Оқи отырыңыз
1 млн 779 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындау туралы жұртшылықты хабардар етті.
14 Сәуір, 2020
Індет жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны артты
Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде елдегі коронавирус бойынша ағымдағы жағдай туралы баспасөз мәслихаты өтті. Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова науқастардың жағдайына тоқталып, ауру жұқтырған медицина қызметкерлері туралы айтты.
14 Сәуір, 2020
Қысылтаяңдағы қолдауға разымыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 1994 дәрігер үстемеақы алды. COVID-19 инфекциясымен күресте аянбай еңбек етіп жүрген мамандар жұмыс қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген. Тәуекелдің бірінші тобына өте қауіпті жағдайда жұмыс істейтін 27 қызметкер енді. Екінші санат қауіптілігіндегі дәрігерлер мен фельдшерлерге, яғни, 337 медицина мамандарына үстемеақы төленді. Үшінші топқа 1630 қызметкер еніп отыр. Үстемеақы алғандар реанимация бөлімдерін қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, карантиндік аймақтағы орта және кіші буын медицина қызметкерлері. Сондай-ақ провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері және жедел-жәрдем жүргізушілері.
14 Сәуір, 2020
Тосыннан келген індет қоғамның сан салалы жұмысына кедергісін келтіріп, едәуір шығынға ұшыратып отыр. Төтенше жағдай кезінде мемлекет азаматтарды жан-жақты қолдау үшін нақты іс-шаралар қабылдады. Соның ішінде уақытша жұмыстан шеттетіліп, табыссыз қалғандар назардан тыс қалмайды. Осы бағыттағы бастамалардың жүзеге асуына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да үлес қосып жатыр.
14 Сәуір, 2020
Жер жаһанды жайлаған коронавирус пандемиясының таралу екпіні күннен күнге артып, осы ауру салдарынан туындаған экономикалық, әлеуметтік және саяси жағымсыз салдарларының ауқымы да өсуде.
14 Сәуір, 2020
Батыс Қазақстан облысында жалпы құны 2,4 трлн теңге болатын 126 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл 2 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Жалпы 2020 жылы 370 млрд теңге игеріліп, 1600 адам жұмыспен қамтылатын 102 жобаны іске қосу жоспарланған. «Карантинге қарамастан біздің ойға алған жобаларымыз жоспар бойынша жүзеге асып жатыр» дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев.
14 Сәуір, 2020
«Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясы жалғасады
Парктер шеруі – халықаралық деңгейде жыл сайын табиғатты қорғау мақсатында өткізілетін акция. Акцияның шығу тарихына тоқталар болсақ, 1840 жылы Дж.Стерлинг Мортонның АҚШ-тың Небраска штатына келуінен басталады.
14 Сәуір, 2020
Kaspi Gold арқылы 351 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алды
351 мың қазақстандық Kaspi Gold арқылы 42 500 теңге жәрдемақы алды. Тек соңғы 3 күнде 200 мыңға жуық қазақстандық Kaspi.kz қосымшасында онлайн Kaspi Gold шотын ашты.
14 Сәуір, 2020
Қазақтың қайта өрлеуіне баланып жүрген Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ұлт болашағының ұстынын айқындап бергендей болды. Аз ғана уақытта ауқымды жұмыстар атқарылды. Жақсы істер жалғасуда.
14 Сәуір, 2020
Таңғажайып жәдігерлер тағылымы
Қым-қуыт тіршілікпен қарбаласып жүріп жайшылықта мәдениет ошақтарына бас сұғып, жан сарайымызды жаңғыртуға жиі уақыт таба бермеуші едік. Төрт қабырғаға қамап, телефон мен теледидарға телміртіп қойған қазіргі жағдай бір сәт терең ойлануға мұрша бергендей. Желідегі жеңіл дүниелерден жалыққан жұрт көне тарихтың көмбесі саналатын музейлердегі танымдық мұраларға үңіле бастады.
14 Сәуір, 2020
Елге ең керегі – денсаулық пен азық-түлік
Президент Қ.Тоқаев тарапынан ауылшаруашылық саласына, тауар өндірушілерге қолдау көрсету туралы нақты тапсырмалар жүктелуде. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған шаралар қазіргідей күрделі кезеңде аграрлық саланың еңсесін түсірмеуге көмектесетіні сөзсіз.
