Оқи отырыңыз
Әлем чемпионаты: Бүгін жеті боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокстан Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін жеті қазақстандық боксшы сынға түседі. Олардың арасында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев та бар. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
17 Қыркүйек, 2019
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі позицияларын жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
17 Қыркүйек, 2019
Үкіметте Жамбыл облысының жеке қосалқы шаруашылықтарын қолдау бойынша пилоттық жоба талқыланды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында ауылдарда жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау арқылы Жамбыл облысының тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру жолдары қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
17 Қыркүйек, 2019
Ақтаудағы эндохирургтер Конгресі: Оталар сәтті басталды
Ақтау қаласында өтіп жатқан Каспий маңы мемлекеттерінің 1-ші пәнаралық эндохирургиялық Конгресі аясында Франция, Ресей, Украина және Қазақстанның онколог және гинеколог дәрігерлері ғылыми – практикалық сессия барысында өзара пікір алмасып, шеберлік-класын өткізіп, бірнеше отаны сәтті бастап кетті. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
17 Қыркүйек, 2019
«Шығыс-2019» халықаралық оқу-жаттығуы өткізілуде
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының «Шығыс» оқу полигонынының саптық алаңында «Шығыс-2019» шұғыл тактикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оқу жаттығуға Ресей Федерациясының Орталық әскери округының, Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері, Қазақстан Қарулы күштерінің Әуе қорғаныс күштері, Ұлттық гвардия мен Ұлттық қорғаныс комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері қатысуда. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметінен капитан Рустем Игисинов хабарлады.
17 Қыркүйек, 2019
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы Қазақстанның «Doing Business» рейтингіндегі, сондай-ақ Жаһандық логистикалық тиімділік рейтингіндегі (LPI) позициясын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
17 Қыркүйек, 2019
Биыл 2 миллионнан астам қазақстандыққа АӘК тағайындалды
Бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 2 млн 87 мың 400 адамға (405 мың 600 отбасы) тағайындалды, оның ішінде 1 млн 302 мың 500 бала (олардың үлесі барлық алушылардың 62,4% - ын құрайды). Алушылар құрамындағы көп балалы отбасылар шамамен 40% - ды құрайды (161,6 мың отбасы немесе 1 млн 71,6 мың адам). Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
17 Қыркүйек, 2019
Елордада жалпықалалық сенбілік өтеді
21 қыркүйек күні елордада Дүниежүзілік тазалық және Ағаш отырғызу күніне орай жалпықалалық сенбілік өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
17 Қыркүйек, 2019
Руслан Дәленов: Қазақстан «Doing Business» рейтингінде 28-орында
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі және басқа да халықаралық рейтингтердегі Қазақстанның позицияларын жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
17 Қыркүйек, 2019
Елорда төрінде өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим стилі бойынша сынға түскен балуандар ел қоржынын қос медальмен толтырды.
17 Қыркүйек, 2019
Қазақ даласында 10 жыл ат үстінде
Таяуда елімізге, соның ішінде Ақтөбе аймағына арнайы сапармен келген халықаралық «Көкпар» федерациясының вице-президенті, венгриялық шабандоз Бенце Иштванмен аз-кем сырласып, ой-пікір алмасудың сәті түсті. Биыл Қазақстанға төртінші рет келіп отырған бауырымызға о бастан-ақ халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлері қатты ұнапты. Қазақстанға келу – мен үшін мереке. Бұл менің екінші елім. Сол себепті әр қазаққа құрметпен қарап, азаматтық борышымды атқарып жүрмін деп ағынан жарылды ол кездесу кезінде.
17 Қыркүйек, 2019
Асқар Шәкіров БҰҰ Бас хатшысының жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі арнаулы уәкілімен кездесті
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров БҰҰ Бас хатшысының жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі арнаулы уәкілі Жан Тодтпен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
17 Қыркүйек, 2019
Алматыда «Қуыршақтар шоуы» басталды
Қала күнін мерекелеу аясында 12-19 қыркүйек аралығында Мемлекеттік қуыршақ театры көңілді көрсетілімдер ұсынады. Бұл туралы Алматы қаласының баспасөз қызметі хабарлады.
