Редакция таңдауы
Инвестиция орнына тариф: Халықты жылумен қалай қамтамасыз етуге болады?
Астанада «Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының» кеңейтілген жалпы жиналысы өтті. «Қазақстанның энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы жиналысқа энергетикаға жауапты мемлекеттік орган өкілдері, жылу және энергия өндіруші кәсіпорындардың басшылары мен саланың жетекші мамандары қатысты.
16 Желтоқсан, 2023
Қай заманда да ата-әжелеріміздің зейнетақысында береке бар. Шамалы зейнетақысының өзін біраз дүниеге жеткізіп, немерелері түгілі, ұл-қыздарын да жарылқап жүретін қариялардың шарапаты ерекше. Әулеттің әлеуетіне, әлеуметтің көңіл күйіне оң әсерін тигізетін осынау зейнетақының жыл өткен сайын өсіп жатқаны қуантады.
16 Желтоқсан, 2023
Мұнай саласы Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде еркін өмір сүріп, әлемдік кеңістіктегі орнын айқындауына үлес қосты. Қара алтын өндірісінің арқасында қазынаға мол қаржы түсті, соның нәтижесінде Ұлттық қор құрып, келер ұрпақтың меншігіне арнап актив жия бастадық. Жеріміздің астына жасырынған қазба байлық халықтың әл-ауқаты мен бақуатты тұрмысына тікелей себепші. Егемендікті жариялаған әдепкі жылдарда шамамен 26 млн тонна мұнай қазып алсақ, бұл көрсеткіш жаңа ғасырдың басында 30 млн-ға жетіп, арада он жыл өтер-өтпесте екі есе өсіп шыға келді. Қазір Қазақстан жылына 80-90 млн мұнай өндіруге қабілетті. Оның 80 пайызы экспортталады.
16 Желтоқсан, 2023
Ежелден жалғасқан жетім мен жесірін жылатпаған ата салтының жүлгесі үзілген жоқ. Бүгінде олар «асыраушысынан айырылғандар» деген санат бойынша мемлекеттің әлеуметтік қамқорлығы мен игілігін көріп отыр. Сонымен бірге мүгедектігі бар жандарды да жарылқау – әлеуметтік маңызды мәселе.
16 Желтоқсан, 2023
Бірлікпен бекемделген Тәуелсіздік
Менің ұғымымда тәуелсіздік – тарихы тереңнен тамыр тартатын қазақ халқының ғасырлар бойғы бодандықтың бұғауынан босап, жаңа заманда егемен ел болған күні. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, оның азаттығының тұғыры нығая түскенін айқындайтын маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз екі жыл – көзді ашып-жұмғандай қас-қағым сәт. Ал адамзат үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір.
16 Желтоқсан, 2023
Егемендіктің елең-алаңында отыз жылдан кейінгі халық өсімінің қалай боларын ешкім ойламаса керек. Ол кезде кеңестік ірі зауыт-фабрикалардың жұмысы тоқтап, елдің нарықтық экономикадан хабары бола қоймады. Өз алдына дербес мемлекет атанғанына тәубе еткен халықты «елдің болашағы жарқын болады» деген үміт, сенім жігерлендірді. Тәубе, жақында 20 миллионға жеттік деген хабарды естіп, төбеміз көкке жеткендей қуандық.
16 Желтоқсан, 2023
Әбіш Кекілбаевтың «бодандық бізді қалай сынаса, бостандық та солай сынайды» деген сөзі бар. Ұстарған ақыл мен ұшталған ой, шыңдалған рухтың сөзі бұл. Елдік пен бостандық, азаттық пен ұлт үшін күресте көресіні көріп, әбден шыңдалып шыққан тәуелсіз сана тудырған сөз қазақтың маңдайына сыйып тұр. Алласы алқап бере салған айналайын азаттықтың Алаш баласына қаншалықты қымбатқа түскенін де осы бірауыз сөзден бағамдаймыз.
16 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік жолында сарғайып атып сәскеде сөнген, еркіндік үшін тебінгісін терге шіріткен ұлт-азаттық көтерілісшілер жадымызда. Ал қан-қасап заманда қаламын қылыш еткен рухани ұлт-азаттық көтерілісшілердің жөні басқа. Жыраулар, Абай, Махамбет, Мағжан рухы салқар даланың шекарасын сарабдал жырымен, тілімденген жанымен күзетті.
