Оқи отырыңыз
Ер-азаматты «бұзатын» әйелдің 5 қателігі
Кейде қыз-келіншектердің қиялында не бар екеніне ер-азаматтардың ақылы жете бермейтіні рас қой. Көп жағдайда әйел мен ерлердің пайымдары қабыса бермейді. Оның үстіне әйел деген күйеудің миын жеу, жігерлендіру, жетістікке жетелеуді өзінің басты міндеті деп біледі. Алайда әйелді өмір сүруге құштар ететін қарапайым жайттарды ер-азаматтар мүлде түсінбеуі де, тіпті қабылдамауы да ғажап емес.
03 Қазан, 2019
Қазақстанда тарының қалай пайда болғаны анықталды
Назарбаев Университеті, Алматы қаласындағы Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты, Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университеті және Германиядағы Киль университеті ғалымдарының жаңа зерттеулері Ішкі Азия таулары арқылы тарыны алғашқы өткізу мал жаю мен өсімдік өсіру арасындағы тығыз байланыспен сәйкес келгенін көрсетеді.
03 Қазан, 2019
Дәрігерлер дертіне шипа іздеген жандарға кәсіби көмек көрсететін бірден бір мамандық иелері болғандықтан қай кезеңде, қай қоғамда болсын ерекше құрметке бөленген. Алайда, халықтың ықыласы мен сенімінің бір күнде қалыптаспайтыны, тиісінше кәсіби білім мен ұзақ жылдар жан аямастан атқарылған қажырлы жұмыс арқылы келетіні белгілі. Тарихы қатпар еліміздің денсаулық саласында халықтың шынайы ықыласына ие болып, ерекше құрмет көрген сондай ақ халатты абзал жандардың қатары аз емес. Бүгінгі мақала қилы өмір соқпақтары еліміздің орталық және шығыс аймақтарымен қауыштырған, ХІХ ғасырда ғұмыр кешкен білікті дәрігер, зиялы әрі жаны жайсаң жан Цезари Тэраевичке арналып отыр.
03 Қазан, 2019
Ауданымыздың шаруа қожалықтары бос жатқан жерлерді игеріп, көп жылдық шөп өсіруге кірісті. «Игілік», «Қайнар» шаруашылықтары көпжылдық шөп егуді жүзеге асырғанына біраз жылдың жүзі болса да, кейін бұл істі аяқсыз қалдырған. Ал Бірік ауылдық округіне қарасты «Қайрат» шаруа қожалығы 135 гектар жерге көпжылдық шөптің тұқымын сеуіп жатыр. Шаруашылық жетекшісі, еңбекқор жас Әділхан Зайнушев осы бір іспен айналысуда.
03 Қазан, 2019
Түркістанда азық-түлік белдеуі қалыптастырылуда
Түркістанда 2500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, жыл сайын қосымша 30 млрд теңгелік ауылшаруашылық өнімі өндірілетін болады. Осы мақсатта бүгінде жалпы құны 62,9 млрд теңге болатын 7 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жұмыстары қолға алынған.
03 Қазан, 2019
Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның өмірден озғанына – 1 жыл
Шерхан Мұртаза! Бұл есімнің халық жадында жатталғанына елу жылдан асып кетті. Сол елу жылда әдебиет пен журналистикаға небір таланттар келіп қосылды. Бірақ олардың арасында Шерхан жұлдызы еш көмескіленбей, қайта бұрынғыдан да жарқырап, әр жүрекке нұр құя түсті. Бір кезде «айналасы жұп-жұмыр тегіс келген» әңгімелерден бастаған жазушы қазақ әдебиетіне көп томдық роман әкелген санаулы қаламгердің биігіне көтерілді. Қызметін баспаның редакторлығынан бастап, ұзақ жылдар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшысы, Парламент депутаты болып, қаламгерлік пен қайраткерлікті қатар алып жүрді.
03 Қазан, 2019
Адам саудасына қарсы ынтымақтастық
«Адам саудасы және мигранттарды заңсыз әкелу нәтижесінде алынған заңсыз қаржы ағынының жолын кесу үшін халықаралық және өңірлік ынтымақтастық» тақырыбында семинар өтті. Оны Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы БҰҰ ЕҚБ-мен бірлесіп ұйымдастырды.
03 Қазан, 2019
«Баланың бәрі азамат болу үшін жаралған»
«Сәбидің бәрі бақытты болу үшін жаралған» деп ән қанатымен тербегендей, дүниеге келген сәбиді Жаратқан анадан туғанда алаламайды. Шыр ете түскен шақалақ өзінің алғашқы айғайымен-ақ мына дүниеге жаңа бір азаматтың келгенін әйгілейді. Бірақ мына заманда туа салысымен құжатталып, қайда, қашан туғаны анықталмаған сәбидің кейінгі өмірде аттап басқан сайын алдынан қиындық шығады.
