Редакция таңдауы
Алматыдағы Ұлттық кітапхананы оқырман қауым еліміздің мәдени ордасы ретінде жақсы біледі. Ұлы Абай ұлағатына сай «білмекке құмар» замандастардың, әсіресе жастардың қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. Бізде кітап оқумен қатар озық тәжірибелер негізінде келушілердің өзара кең пікір алмасуына қолайлы жағдай жасалған. Ашық қорлардың және заманауи технологиялардың арқасында адамзаттық ақылдың мол қазынасы қолжетімді.
22 Қаңтар, 2024
Қызылорда қаласына жақын Н.Ілиясов ауылындағы әдемі алаң мен әсем ғимараттарды, ішінен іздегеніңіз табылатын ірі сауда орталығын, жаз аптабында жұрт саялайтын аллея мен субұрқақтарды кейбір аудан орталықтарынан кезіктірмейтініңіз анық. Жалағаш ауданында Таң атты ауыл бар. Көп ауылдағыдай емес Таңда жастар қатары қалың. Егін де егіп, мал да бағатын берекелі ауылдан қалаға қарай ағылатындар аз. Басты дақыл – күрішпен қатар бақша дақылдарын да салатын ауылдың экономикалық әлеуеті мықты, кәсіпкерлік, құрылыс салалары айтарлықтай дамыған.
22 Қаңтар, 2024
Өмірде тосын, төтенше жағдайлар болмай тұрмайды. Қиын кезде қиналғанның қасынан табылып, ауыртпалығын бірдей көтерісетін құтқарушылардың орны бөлек.
22 Қаңтар, 2024
Кейіпкеріміз Қайрат Кәрімовтің мәпелеп өсіріп жатқан керемет бағы бар. Сергей Исаев атындағы эксперименталды коллекциялық питомник-бақ. Мұнда алма мен жүзімнің әрқайсының 200-ден аса түрі өсіп жатыр.
22 Қаңтар, 2024
Батареяңыздың қуаты жылдам таусылатынына шағымданасыз ба? Енді 50 жыл бойы бір батареямен қуаттамай-ақ жүруге болады. Жақында independent.co.uk сайты жарты ғасыр ішінде қуаттауды қажет етпейтін ядролық батарея жасалғанын хабарлады. Ядролық отын, энергия десе, бірден үрке қарайтынымыз рас. Бірақ ғылыми жаңалықтың авторлары бұл батареялардың қауіпсіз екенін айтып отыр.
22 Қаңтар, 2024
Толстой болмысы – әрдайым ілгері жылжып отыратын ағын судай күрделі құбылыс. Данышпан өмірінің соңын суреттеген Ромен Роллан: «Соғыс аяқталды. Ол 82 жылға созылды және Толстойдың өмірі оның ұрыс алаңы болды» деп түйеді.
22 Қаңтар, 2024
Дүниеде ананың балаға деген махаббатындай махаббат жоқ шығар. Мүмкін дүниені ұстап тұрған да сол болар. Одан озған, оның алдына түскен сезім болса өзіңіз айта жатарсыз. Біздің далада ертеден, тіпті бірнеше мыңжылдықтар бұрын қалыптасқан дәстүрдің озығы – шешелерімізді қастерлеу, қадіріне жету – ең қасиетті іс. Ерте түрік дәуірінен бері келе жатқан тас балбалдардағы әйел-ана бейнелерінен ғана емес, ертегі, аңыз, жыр-дастандарымыздан, қысқасы ұлттық әдебиетімізден анық көрінеді. Әрідегі «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырларынан басталатын алтын тамырдан жүлге тартқан небір інжу-маржандар тізіле келіп, ұлы рухпен суарылған құндылықтар ырысын еселей түседі.
22 Қаңтар, 2024
Жамбыл облысының әкімі Президентке есеп берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Қаңтар, 2024
ҚР Ұлттық ғылым академиясының жаңа президенті тағайындалды
Бұл қызметке Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының және Ресей ауылшаруашылық ғылымдары академиясының академигі Ақылбек Күрішбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Қаңтар, 2024
Президент Әлихан Смайыловты қабылдады
Президентке Қазақстанның 2023 жылғы даму қорытындысы және әлеуметтік-экономикалық саладағы реформалардың жүзеге асырылуы жөнінде баяндалды, деп жазады Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2024
Президент Күнсұлу Закарияны жаңа қызметке тағайындады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2024
29 ақпанда тәулікте 25 сағат болады. 1 наурыз күні уақытты қалай өзгерту керек?
Сауда және интеграция министрлігі ел азаматтарына 29 ақпан күні ұялы телефондағы уақыт автоматты түрде өзгеретінін мәлімдеді. Тұрғындарға уақытты бір сағат артқа шегерудің қажеті жоқ, деп жазады Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2024
Былтыр балаларға қарсы жасалған қылмыс саны 22 пайызға артқан
Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Президент балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударды. Атап айтқанда, өткен жылы кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыс саны 22 пайызға артқан. Мемлекет басшысының пікірінше, осы бағытта алдын алу жұмыстарын күшейту қажет, полиция мектеп басшылығымен бірлесе жұмыс атқаруға тиіс. Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
22 Қаңтар, 2024
Қоғаммен бірге полиция да түбегейлі өзгеру керек - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында орта буындағы басшылық құрамды биыл кезектен тыс аттестациядан өткізуді қолдап, биліктің беделін түсіретін қызметкерлер қатарда болмауы керек екенін ескертті, деп жазады Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2024
Президент: Балалардың құқығын қорғау жүйесін жаңғырту – өзекті мәселе
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Қазақстанның құқық қорғау органдары құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне баса мән беруі керек екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2024
Қазақ балаларын Африка елдеріне берген жоқпыз, бермейміз де - СІМ өкілі
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Сенат депутаты Дархан Қыдырәлінің шетелдіктер асырап алған қазақ балалары туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2024
Павлодар облысында ауыл атауы өзгерді
Павлодар облысында Скриптонит лақап атымен танымал реп орындаушысы Әділ Жәлелов дүниеге келген Ленинский ауылының атауы өзгертілді. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қаңтарда өзгерту туралы қаулы күшіне енген, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2024
«Дүйсенбіден бастаймын» синдромы. Жаңа іс бастағысы келген адам неліктен дүйсенбіні таңдайды?
Мойындаңызшы... Өміріңізде бір рет болсын жаңа іс бастауды дүйсенбіге қалдырдыңыз ғой, иә? Апта басы символикалық тұрғыда жаңа істі қолға алуға сұранып тұрғанмен, бұл сөзді жиі жалаулатудың психологиялық-менталдық астары барын да ұмытпаңыз. Заманауи психология ғылымы мұндай әрекеттерді «өмірді кейінге шегеру» синдромына телиді, деп жазады Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2024
Жылыжай шаруашылығы дамыған еліміздегі ең ірі өңір – Түркістан облысында аумағы 1 640 гектарлық 3 366 жылыжай бар. Алайда осыншама жылыжайда өндірілетін өнім бағасы өңір тұрғындарының көңілін көншітпейді. Қарапайым тұтынушы түсінігінде жылыжай көбейген сайын, бәсекелестік бәсі өсіп, өнім арзандауға тиіс. Бүгінде қызанақ пен қиярды жылыжайы көп өңір тұрғындарының дастарқанынан сирек көресіз. Өйткені бағасы қарапайым халық үшін қымбат. Неге?
22 Қаңтар, 2024