14 Сәуір, 2020
Бұл – нағыз азаматтық жауапкершілік танытатын кез
Елімізде дерттің алғашқы дерегі білінгеннен-ақ жергілікті билік дер кезінде шектеу шараларын қолға алып, облыс орталығы мен аудандар, кейбір елді мекендер карантинге жабылды.
14 Сәуір, 2020
COVID-19: Елімізде вирус жұқтырғандар саны 979-ға жетті
Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 979 адамға көбейді. Бүгін кешкі 22.00-дегі мәліметтер бойынша Нұр-Сұлтан қаласы – 257, Алматы қаласы – 172, Шымкент қаласы – 38, Ақмола облысы – 71, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 21, Атырау облысы – 59, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Жамбыл облысы – 46, Батыс Қазақстан облысы – 9, Қарағанды облысы – 76, Қостанай облысы – 3, Қызылорда облысы – 119, Маңғыстау облысы – 10, Павлодар облысы – 10, Солтүстік Қазақстан облысы – 26 және Түркістан облысында 43 адам індет жұқтырды.
13 Сәуір, 2020
Темірхан Медетбек. Біз қандай едік?
Оқырман назарына көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Темірхан Медетбектің «Біз қандай едік?» өлеңін ұсынамыз.
13 Сәуір, 2020
Балаларға базарлық. Сараң бақа
Табиғаты айрықша Алтай жері аңыз-әңгімеге бай. Заңғар таулар мен гүрілдей аққан өзені, алтын тостағандай жалтыраған көлдері көздің жауын алса, қойнауы үйір-үйір жылқы мен қойға толған. Салтанат апаның бүгінгі ертегісі құпияға толы Алтайдың бір түкпірінде өтеді. Ертегі бақа мен құмырсқалар арасындағы қайшылыққа құрылған. Бақа сараң ба? Әлде шынын айтып құмырсқаларға жем болуы керек пе еді? Кінәліні анықтау қиын.
13 Сәуір, 2020
«Шеврон» компаниясы қолдау көрсетті
Коронавируспен күрес барысына жәрдем беру үшін елімізге Қытайдың Шыңжаң өңірінен бір топ дәрігер келгені белгілі. 10 адамнан тұратын осы делегациямен бірге көрші елден 5,5 тонна гуманитарлық көмек – дәрі-дәрмек, медициналық маска және басқа да медициналық құрал-жабдықтар жеткізілген болатын. Айта кетейік, бұл көмек екі елдің мемлекет басшыларының уағдаластығына орай жүзеге асып отыр.
13 Сәуір, 2020
Шымкентте коронавирус індетімен күрес жұмыстары қатаң бақылауда (Шолу)
Коронавирус індетінің кең таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласында барлық сақтық шаралары жасалуда. Азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау үшін 2020 жылғы 4 сәуірден бастап қала аумағында карантин режимі енгізілгені белгілі. Бұл ретте қала тұрғындары карантин талаптарын бұлжытпай орындауы өте маңызды. Қазіргі таңда Шымкент қаласының кіреберістерінде 18 блок-бекет жұмыс істеуде, шаһарда залалсыздандыру шаралары күшейтілуде. Сондай-ақ медицина мамандары төтенше жағдайға байланысты күшейтілген режимге көшкен. Осы орайда, жаһандық індетпен күрес жұмыстары аясында Шымкент қаласында 6-11 сәуір аралығында атқарылған жұмыстарға шолу жасап, назарларыңызға ұсынамыз.
13 Сәуір, 2020
Маңғыстауда коронавирустан алғашқы адам жазылып шықты
Осыдан 17 күн бұрын Ақтау халықаралық әуежайында Түркиядан транзитпен ұшып келген 46 жастағы азамат коронавирус жұқтырып, жергілікті инфекциялық ауруханаға жатқызылған болатын. Тиісті ем-дом шараларын алып, толық айығып шықты. Дәрігерлер үйіне қайтарды. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы такси Орал қаласындағы үйіне дейін жеткізеді. Сонымен қатар, онымен бірге ұшып келген 22 жолаушы да үйлеріне жіберілді. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
13 Сәуір, 2020
Коронавирус індетінің шарықтау шегіне болжам жасалды
Қазақстанда сәуір-мамыр айларында коронавирус инфекциясын жаппай жұқтыру шарықтау шегіне жетуі мүмкін. Бұл туралы елдегі ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова айтты.
13 Сәуір, 2020
Қазақстанда 211 медицина қызметкері вирус жұқтырған
Бұл туралы ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова хабарлады.
13 Сәуір, 2020