Редакция таңдауы
Шығыс Қазақстанда 1 500-ге жуық адамды кене шақты
Шығыс Қазақстан облысында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді 1,3 мыңнан астам адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Мамыр, 2021
Қазақстанда күн 40 градусқа дейін ысиды
Синоптиктер 25-27 мамырға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Мамыр, 2021
«Sputnik V» вакцинасына қатысты дау шықты
Қырғызстанда індетке қарсы ресейлік «Sputnik V» вакцинасына қатысты дау шығып, соңы қызу пікірге ұласты, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kg ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
24 Мамыр, 2021
Иманбек Зейкенов тағы бір марапатқа ие болды
Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) Billboard Awards жүлдесінің иегері болды. Бұл туралы музыкант Instagram-парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Мамыр, 2021
А. Мамин Риддер қаласының өрттен зардап шеккен тұрғындарымен кездесті
Премьер-Министр Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Риддер қаласына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Мамыр, 2021
24 мамырға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет синоптиктері 24 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Мамыр, 2021
Еңбек қауіпсіздігі – өнімді әрі сенімді жұмыс кепілі
Қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету және өндірістік жарақат көрсеткішін төмендету – Үкімет алдындағы негізгі міндеттің бірі. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендердің саны 10,7%, оның ішінде қайтыс болғандар саны 16,2%-ға азайған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді.
24 Мамыр, 2021
Сан ғасырлық тар жол, тайғақ кешуден, сындарлы жылдардан өткен қазақ халқы әрбір дәуір, замандарда ұлтына адал қызмет еткен, артына өшпес із-өнеге қалдырған дара тұлғаларды мақтан етіп, ізгіліктерін еске алып жүрсе, өсер елдің мұраты да жарқырап көрінеді.
23 Мамыр, 2021
Елордада балалар эко-театры ашылды
Табиғат тазалығына түрлі жолмен көңіл бөлуге болады. Сондай ерекше жобаны EcoQolday экологиялық театры қолға алып отыр. Өнер ұжымы тек балалардан құралған. Ол жерде шығармашылық ұжым тұрмыстық қалдықтарды бөліп тастау, қоршаған ортаны қорғау тақырыптарына қатысты қойылымдар әзірлейді.
23 Мамыр, 2021
Балалар лагері дайындыққа кірісті
Қостанай облысында биыл жазда балаларға арналған 10 демалыс орны ашылады. Қазірдің өзінде 4 сауықтыру лагері жұмыс істеуге рұқсат алып үлгерді. Өңірде эпидемиялық жағдай тұрақты болып тұрса, қала сыртында орналасқан басқа демалыс орындары да жұмысқа кірісетін болады. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, бірінші ауысымдағы жазғы лагерьлер маусым айынан бастап жұмыс істей бастайды.
23 Мамыр, 2021
Бүгінде жұрттың бәрі қайталай бергеннен мәтел болып кеткен «Әдебиет –ардың ісі» дегенді тек сөз өнерімен ғана байланыстырып айту, менің ойымша, дұрыс емес. Алланың жазуымен жарық әлемнің есігінен аттаған кез келген ұлы өнердің дүниеге келіп, кіндігі кесілген шақтағы, алғашқы емгені Ардың ақ сүті екенін ұмытуға болмайды. Тағдыр тәлкегімен адасып, жалған саясаттың құрбаны болған шығармашылық адамдарының бәрі де Өнер-Ананың ақ сүтін ақтай алмай, жаны қиналып, түптің түбінде Ар азабының қасіретін тартатыны сөзсіз.
23 Мамыр, 2021
Бопай ханым – болмысы бөлек тұлға
Жақында бас шаһардың бас театры – Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрында жазушы-драматург Роза Мұқанованың «Бопай ханым» тарихи драмасының премьерасы зор табыспен өтті. Көпшілік көрермен көңілінен шығып, өнердің айтулы жаңалығына айналған қойылым – пьеса авторы мен театр ұжымының Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына жасаған тамаша тартуы. Болмысы биік Бопай ханым бейнесі арқылы өлмейтін өзекті тақырыптарды арқау еткен спектакль сергек ойлы көрерменін бейжай қалдырмады. Премьерадан кейін қойылым авторымен жүздесіп, сахнаға алғаш шығып отырған туындының тарихы мен туу тағдырынан сыр тарқатып, сиясы кеппеген шығарма жайындағы драматургтің ойы мен толғанысын білген едік.
23 Мамыр, 2021
Алматыда «Телқожа Жанұзақ және онамастика мәселелері» атты жиын өтті
Бүгін Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Телқожа Жанұзақов және онамастика мәселелері» атты жиын өтіп, қазақ онамастикасының негізін қалаған белгілі ғалымның бес томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді.
22 Мамыр, 2021
«Спутник V» вакцинасын салдырған жүкті әйелдердің денсаулығы бірқалыпты
Жүкті әйелдерде «Спутник V» препаратына елеулі жағымсыз реакциялар анықталған жоқ. Бұл туралы Egemen.kz Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
21 Мамыр, 2021
Пандемия тұсында Еуроодаққа мүше елдердің экономикасы 23%-ға өсті – Елбасы
Бүгін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жиынның барлық қатысушыларына пандемияға қарамастан, ұйымға мүше елдердің экономикасында ілгерлеушілік бар екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Мамыр, 2021
Локдаун кезеңінде сауда кедергілерінің саны артты – Тоқаев
Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы сауда кедергілерін жою қажет. Бұл туралы Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Мамыр, 2021
Бүгін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтеді
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
21 Мамыр, 2021
Ауыл әкімдерінің сайлауы қалай өтеді?
Ауыл әкімдерін сайлау осы жылдың шілде айының соңғы 10 күні ішінде өтуі тиіс. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Мамыр, 2021
Сырдария ауданының әкімі партиялық жауапқа тартылды
Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Асқар Тоқамағамбетов атындағы ауылда «Асқар Тоқмағамбетов Жер» ЖШС үлескерлерінің екі тобы арасында олардың бір бөлігінің серіктестік құрамынан шығу туралы шешімге байланысты жанжал туындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Мамыр, 2021
Алдағы күндері 38 градусқа дейін ыстық болады
Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық бөлігі жоғары атмосфералық қысым әсерінде болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
21 Мамыр, 2021