Оқи отырыңыз
Шетел азаматы қазақтың мүддесі үшін еңбек ете ме?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы «Мемлекеттік қызметшінің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олар қызметінен босатылады» дегенін оқыған соң, бірқатар азаматтың есімі еріксіз еске түсті. Азаматтар деймін, қай елдің азаматтары?
02 Қазан, 2020
Төрт өңірде құстың қырылуы тоқтады
Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында құстың қырылуы тоқтады. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында қанаттылардың өлім-жітімі азайып келеді.
02 Қазан, 2020
ХҚО халыққа көңіл күй сыйлайды
Қызылордадағы кез келген ХҚО бөліміне барсаңыз, қызмет алып, жаңа құжатқа ие болып жатқан аналар мен зейнеткерлерге құрмет көрсетіп, сыйлықтар табыстап жатқан мамандарды кезіктіресіздер.
02 Қазан, 2020
Кеудесін орден-медальға толтырып қайтқан
Сұрапыл соғыс басталған кезде әкем Қызылқұм ауданындағы Ленин атындағы орта мектепте директор болатын. 21 жаста екен. Ал оған дейінгі өмір жолы әкемді тым ерте есейтіп, әсіресе ашаршылықтың салған зобалаңынан аман қалғанына сенер-сенбесін білмей жүріпті. Арыстағы жетім балаларға арналған үйді пана тұтып, аман қалған. Әкем Қаныбек Патсаев 1920 жылдың 17 маусымында Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданындағы, Шардара ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келіпті.
02 Қазан, 2020
Екінші нанның қадірі есте болсыншы
Берекелі қоңыр күздің өзінде көкшетаулық орталық базарда картоп сатушылардан «қай жердің картобы, Ресейдікі ме, жоқ әлде оңтүстікі ме?» деп сұрап жатады. Бәлкім сапасы, сақталуы әртүрлі болар. Ең бастысы, картопқа деген сұраныс, әрине. Дегенмен жергілікті өнім жеткіліксіз емес пе? Осындай ой жетелеп, картоп өсіретін шаруашылыққа әкелген.
02 Қазан, 2020
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген Абай сөзі бүгінде өз кәсібіне берілген, ұрпақ тәрбиесіне ұқыптылықпен қарай білетін ұстаздар қауымына қарата айтылса керек-ті. Отыз жылдан аса еңбек жолында жаңашыл педагог мәртебесін иеленген тарих және құқық пәндерінің мұғалімі Гүлмира Асанбекова туралы сөз қозғағанда, оның тәжірибесі республика көлемінде үздіктер қатарында екеніне көз жеткізесіз.
02 Қазан, 2020
Түркістан төрінде орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей қорында оңтүстік өңірде аты мәлім тарихи тұлға Үсенбай датқаның мөрі сақтаулы.
02 Қазан, 2020
Көрген жоқ ешкім түр-түсін, Көрген жоқ ешкім тілдесіп, Естіртпей үнін, күлкісін, Ғайыпта жүрді күн кешіп. Әркім тек сырттай сенді де, Әулие тұтып сиынды. Келіңдер деген жеріне Кешікпей бәрі жиылды. («Көктемір», І. Мәмбетов).
02 Қазан, 2020
Басқа спорт түрлерінде қалай екенін қайдам, әйтеуір әуесқой бокста қазақ-өзбек тартысы ерекше. Шаршы алаңға шыққан екі елдің боксшылары рингте жеңіске жету үшін бар күш-жігерін жұмсап, соңғы демі қалғанша айқасуға бар. Кейінгі жылдары жанкүйерлер Азия, әлем чемпионаттары, тіпті төрт жылда бір келетін Олимпия ойындары болсын қазақ-өзбек боксшыларының тартысын тағатсыздана күтетін болды. Енді бұл қатарға кәсіпқой бокста өнер көрсететіндердің де жекпе-жектері қосылды.
02 Қазан, 2020
Еліміздің шалғай өңірлерінің бірі Ырғыз ауданы еңбеккерлерінің негізгі айналысатын кәсібі – мал шаруашылығы. Мұнда төрт түлік мал оны семіртіп бордақылайтын арнайы кешендерде емес, негізінен жайылымда бағылады.
02 Қазан, 2020
Бердібек Сапарбаев ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады
1 қазан – қарттар күні Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында ардагерлерге құрмет көрсетілді. Мерекеге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, түрлі саланың еңбек сіңірген қызметкерлері, облыстың және қаланың Құрметті азаматтары шақырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қазан, 2020
“Білім саласына қосқан үлесі үшін” төсбелгісін алуға 659 өтініш түскен
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше конкурсқа қатысуға келіп түскен қатысушылар өтініші комиссия мүшелері тарапынан қаралған, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қазан, 2020
Жамбыл облысында жылыту маусымы басталды
1 қазаннан бастап Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасы бойынша жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Қазан, 2020
Елордада зейнеткерлерге қандай жеңілдіктер қарастырылған
Нұр-Сұлтан зейнеткерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қазан, 2020
Түркістанда жаңа салынған жолдар қайта жөндеуді қажет етеді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен «Сапалы жол» жобасы аясында облыс орталығында жаңадан төселген жолдардың сапасына кешенді мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді. Ондағы мақсат әрине автокөлік жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау, мердігер мекеменің жауапкершілігін күшейту.
01 Қазан, 2020
Полицейлер қарттарды құттықтады
Маңғыстау облысының полиция бастығы, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаевтың тапсырмасы негізінде Маңғыстау облысы ДП ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Жариев, ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы Қ.Бақтыгереев және ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Н.Бишеханов полиция қызметкерлерімен бірге сол күні ішкі істер бөлімінің ардагерлері Құспан Бержанов пен Бекболат Рамазановты құттықтады. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
01 Қазан, 2020
СҚО музейінде жас полиция қызметкерлері ардагерлермен кездесті
Халықаралық қарттар күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің музейінде жастар аға буынмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қазан, 2020
Маңғыстауда сотталған төрт қарт құрметтелді
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖДГМ-172/10 мекемесінде «1 қазан–халықаралық қарттар күні» мерекеленді. Бұл туралы ҚАЖДГМ-172/10 баспасөз қызметі хабарлады.
01 Қазан, 2020
Петропавлда спирт сатқан 30 жастағы тұрғын ұсталды
Петропавл қаласының қақ ортасында бейнекамералар арқылы мониторинг жүргізу кезінде әкімшілік учаскеде бес литрлік ыдыстармен ақшылт сусын сатып отырған адам көрініп қалады. Сауда Астана көшесіндегі базарда орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қазан, 2020
Атырауда зираттарды қиратқан бұзақы ұсталды
Қызылқоға ауданындағы Қоғам елді мекенінің маңындағы «Мәтен қожа» қауымындағы зираттарды қиратып, түнек үйін өртеген бұзақы ұсталды. Бұл оқиға 27 қыркүйекте сағат 13:38 шамасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қазан, 2020