Редакция таңдауы
Президент БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады. Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Желтоқсан, 2023
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінің үздік үштігіне кірді
Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде Рахмонов америкалық Стивен Томпсонды (17-7) мерзімінен бұрын жеңіп, рейтингтегі орнын өзгертті. Ол (18-0) жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2023
Астанада бір түнде 44 жол апаты тіркелді
Қалалық полиция департаменті ауа райына және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты жол қозғалысының барлық қатысушыларына барынша мұқият болуға кеңес берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2023
1 орынға 128 үміткер. Жастар кадр резервіне іріктеудің соңғы кезеңі басталды
Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен 19-23 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің ақтық кезеңін өткізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2023
Қаңтарда ел азаматтары қанша күн демалады?
2024 жылдың қаңтар айында Қазақстан халқы 21 күн жұмыс істеп, 10 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2023
11 айда қанша қандастың көшіп келгені белгілі болды
2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 19 476 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 126,5 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Желтоқсан, 2023
Нәресте ұшақта дүниеге келсе не болады?
Танымал саяхатшы-блогер Евгений Плесовских ұшақ бортында босану процесінде барша білу керек мәліметтерді мәлім қылды. Ол қазіргі таңда бортсеріктер (стюард, стюардесса) ұшу кезінде осындай жағдай бола қалса көмектесуге дайын екенін айтты. Блогердің сөзінше барлық авиакомпания қызметкерлері ұшақта жүкті әйелді босандыру жайын арнайы оқып, үйренеді, деп жазады Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2023
2024 жылдан бастап жұмыс берушілер қызметкерге өз қаражатынан зейнетақы жарнасын аударады
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарнасын аудара бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
19 Желтоқсан, 2023
«Қазақфильмде» фильм түсіруге бөлінген 400 млн теңге ұрланған
Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2023
Шавкат Рахмоновтың UFC рейтингіндегі көрсеткіші белгілі болды
ММА шебері Шавкат Рахмонов әлемдегі ең беделді промоутерлік ұйым UFC-дің көшін бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Желтоқсан, 2023
Шавкаттың шеберлігіне таңғалдым - UFC басшысы
UFC басшысы Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Стивен Томпсон жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. Ол баспасөз мәслихатында Шавкат өзін әбден шатастырып жібергенін және оның шеберлігіне таңғалғанын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
17 Желтоқсан, 2023
Семейде «Жалғыз арша» халықаралық ән байқауы басталды
Бүгін Абай облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының және Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен «Жалғыз арша» атты дәстүрлі ән байқауы басталды, деп жазады Egemen.kz.
17 Желтоқсан, 2023
Қолайсыз ауа райына байланысты 23 пойыз жолға шықпайды
Қазақстан темір жолы компаниясы Жамбыл облысындағы қолайсыз ауа райына байланысты пойыздар кестесінде түрлі өзгерістер болып жатқанын мәлім қылды. Оның ішінде 23 бағыттағы пойыздың қызметі уақытша тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.
17 Желтоқсан, 2023
Димаш Халықаралық кинофестивальде ән шырқады
16 желтоқсанда Қытайдың Хайнань аралында Бесінші халықаралық кинофестивалі шымылдығын түрді. Әлемдік киногерлер мен көрермендер үшін маңызды іс-шарада отандасымыз Димаш Құдайберген ән шырқады, деп жазады Egemen.kz әншінің ресми сайтына сілтеме жасап.
17 Желтоқсан, 2023
2,5 пайыздық несие кімдерге беріледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2,5 пайызбен несие беру тәртібін түсіндірді. Несие 5 жылға 21 мен 35 жас аралығындағы жастарға беріледі, деп жазады Egemen.kz.
17 Желтоқсан, 2023
Шавкат Рахмонов — Стивен Томпсон жекпе-жегінің тікелей көрсетілімі
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 296 турнирі басталды. Осы турнир аясында отандасымыз Шавкат Рахмонов та алты бұрышқа шығады, деп жазады Egemen.kz.
17 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік күніне байланысты бірнеше мемлекет басшылары құттықтау жеделхатын жолдады
Тәуелсіздік күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап.
16 Желтоқсан, 2023
Желтоқсан көтерілісі – қазақ жастарының ұлы ерлігі
1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында бодандық бұғауын бұзып, бостандық тілеп бұлқынған қазақ жастарының жүрегінде халқының арман-аңсары қайнап жатқан еді. «Желтоқсан көтерілісінің жаңа тарихымызда қандай орны бар?» деген сауалға жауап іздегенде, сол ақиқатты әділ таразылаған шығарма іздейтініміз анық. Осы жайында «Алматы. 1986 Желтоқсан», «Желтоқсан көтерілісі» айғақ-кітаптарының құрастырушы-авторы, публицист-жазушы Талғат Айтбайұлымен әңгімелескен едік.
16 Желтоқсан, 2023
Көзтүрткі Кеңестік кезеңде өзіндік көзқарасы үшін қуғындалған азамат туралы
2019 жылы ақпанда Павлодарда бір ғылыми-практикалық конференция өтті. Ол 1969 жылы сол қаладағы жалғыз қазақ мектебінде жасырын құрылған «Жас ұлан» ұйымының 50 жылдығына арналған басқосу еді. Онда баяндама жасаған ақын Арман Қани сол тоталитарлық кезеңде билікке деген қарсылық белгілерінің жекелеген адамдар тарапынан да бой көрсеткенін сөз етті. Сөйтті де, оларды іздеп тауып жазып, жинақ шығарудың қажет екенін конференцияға қатысушылар алдына мәселе етіп қойды. Осы идея бойынша болашақ кітапқа кіретін бір тақырыппен айналысуға тиіс болдым. Ол диссидент Махмет Құлмағамбетов еді. Астанаға келген соң Қостанайға, ондағы «Егемен Қазақстанда» көп жыл меншікті тілші болып істеген Нәзира Жәрімбетоваға телефон соқтым. Әріптесім мен іздеген адамның өз өңірлеріндегі Меңдіқара ауданының тумасы екенін растады. Сөйтті де: «Оны облыс орталығында тұратын ҰҚК подполковнигі, зейнеткер Ғалихан Мәулетов ағай жақсы біледі. Қажет деп тапсаңыз, телефонын тауып берейін», деді. Бұл хабарды естіген соң, бірден іске кірісіп, ақсақалға қоңырау шалып, хабарластық та. Мәселенің мән-жайын ұққан соң қария аталған тақырыпта сөйлесуге ықыласты екенін білдіріп, біраз дерек айтты. Содан кейінгі әңгіме ол кісінің елордаға келіп, ҰҚК-нің орталық госпиталіндегі медициналық байқаудан өту кезіндегі бос уақыты аралығында одан әрі жалғасты. Сонымен…
16 Желтоқсан, 2023
Бақыт Қажыбаев: «Оян, қазақ» – уақыттың сұранысы
Актер Бақыт Қажыбаевты театрға баратын көзіқарақты көрермен жақсы біледі. Алайда оны бір-ақ сәтте күллі қазақ еліне мәшһүр еткен рөл – «Оян, қазақ» фильміндегі Міржақып Дулатов бейнесі. Көп ішінен бекзат болмысымен дараланатын өнер иесінің табиғатына да осы рөл дөп келгендей. Оны көрермен де лайықты бағалады. Осы жылдың басты жаңалығына айналған фильмнің бас кейіпкері бүгінде елге танымал белді актерге айналды. Көптің көзайымы болған Бақыт Қажыбаевтан сыр тартқан едік.
16 Желтоқсан, 2023