17 Қыркүйек, 2019
Өмірде көп нәрсеге онша мән бермеуден, шаң-тозаңдай ұсаққа, жүйесіз бос сөзге балап, елемей, селқос қарауымыздың салдарынан нәрлі, құнарлы топырағымыздан ажырап, ежелгі салт-дәстүрімізден, әдет-ғұрпымыздан қол үзіп қала жаздап тұрғанымыз өкінішті, әрине. Мұны айтып отырған себебіміз, дәмханалар мен мейрамханаларды, супермаркеттер мен көпшілік шоғырланатын басқа да сауда үйлерін көбіне шетелдік жылауық, уайымшыл әнсымақтардың жаулап алғанын көргенде, өзіңізді бейнебір бөтен елде жүргендей сезінесің.
17 Қыркүйек, 2019
Қарағанды облысында Нұра ауданының әкімі тағайындалды
Қарағанды облысындағы Нұра ауданының әкімі болып Аян Шалмағанбетов тағайындалды.
17 Қыркүйек, 2019
Бурабай баурайында «Әке – отбасының тірегі» атты ІV республикалық әкелер форумы өтті. Маңызды шараға мұрындық болған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, Ақмола облысының әкімдігі, «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі мен «Құқық» қоғамдық қоры бүгінгі таңдағы ең бір өзекті мәселелерді көп болып кеңесіп, талқылады.
17 Қыркүйек, 2019
Ұлтымыздың шынайы тарихын жазу үшін үлкен теориялық-методологиялық дайындықпен қатар, бай тарихи деректер қоры болуы шарт. Алайда тарихи деректерге, құжаттарға қол жеткізу үлкен мәселе екендігі белгілі. Біздің Отан тарихына, әсіресе ерте және ортағасырлық тарихымызға қатысты көптеген деректер шетел мұрағаттары мен кітап қорларында сақтаулы. Қазіргі күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді түгендеуге, оның көкжиегін кеңейтуге рухани болмысымызды бүтіндеуге бағытталған іргелі шаралар атқарылып жатыр. Мысалы, Қазақ елінің ортағасырлық тарихы бойынша көп жазба деректер қытай, парсы, араб, шағатай тілдерінде жазылған. Бұл қолжазбалар негізінен Мысыр, Үндістан, Иран, Тәжікстан, Армения, Өзбекстан, Қытай, Ресей елдерінде сақталған.
17 Қыркүйек, 2019
Еліміздің білім саласындағы сарапшылары Жолдауға қатысты хат жолдады
Редакциямыздың хат-қоржынына еліміздің білім саласындағы сарапшыларының атынан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелерге қолдау білдірген хат келіп түсті. Біз хат мәтінін толық ұсынғанды жөн көрдік.
17 Қыркүйек, 2019
әл-Фараби: Ізгілікті (қайырымды) қала тұрғындарының көзқарастары
Биыл Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығымен әл-Фарабидің 1150 жылдығына дайындық жұмыстары басталып кетті. Осы мақсатта арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Келер жылы Ұлы даладан шыққан ғұламаның мерейтойы ЮНЕСКО, ИСЕСКО сынды халықаралық ұйымдардың аясында әлемдік деңгейде атап өтіледі. Осыған орай, «Egemen Qazaqstan» газеті данышпан бабамыздың ең әйгілі еңбегі – «Қайырымды қала тұрғындары» атты трактатының араб тіліндегі түпнұсқасынан алғаш рет қазақ тіліне аударылған негізгі бөлімдерінен үзіндіні оқырман назарына ұсынып отыр.
17 Қыркүйек, 2019
Шамалғандағы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
16 Қыркүйек, 2019