Редакция таңдауы
Жалғас Жұмағұлов Астанада өтетін жекпе-жектен қанша сыйақы алады?
Бүгін Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Naiza 55 турнирі өтеді.
06 Желтоқсан, 2023
Цифрлық үдерістің әл-ауқатқа әсері
Орталығы Вашингтонда орналасқан әлемдік «Pew Research Center» зерттеу орталығы таяуда цифрлық өмірдің адамзат баласына әсері туралы зерттеу жұмыстарының нәтижесін жариялады. Орталық жүргізген зерттеуге қатысқан респонденттердің жартысына жуығы цифрлық өмірдің адамға оң ықпалынан гөрі алдағы уақытта теріс жақтары басым болатынына бірауыздан келіскен.
06 Желтоқсан, 2023
Елордада «Жыл волонтері» сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Халықаралық волонтерлер күні аясында ұйымдастырылған іс-шарада еліміздің әлеуметтік, қоғамдық өміріне белсене араласып, мұқтаж жандарға қолұшын созып жүрген 47 волонтер мен волонтерлік ұйым үздік деп танылды.
06 Желтоқсан, 2023
Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары «Отбасы-неке қатынастарынан туындайтын дауларды қарау кезінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелер» тақырыбына арналған отырыс өткізді.
06 Желтоқсан, 2023
Мұғалімдікті таңдағандарды Үкімет қолдайды
Кеше Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автокөлік құралдарымен жүк тасымалдау және транзитті дамыту мәселелері қаралды. Сондай-ақ республикадағы барлық деңгейдегі педагог кадрларды даярлау жөніндегі шаралар да талқыланды.
06 Желтоқсан, 2023
Түйе жүнінен ұлттық киім тігеді
Ақтауда «Jadagay» ұлттық брендінің түйе жүнінен сырт киімдер тігетін цех пен сән үйі ашылды. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту маңыздылыққа ие болғандықтан, киім тігу таң емес. Бірақ Ақтаудағы цехтың өзгелерден айырмашылығы – экологиялық таза шикізатты тұтынуы.
06 Желтоқсан, 2023
Таяуда «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) мен Еуразия Даму банкі (ЕАДБ) арасында Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру жобасын бірлесіп іске асыру туралы келісімге қол қойылды. ЕАДБ Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру жөніндегі жобаны іске асыру мақсатымен АлЭС (Sustainability-Linked Bond/SLB – экологиялық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін борыштық бағалы қағаздар) шығаратын орнықты даму облигацияларын (ESD) сатып алуды жоспарлап отыр.
06 Желтоқсан, 2023
Спортсүйер қауымның есінде болса, жақында ғана Астана қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өткен Азия біріншілігінде таулы өңірдің түлегі Толғанай Қасымхан топ жарып, Азия чемпионы атанған еді. Бұл қуанышты хабарды естіген ел-жұрт боксшы қызды зор құрметпен күтіп алып, артынша тілеуін тілеп жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына шығарып салды. Әлем біріншілігінде де былғары қолғап шебері Толғанайға төтеп берер қарсылас табылмады.
06 Желтоқсан, 2023
Қоныс аударуға ниеттілер қатары артты
Өңірлерді дамыту мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінен еңбек күшін, білікті мамандарды тартып, отбасыларымен қоныстандыру, жұмыс орындарын ұсыну Абай облысында да қарқынды жүріп жатыр. Жыл басынан бері «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының шеңберінде Абай облысына 584 адам (217 отбасы) қоныс аударған екен. Оның 196-сы атажұртқа ат басын тіреген қандасымыз болса, 388-і өзге облыстардан қоныс аударушылар қатарында.
06 Желтоқсан, 2023
Халықаралық волонтерлер күніне орай облыстық жастар-ресурстық орталығы, волонтерлерді қолдау орталығы фронт-офисі жалғызілікті жандарға дер кезінде көмек қолын созып, қолдау көрсетуге әзір тұратын волонтерлермен кездесу өткізді.
