Оқи отырыңыз
Қаз-қалпында: Кеншілер астанасы және коронавирус елесі
Шаш алдыру керек болды да такси шақырдым. «Онлайн-такси» қызметін пайдаланып жүргенімізге бірер жылдың жүзі болған. Жалпы алғанда, өз басымның бұлардың қызметіне алғыстан басқа айтарым жоқ. Талай асыққан кезде жолымнан бір де бір қалдырған емес...
22 Наурыз, 2020
«Еңбекші қазақ» газеті: Наурыз – жыл басы
1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің №304 санына шыққан «Наурыз туралы» мақаланы назарларыңызға ұсынамыз.
22 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтан - Қарағанды бағытындағы блок-бекеттен фоторепортаж
Тура бір сағаттан соң Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында вирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеуге бағытталған шектеу шаралары күшіне енеді. Яғни, елдегі ең ірі екі қалаға кіріп-шығу 22 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап тоқтатылады.
21 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтанда тағы бір адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
21 Наурыз, 2020
Ұлттық фильмдерді онлайн бірге тамашалайық!
Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамын үйде отырып тойлаудың да өзіндік пайдасы бар. Қазан толы көжені ыстық пештің үстінде бүлк-бүлк қайнатып қойып, ұлттық фильмдерді көруден асқан қандай рухани мереке болуы мүмкін!? Ендеше, мұндай тамаша демалыс күндерін бос жібермей, қазақ кинематографиясының алтын қорында сақталған ұлттық өнер жауһарларын бірге тамашалайық, құрметті киносүйер қауым!
21 Наурыз, 2020
Түркістанда үй тонағандардың жолы кесіледі
Бүгінгі күні Түркістан облысында пәтер ұрлығы қылмысының ашылу көрсеткіші артып келеді. Ұрлықтың алдын алу мен болдырмау мақсатында полиция қызметкерлері қырағылық танытуда. Әсіресе, криминалды полиция бөлімінде қызмет атқаратын шенділердің еңбегі жоғары.
21 Наурыз, 2020
Қазақстандық туристердің шетелден оралуы туралы брифинг өтіп жатыр (видео)
Қазақстандық туристердің шетелден оралуы, сондай-ақ пайдаланылмаған туристтік пакеттердің төлемақысының қайтарылуы туралы брифинг өтуде.
21 Наурыз, 2020
Президент Үкіметтің алдында тұрған аса жедел әрі шұғыл міндетті атады
Мемлекет басшысы пандемияға қарсы еліміздегі күрес жұмыстарын үйлестіретін Орталықтың жұмысымен танысты.
21 Наурыз, 2020
Меценант Серік Толықбаев 200 млн теңге аударды
Коронавируске қарсы күрес мақсатында арнайы қолдау танытып жатқандар көп. Солардың бірі - меценат Серік Толықбаев.
21 Наурыз, 2020
Жас жазушы Мирас Мұқаштың бұл әңгімесі алғаш жарияланған 2007 жылдары кітапсүйер қауымның жапа-тармағай сүйсіне оқығаны күні кешегідей әлі есте. Өмірде түу шалғайға алыстаса да, көңілде мәңгі сақталған сол бір алғаусыз бала шақ кімнің де болсын сағынышқа толы ең аяулы естелігі. Қайта оралмас сол уақыттарда біреудің қуанышы, біреудің қайғысы, біреудің өкпесі, енді біреудің сағынышы қалды. Бәлки осы үшін де мына жұрт тұнық шақтың бір үзігін «Меруерттен» көре қалып, сағыныса қауышқандай болатыны. Тіптен алғашында-ақ оқығандар автор туралы сөз қозғай қалсаң, бұрынғы «Ащы алма», бертіндегі «Шырғалаң» мен «Ауланы» ауызға алмастан, «Меруертті» ойлап, ескі бір жылдардағы ып-ыстық естелігі есіне мезет түсе қалғандай, көңілі тебірене босап, бір сұмдық күй кешеді. Дәстүрлі баяндауға құрылған әңгіме анау айтқандай классикалық шығарма атанбаса да, «Меруертті» оқығанның һаммасы Меруертті ұмытпайды. Сәл асыра сілтеп айтсақ, жымиғанда бетінде сәл ғана шұңқыр пайда бола қалатын нәркес көзді қыздарды кезіктірсең, Меруерт емес пе екен деп елеңдейсің. Шынында, автор сол бір бейнені кездестірді ме екен?..
21 Наурыз, 2020
Азық-түлік сатып аларда да вирус жұқтырудан сақтану керек
Сауда орындарында азық-түлік сатып аларда өзіңді вирустан қалай қорғау керек? Заттардың сыртқы орамасынан ауру жұқтырып алу қаупі бар ма? Эпидемия кезінде балаларды далаға шығаруға бола ма? Елдің көкейінде жүрген бұл сауалдарға әйгілі Asklepios клиникалар желісі аурухана гигиенасы бөлімшесінің жетекшісі, Гамбургтың пульмонологы, медициналық кеңесшісі, доктор Сюзанна Хаггет жауап беріпті. Жұртшылыққа пайдалы кеңес болғандықтан біз де сұхбатты тәржімалап, оқырман назарына ұсынып отырмыз.
