Редакция таңдауы
1930-1937 жылдар аралығында Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы Үкіметінде Денсаулық сақтау халық комиссары, Әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссары, Қазатком төрағасының орынбасары лауазымдарында болған Бейсенғали Әбдірахмановтың есімі бүгінде көп айтыла бермейді.
04 Ақпан, 2021
«Көлеңкелі экономикаға» тұсау бола ма?
Бала кезімізден сүйіп тыңдап, оқып өскен халық ертегілерінің көпшілігінде «жеті басты айдаһар», «жеті басты жалмауыз» деген жағымсыз әрі қорқынышты кейіпкерлер болған. Қарапайым халықтың қанын соратын осындай құбыжықтармен алысқан батырлар әлгі тажалдың бір басын шауып түсіріп, енді бір басымен алысып жатқанда ана шабылған бастың орнына жаңа бір бас өсіп шығады екен делінетін.
04 Ақпан, 2021
Алаш қайраткерлерінің жеке заттары елге қайтарылса...
Өткеннің қасіреті жүректен өшпесі анық. Азаттық үшін арпалысқа түскен ұлы тұлғалардың ерлігі ұрпақ жадынан алыстамайды. Оған дәлел, Ұлттық музейде өткен «Саяси қуғын-сүргін құрбандары және олардың музейлік құндылықтары» атты онлайн-дөңгелек үстел мәслихаты.
04 Ақпан, 2021
Іргелі ғылымды дамытудың келешегі зор
Жуырда Білім және ғылым министрлігінің жалпы отырысында министр Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарының ғылымды дамытудағы үлесі, нәтижесі хақында мәселе қозғады. Бүгінде ғылыми-зерттеу саласында нәтижелі еңбек етіп жүрген жастар жетерлік.
04 Ақпан, 2021
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың латын графикасына негізделген әліпбиді жетілдіруге байланысты тапсырмасына орай, бірқатар маңызды және нәтижелі жұмыс атқарылды. Мен Ұлттық комиссияның және әліпбиді жетілдіру жұмыстарымен шұғылданатын Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі ретінде осындай шараларға тікелей қатыстым. Ғалымдардың орасан зор жұмыс атқарғанына куә болдым.
04 Ақпан, 2021
Қарағанды медициналық еріктілер мектебі игі жобаны қолға алды. Енді волонтер болуды жүрек қалауымен таңдаған жастар бұл жерде алғашқы көмек көрсету, өкпе-жүрек реанимациясын жүргізу, науқасқа күтім жасау, пациентті тасымалдау сынды іс-әрекеттердің қыр-сырын оқып, үйренетін болды.
04 Ақпан, 2021
Қайта қалпына келтірілген сақ патшайымының әшекейлі киіміне қарап, сонау ғасырда-ақ мәдениетіміздің дамығандығын тағы бір аңғаруға болады. 2017 жылы Берел қорғанынан табылған сақ патшайымының киімі реконструкцияланып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне қойылды.
04 Ақпан, 2021
Павлодарда 10 млрд теңгеге салынған ғимарат қаңырап тұр
2009 жылы құрылысы басталған оқу орны әлі қаңырап бос тұр. Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы отын-энергетикалық кешен мамандарын оқытуға арналған нысан осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын салтанатты түрде ашылу рәсімі өткенмен, бұл оқу орны бірде-бір студентті қабылдаған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.Бұл туралы inbusiness.kz сайты мәлімдеді.
03 Ақпан, 2021
Алик Шпекбаев пен Ақтоты Райымқұлова кездесті
Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Парасат жолы» жобасы салтанатты түрде таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Ақпан, 2021
Алматының әкімі мегаполистің цифрлы телевизияға толық көшкенін мәлімдеді
Ендігі жерде Алматыда баламалы хабар тарату тәжіибесі толығымен тарих қойнауына енді десе де болады. Қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында цифрландырудың жаңа кезеңінің бастау алуымен аналогтық хабар таратудың тарих қойнауына енетінін атап өтті.
03 Ақпан, 2021
Нью-Йорктегі қазақ полицей бокстан жекпе-жек өткізеді
Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязов АҚШ-тың Майами қаласында кәсіби бокстан кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Ақпан, 2021
БҚО: Жарты млрд теңге жымқырылған
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Батыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген 540 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Ақпан, 2021
Коронавирус бойынша әлем елдеріндегі ахуал қандай?
Еуропалық Одақ блок елдерінің азаматы саналмайтын басқа ел адамдарына кіру ережелерін қатаңдатты, - деп хабарлайды Egemen.kz
03 Ақпан, 2021
Аустралияда өрт қайта басталды
Орман өрті тұрғын аудандарға жақындап, Суон қаласындағы үйлердің күл-талқанын шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz BBC NEWS агенттігіне сілтеме жасап
03 Ақпан, 2021
Қазақстан туу көрсеткіші бойынша 105-орында тұр
Туу көрсеткіші бойынша рейтингте Қазақстан 229 елдің арасында 105-орында тұр. Әрбір 10 мың адамға 164 нәрестеден келеді, - деп хабарлайды Egemen.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.
