Редакция таңдауы
Мемлекет басшысы Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтем жасап.
29 Қазан, 2025
Астанада 36 мыңнан астам тұрғын жаңа жұмыс кестесіне ауысты
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданы тұрғындарымен кездесу барысында жаңа жұмыс уақытының режиміне негізінен мемлекеттік органдардың, ұлттық және коммуналдық компаниялардың қызметкерлері көшкенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қазан, 2025
АҚШ Президентінің арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Ақордаға келді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
29 Қазан, 2025
Қазақ-фин ынтымақтастығы жаңа бағытта дамиды
Кеше Финляндия Президенті Александр Стубб елімізге алғаш рет ресми сапармен келді. Жоғары деңгейдегі келіссөздерге дейін Ақорда резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаевпен Александр Стубб бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Екі елдің әнұрандары орындалғаннан кейін президенттер шағын құрамда кездесу өткізді.
29 Қазан, 2025
Энергетикалық жобаларды жүзеге асыру міндеті
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электр энергетикасы саласын дамыту мен цифрландыру мәселесі қаралды. Отырыста тиісті ведомство басшылары салада атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.
29 Қазан, 2025
Жаһандық ұйымдарға жол ашқан құтты қадам
1990 жылдың қоңыр күзі. Кеңес одағы әлі ресми түрде таратылмаған, бірақ идеологиялық пәрмені әлсіреп, одақтас республикалар саяси дербестікке қарай қадамдай бастаған шақ. Ал сол тұста қабылданған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация» еліміздің тәуелсіз сыртқы саясат жүргізу ниетін алғаш рет құқықтық деңгейде жариялаған тарихи құжат еді.
29 Қазан, 2025
Еліміз 1992 жылы БҰҰ-ға мүше болған соң, біртіндеп аймақтық, әлемдік ұйымдардың құрамына ене бастады. Бірқатарына төрағалық та етті. Елшілік, консулдықтармен қатар халықаралық ұйымдарда тұрақты өкілдіктерін ашты. Дипломатиялық миссияларды орындап, бітімгерлік жолға өз алаңын ұсынды. Сондай-ақ еліміз – Еуроодақтың Орталық Азиядағы басты серіктесі.
29 Қазан, 2025
Финляндиямен экономикалық байланысымыз кеңейеді
Премьер-министр Олжас Бектенов елімізге ресми сапармен келген Финляндия Президенті Александр Стуббпен кездесті.
29 Қазан, 2025
Аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық форумы
Шымкентте ІІІ Қазақстан – Ауғанстан бизнес форумы өтті. Оған Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Ауғанстан Өнеркәсіп және сауда министрі Әлхадж Нуриддин Азизи қатысты.
29 Қазан, 2025
Ұлттық құндылықтар – ұлы қазына
Кемеңгер Әбіш Кекілбайұлы жазып кеткендей: «...Жалпақ әлемге қысылмай-қымтырылмай қарау үшін рухани байлық керек». Сондықтан жеті ықылымнан жеткен салқар салт-дәстүріміз, ғасырлар ғақлиясындай ғажайып ауыз әдебиетіміз, милләттің мәңгілік мақтанышындай мәдени мұраларымыз, ұзын сөздің қысқасы, ұшан-теңіз ұлағатқа толы ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау елдіктің ерен белгісі екені талас тудырмайды. Өйткені өз халқының өнегелі өткенін білмей өскендерде өршіл рух болмайды. Ендеше, Отаны үшін отқа түсуге даяр ұл-қыз тәрбиелегіміз келсе, бабадан мирас бар қазынамыздың қадір-қасиетін бағалай білуіміз қажет.
29 Қазан, 2025
Инфрақұрылымды жаңғырту – басты назарда
Ұлытау облысында жол мәселесінің күрделі екендігі арагідік айтылып қалады. Жергілікті халық облыста жол жөндеу, көлік-логистикалық әлеуетті арттыру мақсатында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды бүге-шігесіне дейін біле бермейді.
29 Қазан, 2025
Талдықорған – Үшарал магистралды газ құбыры іске қосылды
Жетісу халқы көптен күткен Талдықорған – Үшарал магистралды газ құбырының құрылысы белгіленген мерзімінен ерте аяқталды. Үшарал автоматты газ тарату стансасында өңірдегі алты бірдей жаңа газ бекетінің алауы тұтанды. Осылайша, бір мезетте алыстағы елді мекендерге көгілдір отынның алғашқы легі келіп жетті. Жобаны Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «QazaqGaz» ұлттық компаниясы жүзеге асырды.
29 Қазан, 2025
Ақмолалық диқандар егін орағын толық аяқтап, 7,6 миллион тонна астық жинады. Бұл өңір тарихында тұңғыш рет қол жеткізілген толағай табыс.
29 Қазан, 2025
Тазы ұстау – аңшылықтың ғана емес, дәстүрлі өмір салтының ажырамас бір бөлігі. Қазақтың өмір салтына тән осы дәстүрді жандандыра отырып, елімізде қазақы ит тұқымдарын сақтау, сондай-ақ оларды халықаралық деңгейде таныту мәселесі кейінгі жылдары Президент тапсырмасымен қолға алынды. Тиісті заңдарға өзгерістер енгізілді. Тазы стандарты бекітіліп, қазіргі кезде ғылыми зерттеу іске аса бастады. Осы мақсатта асыл тұқымды иттердің байқаулары мен көрмелері тұрақты өтіп келеді.
29 Қазан, 2025
Мәулен Әшімбаев: Парламенттік реформа – демократиялық даму жолындағы маңызды қадам
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев 24KZ телеарнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасында Мемлекет басшысы ұсынған парламенттік реформаның мақсаты мен маңызына түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Қазан, 2025
Александр Стуббтың елімізге ресми сапары аясында 15 құжатқа қол қойылды
Финляндия Президенті Александр Стуббтың елімізге ресми сапары аясында 15 құжатқа қол қойылды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Қазан, 2025
Магистратура мен докторантураға құжат қабылдау басталды
Бүгін, яғни 28 қазанда магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге өтініш беру және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталады. Өтінішті Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында толтырады, деп жазады Egemen.kz.
28 Қазан, 2025
Қазақстанда 2029 жылға қарай электр тапшылығы жойылады
Еліміз алдағы төрт жылда энергетика саласын айтарлықтай күшейтіп, 2029 жылға қарай электр энергиясы бойынша толық қамтамасыз етілген әрі экспортқа әлеуеті бар мемлекетке айналуды көздеп отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
28 Қазан, 2025
Отын-энергетика кешенінде ЖИ қолданылады
Елімізде отын-энергетика кешенінде ЖИ технологияларын қолдану мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
28 Қазан, 2025
Мұқтаж жандарға қамқорлық – қастерлі қызмет
Қазанның соңғы жексенбісінде 2011 жылы 20 қазанда кәсіби мерекелер тізіміне ресми түрде енгізілген Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні аталып өтеді. Бұл күн – еселі еңбегімен, қапысыз қамқорлығымен қарттарға қызмет ететін, мүгедектерге, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға көмек көрсететін барша жанға деген шынайы құрметтің белгісі.
25 Қазан, 2025