21 Наурыз, 2020
Меценат С. Сейтжанов коронавирус індетіне қарсы күреске 100 млн теңге бөледі (видео)
Елдегі төтенше жағдай кезінде коронавируспен күрес үшін тынбай еңбек етіп жатқан мамандарға қолдау білдірушілер көбейіп келеді. Бұл жолы Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын шымкенттіктер іліп әкетті. Меценат Серікжан Сейтжанов коронавирус індетіне қарсы күреске компаниясы атынан 100 млн теңге ақша аударатынын мәлімдеді.
21 Наурыз, 2020
Алтай Көлгінов елордадағы барлық блок-бекеттердің жұмысын тексерді (видео)
Елордада 6 блок-бекет орнатылды. Олар Талапкер, Қараөткел (Ильинка), Қоянды, Қосшы, Жібек-Жолы елді-мекендері мен Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолы учаскесінде орналасқан.
21 Наурыз, 2020
Премьер-Министр кәсіпкерлерді салықтан босататын Қаулыға қол қойды
Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты еліміз кәсіпкерлері жыл соңына дейін мүлік, жер және жеке табыс салығынан босатылды.
21 Наурыз, 2020
Талғардың тәтті құлпынайы алматылықтарды тамсандырады
Алматы сияқты үлкен мегаполистің азық-түлікке сұранысы әжептәуір. Әсіресе, қала тұрғындарының көкөніс пен жеміс-жидекке жұмсайтын күнделікті қаржысы тіптен орасан екен. Демек, дайын нарықты балғын өніммен қамту жергілікті билік пен шаруа тізгінін қолына ұстаған іскерлердің міндеті болса керек.
21 Наурыз, 2020
«Қашықтан оқыту» немесе «Қашықтықтан оқыту» қайсысы дұрыс?
А.Байтұрсынов атындағы тіл институты мамандары «қашықтан оқыту», «қашықтықтан оқыту» тіркестерінің дұрыс жазылуын ұсынады.
21 Наурыз, 2020
Коронавирус атақ пен шенге қарамайды
Әлемді әбігерге салған қытай індеті атақтыларға да жетті. Олардың ішінде әйгілі актердан бастап, саясаткер, спортшы, шенеунік, генерал да бар.
21 Наурыз, 2020
АҚШ: Барлық елдерге виза беру тоқтатылды
Коронавирус пандемиясына байланысты Америка Құрама Штаттары шетел азаматтарына виза беруді белгісіз мерзімге тоқтатты. Бұл туралы Қазақстандағы Америка Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
21 Наурыз, 2020
Түйенің түйгендері «Түйе байқұс бойына сенемін деп жүріп, жылдан құр қалыпты», деген сөз сонау ықылым заманнан бері айтылып келеді. Енді бірде: «Түйенің танығаны жапырақ» деп мені кемсітеді. Сол айтқыштардың айтуынша, жер бетіндегі мақұлықты тұтас жиып жаңа жылды қарсы аламыз депті, дейді. Түйенің үстіне мына келген жылдың иесі тышқан шығып алып: «Әне, жыл келе жатыр» – деп айқайлапты. «Түйе жарықтық аңқаулығының арқасында жылдан құр қалыпты» деген сөз содан тараған деседі. Сол жиында сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, маймыл, тауық, ит, доңыз атаққа іліккен. Алыстағыны бойы ұзындары бірінші көрсе – жылқы қайда қалған. Қоян, ұлу, жылан жылқыдан қалай бұрын тұр? Сондықтан, мен он екі жылдың тұтас құрамына қарсымын. Мәңгі осы он екісі басқара ма? Мен әрқайсының істеген ісі, қоғамға келтірген пайдасы мен залалы жайлы айтпақпын. Жыл басы Тышекең өзінің тұқымдас жүздеген түрі барын біле ме? Жайнап тұрған бау-бақшаны қазып тастайтын көртышқан атты бауырына күні бүгінге дейін қой деген емес. Мұнысымен қоймай, ішіп отырған адал асыңды аралап кетеді. Тұмау таратады. Қағазды көрсе, жүндей түтеді. Соңғы жылдары тісі қышығаны сонша, пластмасса құмыраны да тесіп тастайтын бопты. Ауыл мен қаладағы егеуқұйрық пен тышқан қиын болып тұр.
21 Наурыз, 2020
Наурыз мерекесінің рухани маңызын зорайтатын тетіктерінің бірі – татулық мейрамы екендігі. Яғни наурыз күні араздасқан адамдар кешірісіп, татуласады. Өйткені татулық – берекенің басы. «Төртеу түгел болса – төбедегі келеді, алтау ала болса – ауыздағы кетеді» дегендей татулықтың туы желбіреген жерде елдің ырысы өседі, бағы артады, болашағы баянды болады.
21 Наурыз, 2020