Редакция таңдауы
«Талабың оң болсын». Бельгиялықтар асырап алған бала қазақ тілін үйренуді бастады
2004 жылы Арқалықтан шетел асқан қазақ баласы ана тілін үйренуді бастады. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
27 Қаңтар, 2024
Алматылықтар тағы жер сілкінісін сезді
Алматыда 27 қаңтарда тағы жер сілкінді. Бұл жолы тұрғындар жерасты дүмпулерін айқын сезді, деп жазады Egemen.kz.
27 Қаңтар, 2024
Ұлттық құрылтайды өткізу дайындығы пысықталды
Бүгін Астанада Ұлттық құрылтай жұмыс секцияларының отырысы өтті. Іс-шара шеңберінде бір мезгілде «Азаматтық қоғам», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым», сондай-ақ «Әлеуметтік-экономикалық даму» секциялары үшінші Ұлттық Құрылтай отырысына дайындықты пысықтады, деп жазады Egemen.kz.
27 Қаңтар, 2024
Дубайды дүбірлеткен қазақ тұлпары тағы топ жарды
БҚО Бәйге федерациясы Дубайды дүбірлеткен қазақ тұлпары мәре сызығын тағы бірінші болып кескенін хабарлады. Тілек Мұхамбетқалиевтің тұлпары Кабирхан Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде топ жарды, деп жазады Egemen.kz.
27 Қаңтар, 2024
Үкімет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды
Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов машина жасау саласының бірқатар өндіріс орындарын аралады.
26 Қаңтар, 2024
Вандализм дерті эпидемия секілді – сенатор
Сенат депутаты Геннадий Шиповских вандализмге қарсы күресті күшейту қажеттігін айтты, деп жазады Egemen.kz.
26 Қаңтар, 2024
«Ұлттық қор - балаларға»: Биыл 18 жасқа толғандарға ақша аударыла ма?
Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған еді. Заң аясында биылғы 1 қаңтардан бастап, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнайы жинақтау шотына аударылып отырады, деп жазады Egemen.kz.
26 Қаңтар, 2024
28 ірі жоба: Нәтижесін уақыт көрсетеді
Жамбыл өңірінің экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында біршама жұмыс атқарылып жатыр. 2023 жылдың қыркүйек айында өңір тізгінін қолға алған Ербол Қарашөкеев бірнеше айдың бедерінде шетелдік әлеуетті инвесторлармен кездесіп, инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың жолдарын пысықтады.
26 Қаңтар, 2024
Әскери ардагерлер неге алаңдаулы?
Соғыстың зардабы ауыр. Оның жеңімпазы да жеңіл өмір сүре алмайды. Тарих бетіне «бітімгершілер» деген сипатпен сіңіп бара жатқан тәжік-ауған ұрыс қимылдарының қатысушылары мехнатының бодауын сұрап жүр.
26 Қаңтар, 2024
Ұшқан құстың қанатын, жүгірген аңның тұяғын тоздыратын Сарыарқаның сайын даласы. Белуардан келетін жасыл шалғын. Дархан дала төсінде бір үйір жылқы жайылып жүр. Жал құйрығы төгілген қазақы қасқа айғыр үйірден бөлініп қалған құлыншақты қақпайлап қоспақшы. Осы бір суретті көргенде көкшетаулық кәсіпкер Нартай Ысқақовтың жүрегі елжіреп кеткені. Алаш баласының төл малы – жылқы жарықтық та кейінгі ұрпағына жанашыр, қамқор екен ғой. Бұл суретті Кавказдағы «Қазақстан» санаторийінің ішінен көрген.
26 Қаңтар, 2024
Шекарадағы ауылдың жабылғаны кімге тиімді?
2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аумақтарды дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы Жарлыққа қол қойды. Президент ауылдарды көркейтейік, дамытайық деп бастама көтеріп отырғанда, Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар атқамінерлері стратегиялық маңызды елді мекендерді «жабылатын ауыл» қатарына енгізіп жатыр.
25 Қаңтар, 2024
Талды ауылында шағын наубайхана жұмысын бастады. Енді ауыл тұрғындары қаладағы дүкен сөрелерінен нан өнімдерін тасып әуре болмайды.
25 Қаңтар, 2024
Kaspi.kz финтех-холдингі АҚШ-тағы NASDAQ биржасында акцияларын бастапқы жария орналастыруға (IPO) шығарды. Лондон қор биржасының сайтындағы ақпарат бойынша, Kaspi.kz әрқайсысы компанияның әдеттегі бір акциясын ұсынатын 11 300 000 америкалық депозитарлық акцияны (ADS) орналастырған. Орналастыру бағасы – ADS үшін 92 доллардан.
25 Қаңтар, 2024
Әгәрәки, Рабатқа (Марокко) жолыңыз түсе қалса, орталық базардағы қаз-қатар тізілген кітап дүкендеріне соғарсыз. Дүкен дегенде жерге жая салған жайма базар ғой. Аты да жоқ, сөресі де жоқ, сарғайған ағаш есігі айқара ашылған, арғы жағында тау боп үйілген кітаптар... Бір қарағанда, «кітап үңгірі» ме дерсің.
25 Қаңтар, 2024
75 әдебиет және өнер қайраткері мемлекеттік стипендиямен марапатталды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 2023 жылы 75 әдебиет және өнер қайраткеріне мемлекеттік стипендия тағайындалды. Бүгін Алматы қаласында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жас жазушылар мен ақындарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты табыс етті, деп жазады Egemen.kz.
25 Қаңтар, 2024
Мерейімізді үстем еткен Олимпиада
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы белортасынан асты. Жеті күн бойы сайысқа түскен спортшыларымыз әзірге 1 алтын, 2 қола медальмен, бейресми жалпыкомандалық есепте 15-орында келеді.
25 Қаңтар, 2024
Сәкен Полатов: Тәртіп бар жерде нәтиже де болады
Өткен жылдың соңында Өзбекстан бокс федерациясының арнайы шақыруымен Ташкентке барған едік. Бокстан республика біріншілігін көрдік. Біршама ой түйдік. Чемпионатта бес қазақ боксшысының жүлдеге ілінгеніне қуандық. Бізді шақырған – Өзбекстан бокс федерациясының вице-президенті Сәкен Полатов. Финалдық айқастардан кейін уақыттың тығыздығына қарамастан, қандасымызбен аз-кем әңгімелесудің сәті түсті.
25 Қаңтар, 2024
Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларын айтулы жетістігімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Қаңтар, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев «Astana Motors» компаниясының негізін қалаушысымен тілдесті
Мемлекет басшысы «Astana Motors» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұловты қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
25 Қаңтар, 2024