапшылардың пайымдауынша, 2019 жылғы назар аударылуға тиіс мәселелер осы күнге дейінгілерге мүлдем ұқсамайды. Мұндай болжам айтуға 2018 жылғы экономикада байқалған факторлар себеп болып отыр.
30 Сәуір, 2019
Отандық білім жүйесіне батыс мектебінің бар жақсысын енгізу қажет
Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тармақтарының бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Биыл осы жобаның 2-кезеңі аяқталып, 30 оқулық көпшілікке таныстырылды. Солардың қатарында батыс мектебінің ең үздік оқулықтарының бірі, халықаралық британдық заңгер Малколм Шоның «Халықаралық құқық» (International Law, Malcolm N.Shaw) еңбегінің сегізінші басылымы аударылды.
30 Сәуір, 2019
Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында «Атқа міну мәдениеті» тарихын жіті, жетік толғай отырып: «Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды» деп, немесе: «Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы...», деп тайға таң басқандай етіп жазады.
30 Сәуір, 2019
Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы жаңа маусымға дайындықты бастады
Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы жаңа маусымға дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
30 Сәуір, 2019
Қоржынкөл стансасының оңтүстік жақ бетінде шамамен он шақырымдай жерде Мыңшұңқыр қорымы бар. Осы қорымда Алаштың небір жақсы-жайсаңы мәңгілік тыныштық құшағына бөленген. Көп жақсының бірі, жыраулық поэзияның көрнекті өкілі, жалынды жыршы, данагөй абыз Үмбетей жырау да осы жерде жерленген.
30 Сәуір, 2019
Елімізде «Тек рецепт бойынша» атты бір айлық акция басталды
Дәрі-дәрмекті рецептісіз тарату өте қауіпті екенін түсіндіру мақсатында, Денсаулық сақтау министрлігі «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» фармацевтерге препараттарды тек дәрігердің кеңесімен таратуға, ал науқастарды осы ережені қатаң сақтауға шақырады. Осы мақсатта «Тек рецепт бойынша» атты айлық акция басталды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
30 Сәуір, 2019
Дзюдодан Бакудегі «Grand Slam» турниріне қатысатын Қазақстан құрамы анықталды
11-12 мамыр күндері Әзірбайжан астанасы Бакуде дзюдодан әлемдік «Grand Slam» кезеңі басталады. Әлемнің 60 мемлекетінен 500-ден аса спортшы бақ сынайтын додада қазақстандық балуандар да бақ сынайды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлайды.
30 Сәуір, 2019
Теннисші Тимур Хабибулин ITF Futures сериясы аясындағы турнирде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Тимур Хабибулин өзбекстандық Андижан қаласындағы ITF Futures сериясы аясындағы турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
30 Сәуір, 2019
Нұр-Сұлтанда қазақстандық-венгерлік бизнес-форум басталды
Венгрия премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варганың ресми сапары шеңберінде қазақстандық-венгерлік бизнес-форум басталды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
30 Сәуір, 2019
Түркістандағы әкімшілік лауазымдар жәрмеңкесінде 500-ге жуық жұмыс орны ұсынылды
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Облыс әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар жәрмеңкесі» өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
30 Сәуір, 2019
Түлкібаста 3500 адамды жұмыспен қамтитын 7 жоба іске қосылады
Түркістан облысы Түлкібас ауданында 2019-2020 жылдары жалпы құны 98,2 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылып, 3500 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
30 Сәуір, 2019
Асқар Мамин Ереванда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады
2019 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ереван қаласында (Армения) Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
29 Сәуір, 2019
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтті
«Hilton Astana» қонақ үйінде Мажарстан Премьер – Министрінің орынбасары-Қаржы министрі Михай Варганың Қазақстан Республикасына сапары аясында Қазақстан-Мажарстан бизнес-инвестициялық форумы өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
29 Сәуір, 2019
Еуразиялық банк «Орда» ипотекасы бойынша ҚИК-ке серіктес болды
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ (бұдан әрі – ҚИК) және «Еуразиялық банк» АҚ «Орда» ипотекалық өнімін іске асыру аясында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Банк ҚИК-тің ипотекалық өнімі бойынша клиенттерге кеңес беру, жылжымайтын мүлік сатып алуға ипотекалық қарыздарды рәсімдеу және берумен айналысатын Компанияның бесiнші агенті болды.
29 Сәуір, 2019
Нұр-Сұлтан қаласында студенттер жатақханаларын салуға 16 жер телімі бөлінді — БҒМ
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жатақханаларға қажеттілік 17 636 орынды құрайды. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясы барысында ҚР білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
29 Сәуір, 2019
Алматыда жұмыспен қамту жәрмеңкесі өтті
Бүгінде ел жастарын толықтай жұмыспен қамту күн тәртібіндегі маңызды мәселеге айналып отырғаны жасырын емес. Биыл бұл істі мүмкіндігінше жолға қоюға үлкен күш жұмсалуға тиіс екенін Елбасы Жастар жылының ресми ашылу салтанатында баса айтқан болатын. Алматыдағы «Арбат» алаңында бос орындар жәрмеңкесі өтіп, оған бес мыңнан астам жұмыссыз жас қатысты. Оның жартысына жуығы еңбек пен оқуды қатар ұштастырсақ деген жоғарғы курс студенттері.
29 Сәуір, 2019
Қостанайдың таңдауы – Әбілмәнсүр!
Биыл төртінші рет өтіп отырған «Бала даусы» балалардың дәстүрлі ән байқауы Қостанайға да келді. Осы байқау үшін кастингке облыстың барлық шалғайынан өнерлі балалар қатысты. Олардың барлығы да талантты. Бірақ өнер жарысының шарты бойынша «Бала дауысы – 2019» байқауының кезекті финалисі болып өңірден бір әнші ғана таңдалуы керек.
29 Сәуір, 2019
Мемлекеттік қызметкерлер ақын Ерекен Қорабаевпен кездесті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен маңғыстаулық ақын, сазгер, балалар жазушысы, сатирик, Халықаралық «Алтын қалам» байқауының жүлдегері Ерекен Қорабаевпен кездесу өткізді.
29 Сәуір, 2019
Қостанай облысында мектеп оқушыларының дәстүрлі айтысы өтті
Облыста 1992 жылдан бері үзілмей келе жатқан «Жас тұлпар» мектеп оқушылары айтысы биыл Ұзынкөл ауданында өтті, белгілі ақын Ф.Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына арналды. Оған жыл сайын Облыстық білім, мәдениет басқармалары мен басқармасы, аймақтық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы қолдау көрсетеді. Биылғы айтыс «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
29 Сәуір, 2019
Маңғыстауда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 65 пайызға төмендеген
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айжақсы Тұржанова мәлімдеді.
29 Сәуір, 2019