03 Ақпан, 2021
Мәжілістің жалпы отырысында тағы 6 депутат ант берді
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бірқатар депутат ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Ақпан, 2021
Қазақ даласының әр қиыры, сүйем жері ғасырлар қойнауынан сыр шертер тылсым құпияны бүгіп жатқаны даусыз. Бір ғасыр бойы «қара алтынға» баланған мол мұнайымен танымал болған Атырау өңірінде Жібек жолы бойындағы ірі астана атанған Сарайшықтан бөлек, тарихи мекендер мен қорымдар жетерлік. Солардың қатарында Иманқара, Қойқара, Сарықамыс, Кененбай үңгірі, Құдайберген обасы, Таскешу, Ақтөбе-Лаэти секілді тарихи мекендер көмбесі әлі толық ашылған жоқ. Дегенмен, Атырауда жиырма жылдың ішінде екі «Алтын адамның» бейнесі қалпына келтірілді.
03 Ақпан, 2021
Тарихы тереңнен тамыр тартатын Әулиеата өңірі туралы сөз болғанда, көптің есіне әуелі Айша бибінің есімі түседі. Халқымыздың жадында есте жоқ ескі замандардан бері сақталып келе жатқан Айша бибі аңызының да түрлі нұсқалары бар. Көп жағдайда аңыз Айша есімін әйгілі билеуші Қарахан есімімен байланыстырады. Жаугершілік заманда Қараханмен уағдалы уақытында кездесе алмаған ару Айша оны Тараз шәріне өзі іздеп бармақ болып жанына Баба әжені алып, жолға шыққанда жолай оны жылан шағып өлтіргені туралы аңыз бәріне мәлім. Қайғылы оқиғаның үстінде Тараз шәрі жақтан Қарахан келіп, ару қыздың ақырғы демінде онымен некелесіп, «Бибі» атын қойған деген аңыз да ықылымнан бері санамызда жатталып келеді. Осы бір желісі үзілмеген аңыз ұлттың ұлы тарихын тануға, білуге құштар жандардың қызығушылығын тудыратыны анық. Тарихта адал махабаттың, шынайы сүйіспеншіліктің бейнесі ретінде қалған қос ғашықтың кесенесі де бүгінгі Жамбыл облысының аумағында орналасқан.
03 Ақпан, 2021
«Egemen Qazaqstan» газетінің Алматы бөлімшесінің жетекшісі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Жүсіпбек Қорғасбек 60 жасқа толып отыр. Әріптесімізді мерейлі күнімен шын жүректен құттықтай отырып, отбасына амандық, зор денсаулық, толайым шығармашылық табыс тілейміз! Құнарлы ой, қуатты сөзіңізбен оқырмандарыңызды қуанта беріңіз!
03 Ақпан, 2021
Коронавирус пандемиясының әлем елдеріне келтірген шығыны орасан. Көптеген адамның өмірін жалмағаннан бөлек, індеттің салдары экономикаға да ауыр тиіп отыр. Туризм секілді қызмет көрсетуге бағытталған көптеген сала қазіргі таңда үлкен тоқырауға ұшырады. Соның салдарынан шартараптың түкпір-түкпірінде жұмыс орындары жабылып, азық-түлік тапшылығы байқала бастады. БҰҰ келтірген мәліметтерге сүйенсек, биыл 800 миллион адам аштыққа ұрынуы мүмкін. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы жариялайтын бүгінгі мақалалар топтамасында пандемияның зардабы туралы сөз болады. БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Марк Лоукок пен Дүниежүзілік банктің басқарушы директоры Аксель ван Троценбург бірлесіп жазған мақалада азық-түлік тапшылығына жол бермеу шешімдері жайлы айтылады. Авторлардың пайымдауынша, миллиондаған адамның аш қалмауы үшін алдын алу шараларына ерекше мән беру қажет. Сонда ғана жаһандық ашаршылыққа жол берілмейді. Дүниежүзілік банктің бұрынғы бас экономисі және Үндістан үкіметінің бас экономикалық кеңесшісі Каушик Басу өз мақаласында алдағы он жылдыққа болжам жасайды. Оның сөзіне сүйенсек, келешекте үш мемлекеттің экономикасы қарқынды дамымақ. Олар: Оңтүстік Корея, Вьетнам және Мексика. Аталған елдер бір-біріне ұқсамаса да, дамудың өзіндік тәсілін ұстанады. Әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
03 Ақпан, 2021