Редакция таңдауы
Сабындыкөлде сауықтыру орталығы салынады
Баянауылдық кәсіпкерлер қысқы туризмді дамытуға ниеттеніп отыр. Қыста саяхаттап келетіндер үшін мұнда келешекте бұғы мүйізі – пантамен емдеу орны және кварцты құм төселген спорт алаңдары тұрғызылмақ. Жыл бойы қызмет көрсететін сауықтыру кешені Сабындыкөл жағасында салынады деп жоспарланған.
16 Қазан, 2022
Футболдан Қазақстан чемпионаты мәресіне жақындаған сайын командалар арасындағы жоғары орындарға талас-тартыс қыза түсті. Қазақстандық даңқты футболшы және жаттықтырушы Ваит Талғаевтың құрметіне өткен XXIII турда отандық футбол жанкүйерлері «Тобыл» мен «Ақтөбе», «Қайрат» пен «Астана», «Каспий» мен «Мақтаарал» және тағы басқа клубтар арасындағы тартысқа толы қызықты матчтардың куәсі болды.
16 Қазан, 2022
Дзюдодан Ташкентте өткен әлем чемпионаты аяқталған бетте IJF рейтингі қайта жаңартылды. Бұл жарыста Қазақстанның ерлер құрама командасы мүшелері арасынан ең үздік нәтиже көрсеткен Елдос Сметов екені белгілі. Аса жеңіл салмақта күрескен ол қола медальді мойнына ілді. Соның арқасында қандасымыз бірден 22 сатыға жоғарылап, қазіргі кезде 16 орынды иеленуде.
16 Қазан, 2022
Қарағандыда Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сыдық Мұхамеджановтың есімі «Жұлдыздар аллеясына» жазылып, ескерткіш тақта ашылды.
16 Қазан, 2022
Отбасы мерекесі – Отан берекесі
Отан – отбасынан басталады. Осы нақылды ұршықтай иіріп, ұлттың ұстынына айналдыру бүгінде үлкен маңызға ие. Неге десеңіз, «тәрбие – тал бесіктен басталады» деп тағы бір оймақтай ой қосуға бейілміз. Бұл ретте «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының мәні жоғары. Жетісуда өткен дәстүрлі додаға біз де куәгер болдық.
16 Қазан, 2022
Қазақстан мен Куба медицина салаларында ынтымақтастық орнатады
Биофармацевтика, медицина және туризм салаларындағы екіжақты қатынастарды дамыту мәселелерін талқылау үшін бейнеконференция форматында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Кубаның Сауда палатасы арасында бірінші отырыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Қазан, 2022
Қазақстан Ресейге экспорт көлемін арттыруға дайын
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына экспортты арттыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды, Egemen.kz.
14 Қазан, 2022
Қазақстандықтар Вьетнамға визасыз кіруі мүмкін
Әлихан Смайылов пен Вьетнамның вице-президенті Во Тхи Ань Суан экономикалық және әлеуметтік-мәдени ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Қазан, 2022
Астанада ТМД Үкімет басшылары Кеңесінің отырысы өтеді
ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев ұйым аясында жоспарланған бірқатар іс-шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қазан, 2022
Батыс Қазақстанда ақбөкендер қырылып жатыр
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында ақбөкендердің қырылуына қатысты сараптама жүргізіледі. Қоңырат және Жігер елді мекендерінен ақбөкендердің бес ұшасы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қазан, 2022
Түрікменстан президенті Қазақстанға келді
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Қазан, 2022
Торғайдағы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейіндегі ең құнды жәдігерлердің қатарында ұлт ұстазының көзіндей болған ыстық дүниенің бірі – осыдан бір ғасыр бұрын Ақаң ұстаған ескі патефон да тұр.
14 Қазан, 2022
Биыл Алматыда КСРО мен Қазақстанның Халық әртісі, «Халық қаһарманы» Роза Тәжібайқызы Бағланованың 100 жылдығына арналған «Алматыдағы алтын күз «Қазақконцертпен» бірге» өнер фестивалі тұңғыш рет өтіп жатыр. Роза Бағланова ұзақ жылдар бойы Алматыда еңбек етті. Қазақтың бұлбұлына қанат бітіріп, музыка өнерінің биігіне шарықтап шығуына шабыт берген Алматы десек, бұл шындықпен келіспейтін жан болмасы белгілі.
14 Қазан, 2022
Балалар жылы аясындағы барлық іс-шара балалардың құрметіне ұйымдастырылып, солардың болашағы жолында өтіп жатыр. Республикалық және өңірлік деңгейде аталып жатқан Балалар жылының басты ұйытқысы – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
14 Қазан, 2022
Медициналық сақтандырудың тың тетігі
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұрғындардың медициналық сақтандыру жүйесінде қамтылу көрсеткішін арттыру жұмыстарын жалғастыруда. 2022 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Астана қаласында тұрғындардың 82,7%-ы – МӘМС жүйесінің қатысушылары, ал 17,3%-ға жуық елорда тұрғыны қамтылмай, МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. 5 қыркүйектен бастап бір жылға алдын ала жарна төлеу арқылы МӘМС жүйесіне қатысудың жаңа тетігі іске қосылды. Оны «сақтандырылған» мәртебесі бар, сондай-ақ жүйеге ешқашан төлем жасамаған немесе жүйесіз төлем жасаған барлық дербес төлеушілер пайдалана алады. Бұл қалай жұмыс істейді? Төлеушілер қандай өзгешеліктерді білуі керек? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елорда филиалының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров осы және басқа да маңызды деген сауалдарға жауап берді.
14 Қазан, 2022
Өңірдегі бірқатар ауыл-аймақтың ажары «Ауыл – ел бесігі» жобасының шарапатымен нұрланып, тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы көп-көрім жақсарып келеді.
14 Қазан, 2022
Халыққа қызмет көрсету орталықтарына түсетін жүктемені азайту мақсатында шетел азаматтарына ЦентрКредит Банкі арқылы ЖСН алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылданды. Бүгінге дейін бірқатар шетел азаматы екінші деңгейлі банк бөлімшелерінен ЖСН алып үлгерді.
13 Қазан, 2022
Мектеп директорының біліктілігі маңызды
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Шымкент қаласына арнайы іссапармен келді. Іссапар барысында мегаполистегі білім мекемелерінің жұмыстарымен танысып, ұстаздар қауымымен кездесті.
13 Қазан, 2022
«Айбалта-2022» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында елімізде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жедел әрекет ету күштерінің «Эшелон», «Іздеу», «Өзара іс-қимыл» оқу-жаттығулары өтті. Осыған орай Қазақстанға ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келіп, бірлескен жауынгерлік іс-қимылдарды пысықтады.
13 Қазан, 2022
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің Президент тапсырмасына сәйкес халықпен кездесіп, атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беру науқаны басталды. Алдымен шаһар басшысы Абай ауданының тұрғындарымен жүздесіп, есепті мерзімде қолға алынған жұмыстар жайлы баяндап берді.
13 Қазан, 2022