Оқи отырыңыз
Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек еліміздің түрлі аймағына барып, тұрғындармен кездесуін жалғастырып жатыр. Өткен аптада ол Жамбыл облысының бірқатар елді мекеніне, соның ішінде Жуалы және Қордай аудандарына ат басын тіреді.
13 Наурыз, 2020
Ұлы ақынның мұралары - Отырар төрінде
Түркістан облысы Отырар ауданында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Шежірелі Шыңғыстаудан – киелі Отырарға» тақырыбында жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті.
13 Наурыз, 2020
Түркістан: 101 елді мекенде ұялы байланыс жоқ
Түркістан облысындағы 838 елді мекеннің 101-інде ұялы байланыс жоқ. Бұл орайда облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы салалық министрлікпен бірлесе атқарған жұмыстар нәтижесінде Beeline байланыс операторы жыл соңына дейін 82 елді мекенге ұялы байланыс арнасын енгізбек.
13 Наурыз, 2020
Жедел штаб бағаны тұрақтандыру тетігіне айнала ала ма?
Бүгінде мұнай бағасының төмендеуіне байланысты болып отырған әлемдік деңгейдегі қаржылық-экономикалық ахуал елімізге де өз әсерін тигізуі әбден мүмкін екендігі бегілі болып отыр. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті атқарушы орган жетекшілеріне әлеуметтік маңызы жоғары тауарлар мен азық-түлік түрлерінің бағасы негізсіз өспеуін және тапшылығы болмауын ұдайы назарда ұстауы қажеттігін айтқаны белгілі. Президенттің осы тапсырмасын орындау және өңірдегі қаржы-экономикалық жағдайды жүйелі түрде реттеп отыру бағытында Ақтөбе облысында да жедел штаб құрылған-ды.
13 Наурыз, 2020
Коронавирус: Діни басқарма жұма намазға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирустың алдын алу шараларына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
13 Наурыз, 2020
Күміс алқа иегері Құралай Ғабдұлқамарқызы – мынау жарық дүниедегі пенденің пешенесіне жазылар бақытын тапқан адам. Көңілінің терең бір түкпірінде адамдарға алқаусыз жақсылық жасасам, кішкентай ғана қарекетіммен көңілдерін жаз гүліндей жайнатып, нұр шуағын себезгілесем деген мұраты толайым орындалып келеді. Оқырманға түсінікті болу үшін ол қандай мақсат екенін де айта кетелік.
13 Наурыз, 2020
Тобыл өңірінде дәл керек кезінде полицияға қол ұшын созып, көмекке келушілердің саны жыл санап еселеніп келеді. Тұрғындардың қоғамдық жауапкершілігі мен құқықтық сауатының артып келе жатқанын сақшылар да айтып отыр. Мәселен, өткен жылы облыстағы тәртіп сақтау шараларына мыңнан астам ерікті қатысып, 12 қылмыстың ашылуына, 517 әкімшілік құқық бұзушының ұсталуына атсалысқан.
13 Наурыз, 2020
Ұлтаралық тұтастықтың туы биік
Әлемдік қоғамдастық шеңберінде мемлекетіміз «ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің қазақстандық моделімен» ерекшеленеді. Ұлт саясатындағы қазақстандық модельдің іргетасы бірнеше факторға табан тірейді және ол отандық дара құндылық болып қалыптасты.
13 Наурыз, 2020
Әнжір әже 16 перзентінен 67 немере, 55 шөбере сүйіп отыр
Түркістан қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан Ораңғай ауылында тұратын Әнжір Қожамбердиева дүниеге 16 перзент әкелген. Батыр ананың 11 қыз, 5 ұлы бүгінде өсіп-өнген өнегелі әулетке айналған. Әнжір әже олардан 67 немере, 55 шөбере сүйіп отыр. Ұрпақтары тату-тәтті, ел қатарлы тіршілік кешіп жатқан Әнжір Қожамбердиева 11 сәуірде 83 жасқа толады.
13 Наурыз, 2020
Тікелей эфирде баспаналы болды
Қазақ радиосының «Мың алғыс» бағдарламасына Өскемен қаласынан арнайы келген бір үйдің бес баласы қатысты. Көмекке мұқтаж екендерін білгеннен кейін Қазақ радиосы оларды арнайы шақырып, жағдайын көпке жеткізуді мақсат еткен еді.
