Оқи отырыңыз
Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға ЕҚЫҰ қолдау білдірді
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары А.Шәкіров бастаған Қазақстан Республикасы Парламентінің делегациясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Венада өтіп жатқан 19-шы сессиясына қатысуда. Делегация құрамында Сенат депутаттары М.Бортник, Т.Мұқашев және Мәжіліс депутаттары С.Абдрахманов пен Ж.Ахметбеков бар. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
21 Ақпан, 2020
Әл-Фараби университетінің студенттері мен болашақ дәрігерлер кездесті
Туберкулез және жыныстық жолмен жұғатын вирустық инфекциялардың кейінгі кезде белең алуы қоғамды алаңдатып отырғаны аян. Бұл кеселдердің жас адамның ағзасына келтірер зардабы орасан зор екені және мәлім.
21 Ақпан, 2020
Теннис: Дубайда Елена Рыбакина Петра Мартичпен кездеседі
Бүгін Дубайда өтіп жатқан жүлде қоры 2 908 770 АҚШ долларын құрайтын WTA турнирінің жартылай финалдық сайыстары өтеді. Бұл бәсекеде еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина хорватиялық Петра Мартичпен кездеседі.
21 Ақпан, 2020
Сенат депутаттары Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасын талқылады
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері еліміздің Жоғарғы Сотында болып, сот жүйесінің жұмысымен танысты. Сенат депутаттары Жоғарғы Соттағы судьялар алқасының мүшелері және Әділет министрлігінің өкілдерімен бірге Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің және оған ілеспе заң жобасын талқылауға қатысты.
21 Ақпан, 2020
Үндістанда әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған іс-шаралар бастау алды
Үндістанда әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған іс-шаралар бастау алды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Үндістандағы Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Джавахарлал Неру атындағы университеттің қолдауымен Нью-Дели қаласында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өткізді.
21 Ақпан, 2020
Таэквондо: Іріктеу турнирі Амманда өтеді
Таэквондодан Азия құрлығы бойынша биыл Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарының лицензиялық турнирі Иордания астанасы – Амманда өтетін болды.
21 Ақпан, 2020
ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Үндістанда халықаралық сыйлыққа ие болды
Нойда қаласындағы Амити университетінде «Өзгеріске шақыру: технологиялық қоғамдардағы бизнесті басқару стратегиясы» INBUSH ERA-2020 Бүкіләлемдік саммиті өтті. Онда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов халықаралық сыйлыққа ие болды. Бұл туралы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі хабарлады.
21 Ақпан, 2020
Елордада кімдерге тіс протезі бойынша тегін қызмет көрсетіледі?
Қалалық мәслихатының шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек шеңберінде бағалы металдардан жасалған протездерден басқа тіс протездеу түрлері бойынша тегін қызмет көрсетіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
21 Ақпан, 2020
Жәдігер болып қалмау үшін «Жәдігер» орталығын құрды
Ресейдің Қостанаймен іргелес Челябі облысындағы Злотоуст қаласында «Жәдігер» қазақ ұлттық-мәдени орталығы құрылып, оған арнайы бөлінген кабинет жасақталды. Осы қаладағы қазақ диаспорасының белсендісі Әлия Нұғманованың айтуына қарағанда, орталықтың осыған дейін аты бар да, заты жоқ болатын. Енді оған кабинет бөлініп, орталық жұмысына жан кіргендей болды. Кабинетте жергілікті қазақ диаспорасы өкілдерінен жиналған көненің көзіндей тұрмыстық заттар, ұлттық киімдер үлгілері қойылды.
21 Ақпан, 2020
Қаңғыбас иттер де қорғалатын болды
Өткен жылдың соңында әлем жұрты жағасын ұстады. Француз актрисасы, танымал табиғат қорғаушысы Брижит Бардо халықаралық қоры Қазақстанның батыс өңірінде қаңғыбас иттерді тірілей өртейтінін айтып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды.
21 Ақпан, 2020
FlyArystan: Петропавлдан Алматыға әуе рейсі ашылды
FlyArystan Петропавлдан Алматыға әуе рейсін ашты. Екі қала арасындағы біржақты байланыс құны 10 мың теңгеден басталады.
21 Ақпан, 2020
Республикалық тас жолдардың 17 учаскесінде жол қозғалысы шектелді
Қазақстанның алты облысындағы республикалық тас жолдардың 17 учаскесінде жол қозғалысы шектелді. Бұл туралы «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
21 Ақпан, 2020
«Социалистік Қазақстан» газеті: «Қыз Жібек» бізде қонақта
«Қазақфильм» киностудиясының «Қыз Жібек» фильмін түсіріп жатқанда, бір топ өнер иелері «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясында болып, журналистермен кездескендегі шыққан мақаланы назарларыңызға ұсынамыз.
21 Ақпан, 2020
Каратэшілер кезекті премьер-лига додасына дайындалуда
Каратэден Қазақстан құрамасы кезекті премьер-лига алдындағы оқу-жаттығу жиындарына қатысуда. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
21 Ақпан, 2020
Нұр-Сұлтанда қар тазалау тәулік бойы жүргізілуде
Ақпанның 20-нан 21-не қараған түні қар тазалау жұмыстарына 1202 техника бірлігі мен 123 жол жұмысшылары жұмылдырылып, 36885 текше метр қар шығарылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
21 Ақпан, 2020
«Біз біргеміз» челлендж-акциясы 50 мыңға жуық елордалықты біріктірді
Елорда жастары, белсенділері, студенттері, жұмыскерлері бірнеше күн бойы қолға күрек алып, қаланы қар мен мұздан тазартуға ат салысуда. #Бізбіргеміз хештэгі арқылы қала жастары әлеуметтік желілерге фото, видео жүктеп, қала тұрғындарын белсенді болуға шақырды. Осы уақыт аралығында белсенді жастардың күшімен, қала іргесінде тұратын 100-ден астам отбасына көмек көрсетілді.
21 Ақпан, 2020
Қанат Ислам WBO рейтингінің үздік үштігіне кірді
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингінде бір сатыға жоғарылады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
21 Ақпан, 2020
Dusseldorf Grand Slam 2020: Дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды
Бүгін дзюдодан Дюссельдорфта (Германия) ерлер мен әйелдер арасында әлемдік Grand Slam жарысы басталады. Olympic.kz жарыстың бірінші күнінде татамиге шығатын қазақстандық дзюдошылар тізімін жариялады.
21 Ақпан, 2020
21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні
21 ақпан – әлемде «Халықаралық ана тілі күні» болып белгіленген. Осы датаға орай Солтүстік Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту басқармасы Қызылжардағы ең зәулім мәдени орын – «Оқушылар сарайында» «Ұрпақ тілі - келешек кілті» атты үлкен мәдени шара өткізді.
21 Ақпан, 2020
Демографиялық дүмпу немесе Бэби Бум Орталық Азиядан басталады
«Бұрынғы КСРО-ның мұсылман елдерінде барлық республикаларға қарағанда туу көп болады. 2020 жылы Орталық Азияның төрт еліндегі (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан) туылу саны алғаш рет Ресейдегі туылғандар санынан асып түседі. Бұл туралы ресейлік сарапшы, демограф Алексей Ракша әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.
21 Ақпан, 2020