03 Қазан, 2019
Еттің бағасы күн санап қымбаттап барады
Еттің бағасы күн санап қымбаттап барады. Сиыр етінің қара базардағы көтерме бағасы 1900 теңгеден асса, қой етінің бір келісі 1600, ал жылқы еті 2200 теңгеден түспей тұр. Бұл баға былтырғы жылдың осы мезгілімен мен салыстырғанда 20-30 пайызға жоғары.
03 Қазан, 2019
Табысын жасырғандар тасада қалмайды
Жеке табыс салығын төлемей, тұрғын үйді жалға беретін жеке тұлғаларды анықтау бойынша Ішкі істер министрлігінің бұйрығы негізінде мемлекеттік кірістер органдары мен ішкі істер органдары өзара бірігіп жұмыс істеуі тиіс. Алайда осы күнге дейін Шымкент қаласының полиция департаменті тарапынан бірде-бір адам бойынша мәлімет ұсынылмаған.
03 Қазан, 2019
Емле ережелерін оқыту сыныптары ашылды
«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында 2025 жылға дейін қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіруге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жаңа әліпбидің емле ережелерін үйретуге арналған оқыту сыныптары ашылды. Мұндағы мақсат латын негізді жаңа қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, жаңалықтарын, емле нормаларының ғылыми негіздерін меңгерген, ересек аудиторияға оқытып, түсіндіре алатын білікті оқытушылар дайындауға мүмкіндік жасау.
03 Қазан, 2019
Ұлттық терминология мәселесі талқыланды
Алматыда Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Терминдерді іріктеудің критерийлері мен принциптері» атты республикалық әдістемелік семинар болып өтті.
03 Қазан, 2019
Көнеден жеткен жыр-дастандар – өскелең ұрпақты ұлт мұрасын ұлықтауға тәрбиелейтін айрықша құрал. Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының қалалық кезеңі мәреге жетті. Қалың көпшілікті саф өнерге сусындатқан жыр додасы «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының аясында қала әкімдігінің қолдауымен өтіп отыр.
03 Қазан, 2019
Қазақстанның даму бағыты айқын
Коммунистердің 70 жылдық билігі Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени құрылымына күшті ықпалын тигізді. Бірақ арада Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ішкі және сыртқы салаларда ірі жетістіктерге қол жеткізуіне куә болып отырмыз. Соңғы жылдарда Қазақстанда саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістер оң бағытта дамыды.
03 Қазан, 2019
Болашақ ұрпақ саулығының іргетасы
Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі іске қосылады. Президенттің Жолдауында жария етілген бұл жаңалық медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етумен байланысты. Жаңа жүйе арқылы халықты медициналық көмекке негізсіз жұмсалатын артық шығыннан арылтуға мүмкіндік туады.
03 Қазан, 2019
Саяси жаңғырудың қос міндеті: сабақтастық пен тұрақтылық
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды», деп биылғы жылдың 2 қыркүйегі күнгі алғашқы Жолдауының әлқиссасында атап көрсетуі біздің тәуелсіздік жолымен жүріп өткен кезеңімізге берілген әділ баға деп пайымдаймыз. Қ.Тоқаевтың өзінің президенттік қызметіне кіріскен сәтінен бастап Елбасының саясатын жалғастыратындығын ашық мәлімдеуі де тәуелсіздіктің баянды болуының тағдырын тереңнен ойлаған пайымды да парасатты шешімі еді.
03 Қазан, 2019
Жігермен істеген жұмыстың жемісі мол болады
Бағуын білсең, бабын тапсаң, төрт түлік мал – табыстың көзі. Жас кәсіпкер, жас та болса «Ерасыл» шаруа қожалығының басшысы Медет Бақдәулет ата кәсіппен айналысып, шаруасын дөңгелетіп отырған жандардың бірі.
03 Қазан, 2019
Көктем, жаз айларында күн райының қайта-қайта құбылғаны диқандарға ауыр тиді. Қазір де егістік алқаптарындағы күзгі жиын-терім қиынға түсуде. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров республика бойынша 12,4 млн гектар алқапта егін орылғанын мәлімдеді. 2018 жылға қарағанда биыл өнім 15 пайыз аз жиналуы мүмкін. Бұл жағдай нанның қымбаттауына ықпал етуі ықтимал, деді ведомство өкілі.
03 Қазан, 2019
«Астана» ХҚО ақтаулықтармен кездесті
Қаржылық сауаттылық және нарықтық экономика талаптарына сай заманауи үдерістерге лайық болу – заман талабы. Инвесторлардың халықаралық апталығына орай «Астана» ХҚО өкілдері 1 қазанда Ақтау қаласында кездесу өткізді.
03 Қазан, 2019
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда өнімін экспортқа шығаратындарға мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігін барынша арттыру керек екенін айтқаны белгілі. Бұл ауыл шаруашылығы саласына да тікелей қатысты тапсырма. Осы бағытта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың қатарында елімізде етті мал шаруашылығын дамытуға арналған «Сыбаға» бағдарламасын атап өтуге болады.
03 Қазан, 2019