Оқи отырыңыз
Имантау-Шалқар курорттық аймағы Арыс қаласынан 50 баланы қабылдауға әзір
Айыртау ауданындағы «Чайка» балалар демалыс лагері 6 шілдеден бастап Арыс қаласынан 50 балдырғанды қабылдай бастайды.
26 Маусым, 2019
Солтүстік Қазақстанда спорт колледжі ашылады
Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде аймақ басшысы Құмар Ақсақалов осылай мәлімдеді.
26 Маусым, 2019
Арыста көз жұмған үшінші адамның артында әйелі мен баласы қалды
Арыстағы жарылыстан қаза тапқан үшінші адам 32 жастағы әскери қызметкер болған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
26 Маусым, 2019
Мұхтар Аюбаев жаңа қызметке тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Мұхтар Аюбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
26 Маусым, 2019
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының үш орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімдерімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасарлары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
26 Маусым, 2019
Мәжіліс шекара маңында тұратын қазақстандықтар үшін маңызды құжатты мақұлдады
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстанның және Ресейдің шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
26 Маусым, 2019
Тұтынушыларға жылу ақысы артық есептеліпті
Монополистер тарапынан коммуналдық төлемдерді төлеу барысында қашан да асыра сілтеу болып жатады. Үй иелері үйінде болмаған жағдайда инспекторлар есептеу құралдарындағы құнынан артық көрсетіп жатады. Ал, бұл жағдай одан өзгерек.
26 Маусым, 2019
Абай туралы тың деректер легі тағы да толықты
Семейде Абай туралы естеліктері бар ескі кітаптар мен мақалалардың көшірмесі таныстырылды. Олардың барлығы да татар тілінде екен. Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің қызметкерлері Қазан қаласына сапарлары кезінде ала келіпті. Н.И. Лобачавский атындағы Қазан мемлекеттік университетінің архивінен ақын шығармашылығына байланысты көптеген құнды дүниелер табылған.
26 Маусым, 2019
Қызылордалық еріктілер көмекке келді
Арыстағы жағдай бір қаланың тұрғындарын ғана емес тұтас елдің қабырғасын қайыстырып жіберді. Жағдай тұрақталып келеді деп дәтке қуат еткенімен өз үйіне орала алмай отырған қала тұрғындарына көмек әлі де керек. Сондықтан да «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның 20-ға жуық еріктілері қол ұшын беруге Шымкент қаласына келді.
26 Маусым, 2019
Busworld Central Asia 2019 көрмесі заманауи көліктермен ерекшеленді
Орталық Азияның автобус көлігі жүйесін дамытуға арналған Busworld Central Asia 2019 көрме алаңында Швеция, Түркия, Қытай, т.б. әлемнің 35 елінен қала ішілік, туристік бағыттағы автобустар мен қатар қызмет көрсету, оларға қажетті құрал-жабдық кешендері сала мамандарының назарына ұсынылды.
26 Маусым, 2019
Семейліктер Арыс тұрғындарына көмек қолын созды
Арыс қаласындағы орын алған жағдайға орай Семейде де гумнитарлық көмек көрсетуге арналған пункт ашылды. Алғашқы көмек көрсетуге қажетті заттардың тізімінде, гигиеналық заттар, консервілер, дәнді дақылдар мен макарон, су, балаларға арналған киімдер, көрпе және көрпешелер өткізуге болатынын Семейдегі Жақия Шәйжүнісов көшесі, 138 үйде орналасқан «Нұр Отан» партиясы филиалының көмекшілері хабарлайды.
26 Маусым, 2019
Семейліктер республикалық «Айбын-2019» жеңімпаздарын қарсы алды
Семей қаласының Орталық теміржол вокзалында V-інші «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында бірінші орынды иеленген «Шығыс» Өңірлік қолбасшылығының «Шығыс» әскери-патриоттық клубы мүшелерін салтанатты түрде күтіп алды. Әкери-патриоттық жиын Қазақстан Қарулы Күштерінің және басқа да әскери құрылымдарды арасында өткен болатын.
26 Маусым, 2019
Тап қазір 25 «отбасы», 35 «баласы» бар әке туралы айтсам не дер екенсіз?! Жапонияда. Жалғыздықпен күресудің, әлде құтылудың соны тәсілі тарап жатқан көрінеді.
26 Маусым, 2019
Караоке-такси қызметі жергілікті тұрғындар тарапынан сұранысқа ие
Өркениет жаңалықтарынан қалғысы келмеген өңірдегі тұңғыш «караоке-таксист» ауылдастарына жаңа қызмет түрін ұсынып отыр.
26 Маусым, 2019
Багаевтан қалған бағалы шежіре
Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақстандық белгілі фотограф-өлкетанушы Дмитрий Багаевтың үздік деген жұмыстарының «Бір сәт және бүкіл өмір» атты көрмесі ашылды.
26 Маусым, 2019
Маңғыстауда жоғалған адамдар табылды
2019 жылдың 20 маусымында Жаңаөзен қаласының тұрғындары 1967 жылы туылған қос азамат «Газель» автокөлігімен Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Оймауыт ауылына мал алып келуге жолға шыққан. Тумаларының айтуы бойынша, 21 маусым күні сағат 08.30-да Бейнеу ауданы Боранқұл ауылынан шыққандығы туралы телефонмен хабарлаған. Содан кейін хабар болмаған.
26 Маусым, 2019
«Shymkent Bus» автобус паркі ашылды
Шымкентте қала күніне орай муниципалды автобус паркі ашылды. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әлеуметтік жобаның лентасын қиып, парк ішін аралап көрді.
26 Маусым, 2019
«Блэйз», «Тип-Топ» бишілері топ жарды
Облыс орталығындағы Оқушылар сарайының кішкентай бишілері жазғы каникул күндерінің бір аптасын Пелопоннес түбегінде өткізді. Олар осындағы Лутраки курортында «Толқын әуендері. Грекия-2019» атты ән фестиваліне қатысты.
26 Маусым, 2019
Медициналық мекемелер жұмылдырылды
Арыстағы апат салдарынан медициналық көмекке жүгінген адамдардың саны белгілі болды. Өкінішке қарай, қаза тапқан адамдардың саны екеуге жетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев және Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында хабарланды.
26 Маусым, 2019
Бір күндік жалақыларын аударды
Парламенттің Жоғарғы палатасы Арыстағы апатқа байланысты жапа шеккен халыққа көңіл айтып, көмек қолын созды. Сенат депутаттары мен аппаратының қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын төтенше оқиғадан зардап шеккендерге аударды.
26 Маусым, 2019