15 Желтоқсан, 2023
Кеңестік қиын жылдарда жыраулар рухы, қобыз сарыны бізге Махамбет жырларымен бірге келді. Намыс болмаған жерде, ұлы сүйіспеншілік болмаған жерде ерлік пен елдік те, кеңдік пен теңдік те жоқ-ау, шамасы. Былайынша айтқанда, ештеңе жоқ. Ұлы сүйіспеншілік үлде мен бүлдеге оранған Күнікей қыз болып қана көріне ме? Алтын тақ, хан сарайы сияқты қылаң беруі керек пе әлде?
15 Желтоқсан, 2023
«Қазақ үшін шам қылған жүрек майын»
Алаш аялаған Сұлтанмахмұт Торайғырұлы екі мүшелден енді аса бергенде, яғни 27 жасында дүние салды. Бейнелеп айтқанда, қамшының сабындай қысқа ғұмыр. Бірақ ол осы жасына дейін талмай еңбек етіп, мол мұра қалдырды. Оның қайратты қаламынан 100-ден аса өлең, 5-6 сүйекті поэма, екі роман, 7-8 мақала, очерк, әңгіме туды. Бұл шығармаларды ақын жетімдік пен жоқшылықтың азабын тартып, дерті меңдесе де қу жанын сүйретіп жүріп жазғаны белгілі.
15 Желтоқсан, 2023
«Қазақтың Ломаченкосы» кубалық қарсыласын рингте қуып жүріп «сабады»
Елордада өтіп жатқан «IBA-ның Чемпиондар түні» бокс кешінде қазақтың былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан кубалық Роландо Мартинес Переспен шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Желтоқсан, 2023
«Чемпиондар түні»: Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысын ойсырата жеңді
Астанада Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) «Чемпиондар түні» өтіп жатыр. Аталмыш бокс кешінде Санжар Тәшкенбай Өзбекстан боксшысы Нодиржон Мырзахмедовпен жұдырықтасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Желтоқсан, 2023
Асланбек Шымбергенов нокаутқа түсіп қалды
Бүгін Beeline Arena-да өтіп жатқан бокс кешінде отандасымыз Асланбек Шымбергенов мексикалық қарсыласына есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.
15 Желтоқсан, 2023
Алдағы бес жылда Астанада 3 мемлекеттік емхана ашылады
Мемлекет басшысы ел ордасы Астанада ашылған жаңа емхананы аралап көрді, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Желтоқсан, 2023
Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттай ма?
Бұл сұраққа Сауда министрі Арман Шаққалиев жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Желтоқсан, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Harmony Steam School» мектебі таныстырылды
Мемлекет басшысына YDA Group өнімдерімен толық жабдықталған және компанияның қаржысына салынған «Harmony Steam School» мектебі таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы «Metal Former» зауытын аралады
Президент жабындылар мен қаптама материалдарын шығаратын «Metal Former» ЖШС-нің өндіріс желісімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
15 Желтоқсан, 2023
Президент пластмасса бұйымдарын шығаратын зауытты аралады
Астана қаласының №1 Индустриялық паркін аралап көру барысында Мемлекет басшысы «Бірыңғай шоғырландыру орталығы» ЖШС-нің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Желтоқсан, 2023
Менің тағдырымды алты баламның басына бермесе деп тілеймін – әлем чемпионы
Елімізде пара дзюдо кенже дамыған спорттың бірі. Алғаш рет жазғы Азия пара ойындарына балуандарымыз осы спорттан 2018 жылы қатысып, күміс, қола медаль олжалады. 2014 жылдан бастап ресми қолға алынған пара дзюдодан бізге бұйырған табыс та қомақты. Қазақстанда пара дзюдо спортынан тегеурінді балуанның бірі – Ерғали Шәмей. Пара дзюдо дуына қосылған тоғыз жылдың ішінде Азия чемпионы, әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды, жазғы Азия пара ойындарында жеңіске жетті. Әзірге бұйырмай тұрғаны – Паралимпиаданың алтыны. Жуырда Жапонияның Токио қаласында пара дзюдодан өткен Grand Slam додасында Ерғали Шәмей қола медаль иеленді. Токио шаһарынан келген сәтінде Астанадағы үйіне емес, бірден Түркістанға оқу-жаттығу жиынына тартқан балуанмен тілдестік.
15 Желтоқсан, 2023
Яндекс Таксиге қатысты тергеу аяқталды: Қазақстан билігі қандай талап қойды?
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Яндекс Таксиге қатысты тергеуді аяқтады. Тергеу қорытындысы бойынша компания бақылау-кассалық машиналардың бағдарламалық қамтамасыз етуін техникалық қолдау қызметтерін жүктеуде көрсетілген таксопарктердің экономикалық қызметін үйлестіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Желтоқсан, 2023