Редакция таңдауы
Белгілі журналист Татьяна Костина өмірден озды
«Казахстанская правда» газетінің бұрынғы бас редакторы Татьяна Костина өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қазан, 2022
ТМД елдері басшылары қандай мәселелерді талқылайды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысын ашық деп жариялады, деп жазады Egemen.kz.
14 Қазан, 2022
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ЖШС (бұдан әрі – Редакция) 2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысу үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабына сәйкес тіркелген Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға (бұдан әрі – Кандидат) сайлауалды үгіт материалдарын орналастыруға арналған газет көлемін берудің шарттары туралы хабарлайды.
14 Қазан, 2022
Социалистік жүйенің тар қалыбына сыймаған аяулы азаматтардың бірі Сағалбай Жанбаев. Ол бар ғұмырын, күш-жігерін ел жағдайын жақсартуға, қазағына қамқор болуға арнады. Жанбаевтың саяси аренадағы басшылықтан ығыстырылуы еліміздегі Тың игеру науқанына байланысты өрбіді.
14 Қазан, 2022
Бүгінгі заманның адамы шаруаға ширақ, санасы сергек, өмірге бейім келуі үшін күнделікті тұрмыс-тіршілікте туындайтын жағдайларда шешімтал бола білгені жөн. Яғни кез келген жағдайда ақысын ажыратып ала алатындай сауатты болу – өз құқын қорғай алатындай «сауытты» болу деген сөз. Бұл ретте «Тұтынушылық білім беру академиясы» қоғамдық-коммуникациялық науқаны аясында «Қазақстан тұтынушылар лигасы» қауымдастығы ел өңірлерінде студенттерге шеберлік сабағын өткізіп, біраз жайттың қыр-сырына қанықтырып жатыр.
14 Қазан, 2022
Қымбатшылық бүйірден қысып тұр. Сауданың барлық сегментінде баға өскені байқалады. Әрине, оған себеп болған факторлар бізге ежелден белгілі. Бірі – ішкі экономика мен төл валютаның әлсіздігі болса, екіншісі – жаһандық инфляция әсері. Осы орайда жергілікті атқарушы органдар ірі сауда желілерімен сауда үстемесін 10 пайызға дейін төмендету туралы меморандумдар жасасқан.
14 Қазан, 2022
Жеңілдік сертификатын қаржыландыру басталды
Жуырда «Жасыл даму» АҚ ел Үкіметінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №20 қаулысын іске асыру шеңберінде «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның кәдеге жаратуға тапсырылған ескі көліктер мен агротехникаларға ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдік сертификаттарын өтеу туралы құқықтық міндеттемелерін орындау жұмысы аяқталғанын хабарлаған болатын.
14 Қазан, 2022
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамының динамикасы мен қаржы нарығындағы соңғы үрдістер туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, АҚШ Федералды резерв жүйесінің және әлемнің басқа да жетекші орталық банктерінің ақша-кредит саясатын күшейтуді жалғастыруы, РФ мен Украина арасындағы геосаяси дағдарыстың күшеюі тәуекел-сентиментті күрт төмендетіп, тәуекелді активтер тым құбылып кетті.
14 Қазан, 2022
Қазақстан мен Нидерланд арасындағы экономикалық қатынастар қарқынды дамып келеді. 2011 жылдан бері Нидерландтан бізге келген инвестиция ағыны 23,7 млрд долларды құрады. Оның үстіне қызғалдақтар елі көп жыл бойы қазақстандық инвесторлар арасында көшбасшы болып келеді.
14 Қазан, 2022
OPEC елдері биылғы мұнай өндірісін тағы да қысқартпақ. Осылайша, аталған ұйымға мүше мемлекеттер бір жылда төртінші рет шығарылатын қара алтын көлемін азайтуға келісті. Мұның себебі ретінде ОПЕК елдері экономикалық өсімнің баяулауын, Қытайдағы коронавирустық шектеу шараларының күшеюін және инфляцияның жоғарылауын алға тартып отыр.
14 Қазан, 2022
Тоқсаныншы жылдардың соңында елімізде демократияның дүмпуі сезіліп, дербестікке ұмтылған халқымыз азаттықтың самалын сезіне бастады. Бұрынғы одақтың шаңырағы шайқалып, тоқырау шегіне жете бастаған тұс еді бұл. 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің төрағасы болған Ерік Асанбаев осыған орай депутаттар алдында көлемді баяндама жасайды. Президенттің қолдауымен сол жолы еліміздің егемендігі туралы декларация қабылданып, ел тарихында маңызды құжатқа қол қойылды.