05 Желтоқсан, 2023
Әдебиетке зор дайындықпен келіп, 11 роман, 22 хикаят, 100-ден аса әңгіме секілді мол мұра қалдырған қабырғалы қаламгер Дүкенбай Досжанның шығармаларын оқығанда оның үш ерекшелігі бар екенін байқадық. Біріншісі – бұрын әдебиетте сирек көтерілген құм тағдыры, кісінің еңсесін езіп, иығын басқан ауыр бейнеті сөз болады. Екіншісі – табиғат пен адам мінезінің экологиясы – адам жан дүниесінің табиғи ортамен қосыла жұтауы, табиғаттан бірте-бірте кіндігі ажырап бара жатқаны егіз өріледі. Үшіншісі – жиі қалам тартылмаған мистикалық сарынға, магиялық меңзеуге еркін бойлап, ой мен оқиғаның көркемдік тінін тауып, философиядан өрмек тоқиды.
05 Желтоқсан, 2023
Президент: Қазақстан Қытаймен ықпалдастықты жандандыруға ниетті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Желтоқсан, 2023
Оқушылардың қысқы каникулға қашан шығатыны белгілі болды
Оқу-ағарту министрлігі бекіткен құжатқа сәйкес, орта білім беру ұйымдарында екінші тоқсанның аяқталуы, яғни оқушылардың қысқы каникулға шығу уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Желтоқсан, 2023
Көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік ережелері қандай?
Көктайғақ – жаңбырдан кейін күннің салқындауынан немесе еріген қардың ауа райының күрт суып кетуінен пайда болатын жұқа мұз қабаты. Қыс жеткенде Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс аймақтарында көктайғақ жиі болады. Құлап, травматологиялық жарақат алмау үшін көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік ережелерін есте сақтау керек.
05 Желтоқсан, 2023
Педагог даярлайтын колледждерге талап күшейеді
Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаев елдегі білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Министрдің мәліметінше, 2025 жылға қарай демографиялық өсім болжанып отыр, сондықтан 15 мыңнан астам тәрбиеші, мектептерге 14 мыңнан аса бастауыш сынып мұғалімдері қажет болады, деп жазады Egemen.kz.
05 Желтоқсан, 2023
Астанада оқушылар мен студенттер қашықтан оқитын болды
Астанада бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары, колледждердің студенттері қашықтан оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Желтоқсан, 2023
Қызылшаны ұжымдық иммунитет жеңеді
Елімізде қызылша ауруы әлі бәсеңдемей тұр. Бұл дертпен сырқаттанушылардың күрт өсуі Үкіметте күн тәртібінен тыс жиын өткізуге түрткі болды. Бүгінде жұқпалы дерт еліміздің барлық аймағына таралып үлгерді. Соның ішінде ауруды ең көп жұқтырғандар – Шымкент пен Алматы қалалары.
05 Желтоқсан, 2023
Жезөкшелік – қоғамның дерті. Өкінішке қарай құқық қорғау органдары тарапынан бұған қарсы ымырасыз күрес жүргізіліп жатса да, жаман кәсіпті нәсіпке айналдырғандар айылын жияр емес.
05 Желтоқсан, 2023
Саясатқа байланған сауда жолдары
Қазақстан теңіз жолына шығуға мүмкіндігі жоқ ел екенін білеміз. Алайда ол барлық мемлекетпен тату тұратын біздің ел үшін кедергі емес. Нарықта сұранысы бар, бәсекеге қабілетті тауар болса, оны өткізетін, тасымалдайтын мүмкіндік қашан да табылады. Тек күрделеніп тұрған әлемнің геосаяси сахнасында бұрыннан тәжірибе қалыптастырған «өгіз де өлмейтін, арба да сынбайтын» саясаттан алшақ кетпесек болғаны. Экономика мен саясатты кейде егіз ұғым дерсіз. Оны жалпы әлемдік сауда жолдарындағы бүгінгі ахуалға қарап болжай беруге болатындай...
04 Желтоқсан, 2023
Агроөндірістік кешен – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше назарындағы маңызды саланың бірі. Өйткені келешегі зор, экспорттық әлеуеті мол бұл саланың елімізге берері көп. Агроөндірістік сектор мықты болуы үшін, ең алдымен, отандық ғылым мен мамандар мықты болуы керек.
04 Желтоқсан, 2023