13 Наурыз, 2020
Біздің елден Қырғыз Республикасына қарай жаяулатып бет алған, жас мөлшері елуге жақындаған ер адамға айналасындағылар аяушылықпен қарағандығы байқалып тұрды. Оның оң аяғының орнында протез болатын.
13 Наурыз, 2020
Соңғы 5 жылда облыста мал ұрлығы айтарлықтай азайды. Мысалы, 2015 жылы осындай оқиға 852 рет болған, одан кейінгі жылдары да 600-ден асып тұрыпты. Былтыр полицейлер мал ұрлығына қатысты 402 айғақты тіркеді. Осы қылмыстардың ашылу көрсеткіші жақсарып 78 пайызға жетті.
13 Наурыз, 2020
Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тұрғыны Мұхтар Тұрдалиев көне Отырар кітапханасы орналасқан жерді көрсете алатынын мәлім етті. Сенбегеніміз рас. Әлемдегі ең бай Александрия кітапханасынан кейінгі орынға қойылатын көне Отырар кітапханасы бойынша ғалымдар арасында пікір қайшылықтары бар. Бірі оның бар екенін айтса, ендігі жазба деректер оны жоққа шығарады. Ал бәйдібектік тұрғын түсіне философ, ұлы ойшыл әл-Фараби бабамыздың өзі еніп, Отырар кітапханасының орнын көрсеткенін айтады.
13 Наурыз, 2020
«Жадыраның» жан жадыратар әндері-ай!
Қостанайдағы Достық үйінде «Жадыра» халықтық вокалдық ансамблінің концерті өтті. Қазір не көп – ансамбль көп, ән көп. Бірақ «Жадыраның» жөні бөлек. Ансамбльді 1991 жылы әнші-композитор Қайрат Нұрғазин ұйымдастырған еді. Рудныйда алғаш «Әжелер» ансамблі болып құрылған ұжым сол кезде көп айтыла қоймайтын ұлттық бояуы қанық дәстүрлі халық әндері мен қазақ композиторларының туындыларынан ғана тұратын ерекше репертуарымен әнсүйер қауымды өзіне бірден баурап алған.
13 Наурыз, 2020
Қырық үш мектепте директор жоқ
Бұл туралы жақында Білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысында айтылды.
13 Наурыз, 2020
Сарығаштың құлпынайы сәуірде піседі
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында "Абдураман» шаруа қожалығы осыдан 7 жыл бұрын 10 соттық жерге құлпынай егуді бастаған. Жыл сайын нәзік дақылды өсірудің қыр-сырын меңгеріп, мол пайдаға кенелген қожалық бүгінде құлпынай көлемін 18 гектарға жеткізіп отыр.
12 Наурыз, 2020
Маңғыстауда Амал мерекесін тойлау кейінге шегерілді
Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев «Қоғамдық коммуникация орталығында» өткен брифингте мәлімдеді.
12 Наурыз, 2020
Семейде пара-пауэрлифтинг турнирінің чемпиондарын қарсы алды
Cемей ақпараттық орталығының хабарлауынша, 8-11 наурыз аралығында елордада пара пауэрлифтинг бойынша турнир өтті. Оған еліміздің 18 қаласынан жүзден астам спортшы қатысқан. Шығыс Қазақстан облысының намысын 9 спортшы қорғады, олардың 8-і семейліктер.
12 Наурыз, 2020
Жеңіс эстафетасы Қостанайға жетті
Эстафета ережесі бойынша, 1941 жылы Жетісуда генерал Панфилов жасақтаған әйгілі 316-шы атқыштар дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесін бүкіл Қазақ жерін аралап шығуы керек.
12 Наурыз, 2020
Бүгінгі күннің жаңалықтары (12.03.2020)
Назарларыңызға бүгінгі күннің басты жаңалықтарын ұсынамыз. Өзекті ақпараттар мен қызықты оқиғаларға қаныққыңыз келсе, біздің сайттағы жаңалықтарды оқып жүріңіз. Сондай-ақ YouTube-тегі арнамызға жазылыңыз!
12 Наурыз, 2020