Оқи отырыңыз
«Сарыарқа» хоккей клубының құрамы жаңа қақпашымен толықты
Қақпашы Владимир Сохатский «Сарыарқа» хоккей клубының құрамын толықтырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
11 Мамыр, 2020
Түркістан: 408 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналған қойма бейнебақылауға алынды
Мақтаарал ауданына еліміздің барлық өңірлерінен гуманитарлық көмектер келуде. Мысалы, бүгін Атырау облысынан 160 тонна азық-түлік пен жатын орынға арналған керек-жарақтар тиелген гуманитарлық жүк керуені келіп жетті. Одан бөлек, атыраулықтар облыстық қорға 15 млн теңге көлемінде қаржылай көмек аударды. Сондай-ақ күні кеше қоймаға Павлодар облысынан 20 тонна азық түлік пен 15 тонна киім-кешек және гигиеналық заттар жеткізілген.
11 Мамыр, 2020
Мәулен Әшімбаев Сенат Бюросының отырысын өткізді
Отырыс барысында Сенат Төрағасы төтенше жағдай режимінен кейін елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экономиканы қалпына келтірудің кешенді жоспары іске асырылатынын атап өтті. Оны арнайы мемлекеттік комиссия әзірлейді. Өз кезегінде, Жоғарғы палата Президенттің экономиканы одан әрі дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған стратегиясын заңнамалық тұрғыда сапалы әрі дер кезінде қамтамасыз етуге тиіс. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
11 Мамыр, 2020
«Nur Otan» партиясы орталық аппаратының басшысы тағайындалды
«Nur Otan» партиясы орталық аппаратының басшысы болып Мәди Оспанов тағайындалды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
11 Мамыр, 2020
Мұнай бағасы қырық құбылып тұр
Әлемдік нарықтардағы мұнай бағасы қырық құбылып тұр. Енді алдағы уақытта баға бұрынғыдай болмайтынын әлемдік қаржы институттары ескерте бастады. Араб елдері экономикасын әртараптандыруды осыдан бірер жыл бұрын бастап кетті. Тіпті БАЭ өткен аптада киноиндустрияда бағын сынамаққа ниетті екенін танытты.
11 Мамыр, 2020
Шымкент қаласында бір адам коронавирустан көз жұмды
Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
11 Мамыр, 2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 5160-қа жетті
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 жағдай тіркелді.
11 Мамыр, 2020
Егіс жұмыстарының науқаны басталмақ
Еліміздің оңтүстік өңірлерінде жердің 70 пайызына егіс егілді. Үш астықты өңір – Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында топырақ құрамындағы ылғалды жабу жұмыстары аяқталды, егіске дейінгі топырақты өңдеу жүргізілуде. Бидайдың жаздық тұқымдарын жаппай егу науқаны мамыр айының ортасынан басталмақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Қостанай облысына барған жұмыс сапары барысында хабарлады.
11 Мамыр, 2020
Медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемеақы тамыз айына дейін төленеді — Е. Тоғжанов
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет үйінде өткен брифингте коронавирус инфекциясымен күресуге тартылған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеудің одан әрі жалғасатыны туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
11 Мамыр, 2020
Атырау: Майдангерлер мен тыл ардагерлеріне – 750 мың теңгенің сертификаты табысталды
Бүгін NCOC компаниясы Жеңістің 75 жылдығына орай Атырау мен Ақтау қалаларында ардагерлерге электрондық сертификаттарды табыстау шарасын өткізді. Бұл – демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы аясында қолға алынған жоба.
11 Мамыр, 2020
Бизнес өкілдерінің шығындарын өтеуге 237 млрд теңге қарастырылған - Әлихан Смайылов
Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет үйінде өткен онлайн брифингте айтты.
11 Мамыр, 2020
Майдангер суретшілер мәңгі есте
Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында Ұлы Отан соғысының 75-жылдығына арналған виртуалды көрме ашылды. Аталған көрмеге қазақстандық және кеңестік суретшілердің соғыс тақырыбындағы таңдаулы туындылары қойылған. Қазақстан бейнелеу өнері, сондай-ақ Шетел өнері қорының кескіндеме, графика және мүсін шығармалары тақырыпты аша түскен.
11 Мамыр, 2020
Қазақстанда 7 қаламен ішкі әуе рейстері қайта ашылады
Ел ішінде жүріп-тұру мүмкіндігі кеңейтілуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің алаңында өткен брифинг барысында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
11 Мамыр, 2020
255 мың жұмыс орны құрылады - Әлихан Смайылов
Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет үйінде өткен онлайн брифингте айтты.
11 Мамыр, 2020
Қызылорда: Илья Ильин спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалды
Белгілі ауыр атлет Илья Ильин бүгін Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне кірісті.
11 Мамыр, 2020
Филармония ансамблі Бауыржан Момышұлына композиция арнады (видео)
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі Кеңес Одағының Батыры, полковник, панфиловшы Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған «Батыр Бауыржан» композициясын жазды.
11 Мамыр, 2020
«Алматы әлі карантинге жабық»: Алматы кіреберісіндегі кептелекке қатысты (видео)
Бүгін таңнан бері облыс аумағынан Алматы қаласына апаратын жолдарда кептелек орын алды. Ұзын-сонар көліктер нөпірі қалаға кіруге ниеттенген.
11 Мамыр, 2020
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында 1,1 миллионға жуық қазақстандық жұмыс орындарына оралды
20 сәуірден бастап шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қолдау бойынша мемлекетте қабылданып жатқан шараларының арқасында 1,1 млн-ға жуық қазақстандық өздерінің жұмыс орындарына оралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет үйінде өткен онлайн брифингте айтты.
11 Мамыр, 2020
Пандемия кезінде 62 елден 12 мың отандасымыз елге қайтарылды - Ералы Тоғжанов
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов шетелде жүрген қазақстандықтарды елге қайтару жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын айтты.
11 Мамыр, 2020
«BizBirgemiz» жобасы аясында 363 мыңға жуық адамға көмек көрсетілді - Ералы Тоғжанов
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов төтенше жағдай кезінде қазақстандықтарға көрсетілген әлеуметтік көмектер жайында айтты.
11 Мамыр, 2020