Оқи отырыңыз
«Барыс» овертаймда басым түсті
Елорданың «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясындағы кезекті тур ойынын «Барыс Аренада» Мәскеу облысының «Витязь» командасына қарсы өткізіп, 3:2 есебімен басым түсті.
22 Қазан, 2019
Балуандар Әбу-Дабиде белдеседі
24-26 қазан күндері Біріккен Араб Әмірліктері астанасы Әбу-Дабиде дзюдодан Grand Slam жарысының кезекті кезеңі өтеді. Халықаралық бәсекеге 104 елден 600-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Ал Әбу-Даби татамиінде ел намысын 16 дзюдошы қорғайды.
22 Қазан, 2019
«Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен»
«Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен» деп жырлаған ақын Нұрхан Ахметбеков өлеңінің жолымен аталған І республикалық дәстүрлі әндер байқауы өзге шаралардан ерекше еді. Алдымен, бұл Нұржан Наушабайұлы әндерінен өткен республикалық деңгейдегі тұңғыш шара болатын.
22 Қазан, 2019
Асылында, ақын атаулы құс текті. Шабыт қанатында шарықтайды, шырқау биікке шығады, ғаламды қиялымен кезеді. Сондықтан да болса керек, қазақ халқы талантты қыздарын құрметтеп, Фариза Оңғарсынованы – сандуғашқа, Ақұштап Бақтыгерееваны – шағалаға теңесе, Марфуға Айтқожинаны «аққу ақын» деп ардақтады. «Аққулы мекен, гәккулі мекен» Жайыққа бұрын-соңды жолы түспеген Марфуға Айтқожина Атырауда өткен шығармашылық кешінде ағынан ақтарылды. Болмысы да құс падишасы секілді бекзада ақын сахна төрінде шабыттана жыр оқыды.
22 Қазан, 2019
Қазіргі кезеңде әлемнің ықпалды мемлекеттерінің арасындағы қайшылықтар дүркін-дүркін қылаң беріп, іргелі елдердің өз мүдделері жолында өзге елдердің ісіне жосықсыз араласуы үрдіске айналуда. Дүние тәртіптің іргесі сөгілуі салдарынан әлеуметтік дағдарыс тереңдеп, оның ақыры бірқатар елдерде азаматтық соғыстың тұтануына, бейбіт тұрғындардың туған жерлерін тастап, босқын атанып, өзге құрлықтан пана іздеуі, демек әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттердің күтпеген тоғысы жаһандық күн тәртібінің басты ерекшелігіне айналып отыр.
22 Қазан, 2019
Әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Қазақстан азаматшасы Қытайға 4 млн-нан аса теңге көлеміндегі декларацияланбаған қаражатты өткізбек болған.
22 Қазан, 2019
Талдықорған қаласында волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан Суперкубогы жолындағы жарыс аяқталды. Биылғы жарыста «Жетісу», «Алтай», «Ертіс-Қазхром» және «Алматы» клубтары бақ сынады.
22 Қазан, 2019
Сыбайлас жемқорлық қауіптері аз емес
Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық қауіптері қазақстандықтар үшін ең өзекті мәселелердің бірі. Өкінішке қарай, жер қатынастары саласы жемқорлық үшін «құнарлы топырақ» екендігін мойындауымыз қажет. Мұны «Транспаренси Казахстан» компаниясының биылғы жылы жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижелері де дәлелдейді. Жер телімдерін алу, рәсімдеу сыбайлас жемқорлық себептерінің бірі болып отыр.
22 Қазан, 2019
Екі медициналық пойыз еліміздің 40 мыңнан астам тұрғынына көмек көрсетті
«Денсаулық» медициналық пойызы Маңғыстау облысының 10 шалғай стансасы бойынша сапарын аяқтады. Пойыз мамандары жергілікті тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіп, бірқатар ауыр сырқаттарды анықтап, одан әрі емделу мен тексерістен өту үшін жолдамалар берді.
22 Қазан, 2019
Павлодар өңіріндегі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының мәліметінше, биыл науқастарға көрсетілетін медициналық қызметтердің тәулік бойы және күндізгі стационарлық емдеу сапасы тексерілді. Мониторинг нәтижесінде емдеу орындарына 61,4 миллион теңге, ал күндізгі стационарлық емдеу қызметі бойынша тексеріс кезінде 2 миллион теңге айыппұл салынды.
22 Қазан, 2019
Үлкен көлемдегі есірткі тәркіленді
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі сатады деген күдікпен Аққайың ауданының орталығы Смирнов кентінің 50 жастағы тұрғынын ұстады.
22 Қазан, 2019
Елордада Тамос ғарыш мектебі ашылады
Бұл туралы Ұлттық ғарыш орталығында өткен «Tamos Space School» (Тамос ғарыш мектебі) жеке мектебінің құрылысына алғашқы тас қалау рәсімінде айтылды.
22 Қазан, 2019
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті халықпен кері байланыс орнату жолдарын кеңейтуде. Комитеттің наурыз айында іске қосылған «Байланыс орталығы» 7 айға жуық уақытта азаматтардан түскен 190 мың 773 өтінішті қарады.
22 Қазан, 2019
Ел ішінде «Екі сиыр – ойран» деп айтылып жүр. Жалпы, соңғы кезде осы төңіректе байбалам салып жүргендердің пікірі дұрыс па?
22 Қазан, 2019
Бұл маңда түбі бір түркінің түпкі қарашаңырағында кенже ұлдай болып отырған қазақ халқының тарихы мыңжылдықтардан сыр шертеді. Зайсан мен Күршімнен тас дәуірінде өмір сүрген адамдардың тұрақтары мен жәдігерлері табылса, Бөрітостағандағы қызыл қынамен жазылған таңбалар адамзат баласы жылқыны алғаш қолға үйретіп, қымыз сапыра бастаған дәуірден жеткен суреттер...
22 Қазан, 2019
Көрші хақысының бірі – келісім
Ресейдің Челябі облысы мен Қостанай қашаннан ауылы аралас, қойы қоралас, іргелес жатыр. Сондықтан экономикада да, әлеуметтік-мәдени салаларда да екі облыс үшін алыс-берістің мәні ерекше.
22 Қазан, 2019
Серіктестік және синергия жолымен
Қазақстан және Беларусь екіжақты даму мен қалыптасудың ширек ғасыр межесінен өтті. Екі мемлекет осы тарихи кезеңде екіжақты өзара іс-қимылдың барлық саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Тәуелсіз және егемен қос мемлекеттің қарым-қатынастары стратегиялық сипатқа ие болғанын Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының президенттері ресми мәлімдеді.
22 Қазан, 2019
Мәскеуге құны 20 мың теңге болатын ұшақ билеттері сатылуда
Бұл баға бүгінгі күнгі нарықтық бағадан 60% төмен. FlyArystan елордадан Мәскеуге қатынайтын әуе жолын ашты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
21 Қазан, 2019
А.Захаров пен Р.Василенков Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Тректегі велоспорттан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар тағы да жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
21 Қазан, 2019