Редакция таңдауы
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңы мен тоқсаныншы жылдарының басында қазақ жастарының қалың шоғыры шығып, спорттық ареналарда жасындай жарқырады. Алайда олардың барлығына КСРО құрамасы сапында Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттары секілді дүбірлі додаларда өнер көрсету бақыты бұйырған жоқ. Себебі іштарлық танытқан мәскеулік мамандар өз өрендеріне сенім артты. Әр спорт түрінің тізгінін ұстаған бапкерлер өз қандастарының көмегіне жүгінді. Тек тәуеліздікке қолымыз жеткеннен кейін ғана жолымыз ашылып, қазақстандық спортшылардың тасы өрге домалады. Осы сөзіміз дәлелді болу үшін төмендегідей деректерге жүгінуді жөн көріп отырмыз.
05 Ақпан, 2021
Тал кесу оңай, қалпына келтіру қиын
Қазақстанда ағашты заңсыз кесуді кәсіпке айналдырған тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Бұрын табиғатқа зиян келтірген азаматтар айыппұл төлеп құтылып кетсе, қазір жағдай түбегейлі өзгерді. Орманды алқапта сирек кездесетін ағаш пен тал-теректі жаппай отайтындарды қандай жаза күтіп тұрғаны жайлы, сондай-ақ Мемлекет басшысының елімізде 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасы қалай іске асырылып жатқаны туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Асхат Қайнарбеков кеңінен тарқатты.
05 Ақпан, 2021
БҰҰ назарында – қоршаған ортаға қамқорлық
Әлемді пандемия жайлаған тұста биоалуандылықты сақтау мен оның адамзаттың экономикалық дамуы мен саулығының өзара байланысы жайындағы мәселелер бұрынғыдан да маңызды бола түсті. Сарапшылар атап өткендей, БҰҰ бастамасы шеңберінде елімізде жүзеге асқан шараларға қарамастан, қоршаған ортаны қорғауға байланысты мәселелер әлі де жүйелікті, жан-жақты амалдарды қарастыруды қажет етеді.
05 Ақпан, 2021
Гетеден Паустовскийге дейін Марлен Дитрих кітап оқуды жақсы көріп, сүйікті қаламгерлеріне Тәңіріндей сыйынған деседі. Оның «ұлы» жазушыларының ең басында Иоганн Вольфганг Гете тұрыпты. Актриса өзінің өмірлік қағидаттары мен адамдық ұстанымдарын жастайынан оқыған кітаптарынан түйгенін жиі айтатын. 1920 жылы 19 жастағы Мария Магдалена Дитрих скрипкашылық өнерін дамыту үшін туған жері – Берлиннен кетеді. Қоныс аудару ол үшін әрі ауыр сынақ, әрі үлкен қуаныш болды. Қуаныш дейтініміз, актриса Гетенің теңдессіз шығармалар жазған Веймар қаласына келді. Ол ешқашан өз «тәңір-жазушысымен» мұндай рухани жақындықты сезінген емес.
05 Ақпан, 2021
Тәттімбет – жұмбақ, күрделі тұлға. Күйшілік өнердің шыңына шыққан, соңына қырық шақты өлмес мұра қалдырған, қазақтың музыка тарихына есімі қашап жазылған бірегей өнер иесі туралы сәл ертеректе жазушы Таласбек Әсемқұловтың «Тәттімбет сері» дейтін романының біраз бөлігін оқып шыққам. Ол жерде болыс Тәттімбеттің белсенді әрекеттері, аға сұлтан Құнанбаймен байланысы, оның атынан қазақтың соңғы ханы Кенесарыға елшілікке баруы, ел ішіндегі даулы мәселелерді шешуге араласуы, думанды жастық шағы, күйшілік өнерімен елдің ықыласына бөленуі бәрі нанымды суреттелген.
05 Ақпан, 2021
«Ақынды елі елемесе, сол қайғы...»
Талдықорған қаласында өткен жыр жұлдызы Жұматай Жақыпбаевтың еске алу кешінде Халық жазушысы Қуандық Шаңғытбаев «Жетісулықтар, жарты байлықтарыңды сатсаңдар да ақынға арнап көше беріңдер» деп тебірене сөйлеген екен. Сол жылы лебіз Жетісу жұртының жадында. Сонда билік басындағылар туған ауылының іргесіндегі алма бақты тарту етпекке уәде етіпті. Міне, содан бері ширек ғасырдан асты. Ақынның туған топырағы тырп етер емес. Осыдан үш жыл бұрын облыс әкімі Амандық Баталов халық алдында уағда байласып, арнайы тапсырма бергенімен, мәселе оң шешімін тапқан жоқ. Әлі де кеш емес дейміз-ау, әйтсе де...
