Оқи отырыңыз
Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жібек жолы бойындағы сұхбат – 2019» халықаралық мәдениеттану жобасы аясында Тараз қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында «Жаңғыру. Орта Азия халықтарының тарихи және заманауи тағылымы» тақырыбында шара өтті.
08 Қазан, 2019
Роман Скляр Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысты
Германия астанасы Берлин қаласында 7 қазанда маңызды халықаралық іс-шара өтті. Негізгі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың өкілдерінен тұратын қазақстандық делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр бастап барды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
08 Қазан, 2019
Түркістан облысында мемлекет және қоғам қайраткерлері Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұловтың еңбектерін, өнегелі өмірін ел арасында насихаттау мақсатында Nur Otan партиясының бастамасымен, аудан әкімдіктерінің қолдауымен «Ақсүмбе мен Ақсу-Жабағылы арасы» атты экспедиция ұйымдастырылып, танымдық-тағылымдық іс-шаралар өткізілді. Созақ ауданынан бастау алған мерейтойлық іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мархабат Байғұт, қоғам қайраткері, Созақ ауданының Құрметті азаматы Қуаныш Айтаханов, аудан әкімі Салыхан Полатов, Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, зиялы қауым өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.
08 Қазан, 2019
«Сарыарқа» газ құбыры кешікпей келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында алға қойылған міндеттердің бірі халықты көгілдір отынмен қамту мәселесіне арналған болатын. Президент Жолдауда да еліміздің бас қаласына, солтүстік және орталық өңірлерге газ тарту жұмысына ерекше тоқталған.
08 Қазан, 2019
Дариға НАЗАРБАЕВА: Халықпен жұмыста атүстілік пен салғырттықтан арылу керек
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келген болатын, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
08 Қазан, 2019
Бағдарлама баспана мәселесін толықтай шеше ала ма?
Кеше Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыру барысы туралы жан-жақты талқыланды.
08 Қазан, 2019
Құм көшкінін сексеуіл тоқтатады
«Тілсіз жауға жаланған, төтеп беріп кеште бұл. Жолды сақтап бораннан, қалды қалың сексеуіл» деген Сырбай Мәуленовтің ғажап жырына арқау болған сексеуіл әзелден құм суырған даладағы жолдың сорабын сақтауға қызмет етіп келе жатқан қайсар өсімдік. Кейінгі кезде пайдалануға берілген «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолының да құм түтіп жейтін шөлейтті учаскелеріне Аралды құтқару қорымен бірге осы бір өсімтал ағашты егу жоспарланып отыр екен. Бұл асфальт жабындысын күннің ыстығы мен тұзды шаң-тозаңның қонуынан, құм көшінен сақтайтын көрінеді.
08 Қазан, 2019
2020 жылы Нұр-Сұлтанда түркі әлемі елдерінің жастары арасында ақындар мүшәйрасы өтеді
Бүгін ел астанасындағы «Оқушылар сарайында» жас ақындарға арналған «Біз жастарға сенеміз» атты мүшәйраның марапаттау рәсімі өтті. Келесі жылы бұл бәйге Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойына орайластырылып, Түркі әлемі елдерінің жастары арасында өтетін болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
07 Қазан, 2019
Қазақстан Парламенті Сенатының делегациясы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының күзгі сессиясына қатысты
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Төлеубек Мұқашев бастаған қазақстандық делегация Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Марракеште (Марроко) өткен күзгі сессиясына қатысты.
07 Қазан, 2019
Дариға Назарбаева: Халықпен жұмыста атүстілік пен салғырттықтан арылу керек
Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында облыстық мәслихат Депутаттарымен кездесті.
07 Қазан, 2019
Атырауға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-Министрі бастаған комиссия келді
07 Қазан, 2019
Қазақ әдебиетінің «Үш бәйтерегіне» арналған конференция өтті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғалары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Үш бәйтерек мұраты және әдеби дәстүр сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
07 Қазан, 2019
Үкіметте азаматтық авиацияны дамыту және әуе билеттерінің бағасын төмендету мәселелері қаралды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында азаматтық авиацияны дамыту мәселелері және әуе билеттерінің бағасын одан әрі төмендету шаралары қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
07 Қазан, 2019
Үкіметте атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері қаралды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айқындық, әділеттілік және еңбекке ынталандыру қағидаттарына негізделген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
07 Қазан, 2019
Асанәлі Әшімов – «Ең үздік ер адам»
Қазақ театры мен кино өнерінің мақтанышы, КСРО халық әртісі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімов жақында ғана Анапа қаласында өткен ХХVІІІ халықаралық «Киношок» кинофестивалінде «Ең үздік ер адам рөлі» жүлдесін жеңіп алды. Қазақ киносының мэтрі бұл жүлдені режиссер Қуат Ахметовтің «Аруақ» фильміндегі Ағатай қарттың рөлі үшін иеленді.
07 Қазан, 2019
Теміртау қаласында өткен республикалық «Жұлдыз-2019» эстрадалық ән байқауында Ақмола, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар, Жамбыл, Қарағанды облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан келген 25 орындаушы бақ сынады.
07 Қазан, 2019
Көкшені көркем әнмен көрікті етті
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының өнер маусымы Біржан салдың 185 жылдығына арналған «Гәккулеткен, аққу жеткен Көкшетау» атты ІV өңіраралық фестивалімен ашылды.
07 Қазан, 2019
Сахнаға «Алтын шуақ» ақтарылды
Қазақстанның Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбайдың алғашқы тырнақалды туындысы, яғни өлең кітабы осылай аталғаны белгілі.
07 Қазан, 2019
Зиярат туризмін дамытуға мүдделі
Өзбекстанның туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің зиярат туризмін дамыту бөлімінің бас маманы Сайдкомил Халходжаев Алматыға келген сапарында көне Түркістан Түркі мемлекеттері арасындағы сопылық ілімінің негізі қаланған орталық деуге болатынын айтты. Оның айтуынша, Ахмет Ясауи кесенесі мен оның тарихын, ұлы ойшылдың ілімін үйрену мен ислам мұралары түркі халықтары үшін ғана емес, әлем жұртшылығы үшін де қызықты.
07 Қазан, 2019
Отандық туризмді халықаралық аренаға көтерудің төте жолы
Жолдауды айтқанда көзден таса қалған бір маңызды тұсы бар екен. Ол – туризм туралы айтылғаны. Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауында «Туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға экономиканың маңызды саласы ретінде баса мән беру қажет», деген еді.
07 Қазан, 2019