Оқи отырыңыз
Азия чемпионатында алты алтын бұйырды
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Сарықұрлық додасында бақ сынаған қазақстандық өрендер жалпы саны тоғыз медаль жеңіп алды. Атап айтар болсақ, алты алтын, бір күміс және екі қола медаль олжалады.
19 Қараша, 2019
Тараз қаласында еркін күрестен Дінмұхаммед Қонаевты еске түсіруге арналған XII халықаралық турнир аяқталды.
19 Қараша, 2019
«Тараз» премьер-лигада өнер көрсетеді
Кеше футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 2020 жылғы маусымына жолдама беретін қосымша ойында «Тараз» бен «Ақжайық» командалары кездесіп, жамбылдық футболшылар 3:1 есебімен басым түсті.
19 Қараша, 2019
«Поэзия падишасы» атанған Фариза ақын көзі тірісінде-ақ аңызға айналған тұлға еді. Өр мінезімен, лаулаған өрттей сұрапыл жырларымен, қайраткерлігімен, үлкен-кішіге бірдей қамқорлығымен халықтың жүрегінен орын алған ақынның көзден кетсе де, көңілден кетпей, жылдан-жылға жас ұрпақ санасында жаттала беруі – заңды құбылыс. Фариза ақынның биылғы сексенжылдық мерейтойы да жер-жерде лайықты түрде аталып өтуде.
19 Қараша, 2019
Жол қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және мүдделі ұйымдардың өкілдерімен елордада жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізді.
19 Қараша, 2019
"Егемен Қазақстан" газетінің 18 қараша күнгі номеріне шолу (видео)
«Егемен Қазақстан» газетінің 18-қараша күнгі саны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкінің президентін қабылдағаны туралы ақпаратпен басталған.
18 Қараша, 2019
«Еңбекші қазақ» газеті: 4 жылдық өмір
1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің №407 санына шыққан «4 жылдық өмір» атты мақаланы назарларыңызға ұсынамыз.
18 Қараша, 2019
«Еңбекшіл қазақ» газеті: Баспасөз, жазушылар
«Баспасөз, жазушылар» мақаласы 1925 жылы «Еңбекшіл қазақ» газетінің №274 санына шыққан.
18 Қараша, 2019
Облыс орталығындағы Орталық балалар кітапханасына жазушы, жерлесіміз, 95 жылдығы аталып өтіп жатқан Мүбәрак Жаманбалиновтің есімі берілді. Кезінде оның шығармашылығы және балалар әдебиетіндегі орны туралы Қадыр Мырза Әлі, Мұзафар Әлімбаев, Сағи Жиенбаев, Тұманбай Молдағалиев сынды ақындар да жақсы баға берген.
18 Қараша, 2019
Кеңес Одағының Батыры, академик, ғалым Мәлік Ғабдуллиннің туған күніне орай батыр рухына тағзым ету мақсатында Көкшетау қаласының орталық саябағындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті.
18 Қараша, 2019
Футболдан Еуропа чемпионаты іріктеу аясында сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Сан-Мариномен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
18 Қараша, 2019
БҰҰ мәліметі бойынша, бүгінде әлемнің кейбір елдерінде топырақтың құнарсыздануы мен тұздануы 50 пайызға жеткен. Қазақстанда топырақтың тозуына байланысты сала мамандары үнемі дабыл қағып, жер қабатын сауықтыру мәселесін жиі көтеріп келеді.
18 Қараша, 2019
Алтын астық қамбаға толық құйылды
Қызылжарлықтар 4,8 млн тонна дәнді дақылдар жинаса, соның 3,3 млн тоннасы – бидай. Орақ науқанының сәтті аяқталуына орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат ТАСМАҒАНБЕТОВТІ әңгімеге тартқан едік.
18 Қараша, 2019
Мысықтабандап мия жұлғандар көбейді
Мия өсімдігінің Қазақстанда 5 түрі кездеседі. Атап айтқанда, есек мия, ақ мия, жалаң мия, қызыл мия, миятамыр. Қызыл мия және миятамыр түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органик, қышқылдар, минерал тұздары бар. Қызыл мия тамыры косметологияда тері дақтарын кетіру үшін, сонымен қатар терінің қартаюының алдын алуға қолданылады. Ең бастысы, мия тамыры түрлі аурулардың алдын алуда таптырмайтын «табиғат құдіреті» болып табылады.
18 Қараша, 2019
Қазақтың қоғамдық академиясына айналды
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған «Жаһандық медиакеңістіктегі баспасөздің рөлі мен даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
18 Қараша, 2019
Дамуы даусыз елдің халқы қамсыз
Көрнекті жазушы Саттар Ерубаевтың «Кешегі езілген жарлы – бүгін ауқатты, мәдениетті колхозшы» деп жазғаны болушы еді. Қазір бұл біртүрлі естіліп, езуге күлкі үйіруі мүмкін. Ал шынында, өмір заңдылығы көп өзгере қойған жоқ: кеше аз қамтылған отбасының ізінше ауқаттылар қатарына қосылуы немесе кейбір отбасы «қоғамның осал тобының» қатарын көбейтуі ғажап емес.
18 Қараша, 2019
Өзбек боксшысына Оскардың көзі түсті
Танымал өзбек боксшысы Бектемір Меликузиевке даңқты боксшы, АҚШ-тағы әйгілі Golden Boy промоутерлік компаниясының қожайыны Оскар де ла Хояның көзі түсіп, күні кеше қос тарап келісімшартқа қол қойды.
16 Қараша, 2019
Теннис: Келесі топта Стефанос Циципас топ жарды
Бұл күндері теннистен Лондонда өтіп жатқан АТР-дің қорытынды турнирінің топтық бәсекелері аяқталды.
16 Қараша, 2019