05 Ақпан, 2021
Ауылдың бәрі «I love»-пен әлек
Қазақтың алтын қазығы ауылды дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Ауыл қалай өркендеуі керек? Инфрақұрылымы жақсарып, сапалы жол, самала жарық, саулаған газ қолжетімді болып, ғаламторда іркіліс болмауы қажет. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының әлеуметтік әлеуетін назардан тыс қалдырмай, ұядай балабақша, ұлағатты ұстаздары бар мектеп, спорттық секциялар мен мәдени-рухани кештер, түрлі үйірмелер ұйымдастырылуы тиіс емес пе? Ауыл жастарының мәселесін шешу, жұмыссыздықты еңсеру және қорадағы қозы-лақтың күйін күйттеуге, малдың жем-шөбін қамдап, суын тауып беруге мүмкіндік болуы керек.
05 Ақпан, 2021
Асқар Мамин Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді
Премьер-Министр Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңес (ЕҮАК) отырысына және «Digital Almaty» форумына қатысу үшін Алматы қаласына келген РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Ақпан, 2021
Қызылордада 300-ден аса қызметкер 4 айдан бері жалақысыз отыр
Қызылорда қаласында «Ұшқын» мүгедектер оқу-өндірістік кәсіпорнының 300-ден аса қызметкері 4 айдан бері жалақысыз отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
04 Ақпан, 2021
Жетісуда жемқорлыққа қатысты жағымсыз оқиға жиіледі
Жетісуда жемқорлығы әшкереленген лауазымды қызметкерлердің қатары азамай тұр. Өкінішке қарай, соңғы бір ай көлемінде ел құлағын елеңдеткен оқиға жиілеп кетті. Мәселен, жақында облыстық білім басқармасының басшысы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Ақпан, 2021
Бақыт Сұлтанов «жабық есіктің» арғы жағындағы батырлар шайқасы туралы айтты
Сауда және интеграция министр Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желідегі парақшасында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырыстары - келіссөздердің және ел мүдделлерін қорғаудың маңызды алаңдарының бірі болып табылатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
04 Ақпан, 2021
АҚШ үкіметіне трансгендер вице-министр келді
Джо Байден АҚШ денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары лауазымына 62 жастағы трансгендер Рейчел Левинді тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz
04 Ақпан, 2021
Маңғыстаулық дәрігерлер қала әкімінің орынбасарына вакцина салудан бас тартты
Маңғыстау қаласының дәрігерлері ерікте түрде «Спутник-V» вакцинасын салдырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
04 Ақпан, 2021
Қазақстанда жаңа мереке күні пайда болады
Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы мерекелік күндер тізбесіне толықтыру енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz
04 Ақпан, 2021
Қытайға темір рудасын сатқан қарағандылық кәсіпорынның ісі әшкере болды
Қарағандылық кәсіпорын Қытайға темір рудасын заңсыз сатқан. Мекеме бұл заңсыз әрекетінен 1,1 млрд теңге болатын пайда көрген, деп жазады Egemen.kz
04 Ақпан, 2021
Amazon-ның бас директоры қызметінен кетпекші
Amazon-ның бас директоры Джефф Безос директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
04 Ақпан, 2021
Каспийдегі балық аулау аймағын ұлғайтуға қатысты заң қабылданды
Каспийдің қазақстандық бөлігі 15 теңіз милін құрайтын болады. Бүгін сенаторлар осы заңды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Ақпан, 2021
Байкал көлінде екінші рет жер сілкінді
Иркутск облысы мен Бурятия шекарасындағы Байкал көлінің су айдынында жер асты дүмпуі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz
04 Ақпан, 2021
Әлемде коронавируспен күрес үдей түсті
Әлемде коронавирусты жаңадан жұқтырғандардың саны біртіндеп азайып келеді. Қазіргі таңда бір тәулікте тіркелген науқастар саны 2020 жылғы қазандағы деңгейге түсті.
04 Ақпан, 2021
«Menin armanym» жүректерге жылу сыйлайды
Таяуда Алматы қаласында «Menin Armanym» корпоративтік қорының баспасөз-конференциясы өтті. Ұйым өкілдері қор жұмысының алғашқы үш айының қорытындыларын айтып берді. Қор денсаулығында кінәраты бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың армандарын орындайды. Олардың басқа ұйымдардан ерекшелігі – сыйлықтар бермейді немесе емделуге қаражат жинамайды, керісінше балалардың ішкі қалауындағы ниетін орындауға көмектеседі.
04 Ақпан, 2021