14 Қазан, 2022
Жаңа Салық кодексінің бизнеске әсері
Президенттің биылғы Жолдаудағы тапсырмасына сәйкес, елімізде жаңа Салық кодексі әзірленіп, қабылданады. Соған байланысты мүдделі тараптар өз талап-тілектерін білдіруде. Мүдделі тараптардың қатарында бизнес өкілдері де бар.
14 Қазан, 2022
Табысын жасырғандар жазаланады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда күн тәртібіне шығарылған мәселелер қаралып, депутаттық сауалдар жолданды.
13 Қазан, 2022
1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Республиканың егемендігі туралы декларация туралы айтпастан бұрын, сол кездегі елімізде қалыптасқан саяси-экономикалық ахуалға тоқталып кеткен дұрыс болар. Сол кезеңде үлкен маңызды оқиғалар орын алды. Соның бірі – 1989 жылы мамыр-маусымда өткен КСРО халық депутаттарының алғашқы съезі ашық, жариялылық түрде өтіп, съезд барысы теледидар және радио арқылы толығымен бүкіл одаққа таратылып отырды.
13 Қазан, 2022
Осы апта еліміз үшін саяси оқиғаларға толы болды. Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің кезекті саммиті өтіп жатқаны белгілі. Осыған байланысты «тоғызыншы территорияға» бірқатар елдің басшылары ат басын бұрды. Соның ішінде Түркия Президенті мен Қатар Әмірі мемлекеттік сапармен келді. Екіжақты кездесулер барысында өзара ынтымақтастықты дамытатын маңызды құжаттарға қол қойылды.
13 Қазан, 2022
S&Р: Экономикадағы сын-қатерлер
Қазақстан нарығында жұмыс істейтін ресейлік еншілес банктердің нарықтан кетуіне байланысты отандық бес ірі банктің депозиті 72 пайызға артты. S&P Global Ratings өзінің жақында жариялаған «Банк секторының салалық және елдік тәуекелін бағалау: Қазақстан Республикасы» атты аналитикалық есебінде нарықтық шешімдердің және реттеуші органдардың қолдауы арқылы Қазақстан ресейлік банктер проблемасын шеше алды деп мәлімдеді.
13 Қазан, 2022
Стрестік активтер қаншаға бағаланды?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанның қаржы жүйесіндегі стрестік активтердің көлемі айтарлықтай қысқарды және сектордың қаржылық тұрақтылығына қауіп төндірмейді. Оның айтуынша, стрестік активтердің деңгейі банк жүйесі сенімділігінің негізгі индикаторы болып саналады.
13 Қазан, 2022
Еліміз бойынша пробация қызметінің есебінде 28 мыңнан астам адам бар. Оның ішінде 300-ден астамы кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмауына қарсы баптар бойынша сотталған. Ішкі істер министрлігі олардың жүріс-тұрысын қадағалау мақсатында электронды бақылау құралдарын енгізуді мықтап қолға алды.
13 Қазан, 2022
Қасиетіңнен айналдым, Қарқаралы...
«Қарқаралы» деген сөз менің жадымда сонау бала кезімнен құлағыма сіңді. Алматы облысы Жамбыл ауданында Бұғымүйіз-Бесмойнақ деген тау баурайында дүниеге келіппін. Көршіміз Тілеген Жақыпбаев пен Райля Исаева деген кісілер болды. Екеуі де мұғалім еді.
13 Қазан, 2022
Елімізде жаңа мұрағаттық деректердің ашылып, ғылыми айналымға енгізілуі кеңестік Қазақстанның бұрынғы басшылары туралы көбірек мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жұмабай Шаяхметов (1902-1966) – Отан тарихында лайықты орны бар, республикамыздың экономикасы мен әлеуметтік-мәдени дамуына елеулі үлес қосқан белгілі мемлекет қайраткері. Оның ұзақ жылдар бойы еліміздің ең жоғары басқару жүйесінде еңбек етіп, сегіз жыл Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарғаны жұртшылыққа мәлім.
13 Қазан, 2022