Редакция таңдауы
Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Ақпан, 2024
Президент жаңа Денсаулық сақтау министрін тағайындады
Бұл қызметке Ақмарал Әлназарова тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Ақпан, 2024
Жаңа Қаржы министрі тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, енді бұл қызметті Мәди Такиев атқаратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Ақпан, 2024
Роман Скляр да өз лауазымында қалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
06 Ақпан, 2024
Жаңа Үкімет: Тамара Дүйсенова қызметін жалғастырады
Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Әлихан Смайылов бастаған Үкіметті отставкаға жіберді. Қазақстан Премьер-министрі қызметін Олжас Бектенов атқаратынын бұған дейін де хабарлаған едік. Ал Тамара Дүйсенова Премьер-министрдің орынбасары қызметін әрі қарай жалғастыра береді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
06 Ақпан, 2024
Президент Әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды
Бұл қызметті Айбек Дәдебаев атқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Ақпан, 2024
Қазақстанның Ішкі істер министрі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
06 Ақпан, 2024
Руслан Жақсылықов өз қызметінде қалды
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қайта өз қызметіне тағайындады, деп жазады Egemen.kz.
06 Ақпан, 2024
Жаңа Премьер-министр Үкіметтің негізгі міндеттерін айқындады
Қазақстан Республикасының жаңа Премьер-министрі Олжас Бектенов парламентшілерге қолдаулары үшін алғыс айтып, Үкіметтің алдында тұрған негізгі міндеттерді айқындап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Ақпан, 2024
Күнсұлу Закария әлемнің топ-ғалымдары қатарына кірді
Қазақстанның беделді ғалымы Күнсұлу Закария вакцинацияны дамытуға барынша үлес қосқан әйелдердің әлемдік рейтингіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Ақпан, 2024
Үкіметте осы уақытқа дейін қанша Премьер-министр ауысты?
Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұған дейін 11 Премьер-министр болған. Қазір олардың арасында әлі шенді қызметте жүргені де, сотталып кеткені де бар, деп жазады Egemen.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
06 Ақпан, 2024
Премьер-министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектенов кім?
«Amanat» партиясы құзіретіне сай Премьер-министр лауазымына кандидат ретінде Олжас Абайұлы Бектеновті ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
06 Ақпан, 2024
«Пара алудың қылмыстық схемасын құрастырған». «Ертіс орманы» басшысы қамауға алынды
Павлодар облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Ертіс орманы» басшысы пара алды деген күдікке ілінгененін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
06 Ақпан, 2024
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өткізген әкімдік аппаратының жиналысында шенеунік ұсталды. Қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жиын барысында Тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушыны тергеуге алды, деп жазады Egemen.kz.
06 Ақпан, 2024
Адам құқын қорғау жүйесі нығайып келеді
Түркістан облысы полиция қызметкерлері 9 күнде 1 254 құқық бұзушылықты анықтады. Бұл – өңірде криминогендік жағдайды сауықтыруға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тиімділікті арттыруға және отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесі.
06 Ақпан, 2024
Тәуекелшіл компанияға сенеміз бе?
Мемлекет былтырдан бері «Qazaq Air» әуе компаниясын сата алмай әуре. «Самұрық-Қазына» 38 млрд теңге қарызы бар компаниядан былтыр құтылғысы келген, бірақ алушы табылмады. Сосын конкурсты биыл қайта ұйымдастырған. Бағасы 10 млрд 200 млн теңге болатын компания тағы да ешкімді қызықтырмапты. Сөйтіп, қаңтар мен ақпанға белгіленген екі кезеңнен тұратын сауда күшін жойды. Сол аралықта «Air Astana» компаниясы акцияларын бастапқы жария нарықта (IPO) орналастыру туралы шешім қабылдады. Компания акцияларын биржада саудалау арқылы миллиардтаған қаражат табуды мақсат тұтып отыр.
06 Ақпан, 2024
Қазақстанның Сүт одағы сауда сөрелерін жаулап алған импорттық тауарлар отандық өндірушілердің дамуына кедергі келтіруде деп мәселе көтеріп жүргені бүгін емес. Азық-түлік саласын алға бастырмай отырған да – реттеуге көнбей келе жатқан ішкі нарық. Егер ірі сауда желілері импорттық тауарларға басымдық беруді жалғастырып, Үкімет мұны үнсіз бақылап отыра беретін болса, онда алдағы жағдай қалай болмақ? Осыған ұқсас өзге сауалдарымызға жауап табу үшін Қазақстан Сүт одағының директоры Владимир Кожевниковпен аз-кем әңгіме-дүкен құрдық.
06 Ақпан, 2024
Әлемдік нарықтағы Қазақстан күріші
Қай мемлекеттің болсын экономикасындағы маңызды саланың бірі – ауыл шаруашылығы. Қазақстанда бидай мен күріш, сондай-ақ өзге дәнді дақылдарды өсіруде шаруалардың еңбегі орасан.
06 Ақпан, 2024
Инватакси: Саны мен сапасы қандай?
Елордада ерекше қажеттілігі бар 2,5 мыңға жуық адам тұрады. Соған қарамастан, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз орта құру мәселесі әлі толық шешімін тапқан жоқ. Әсіресе қоғамдық көлік пен инватаксиге қолжетімділік мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Бұл мәселе «Amanat» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау алаңында өткен дөңгелек үстелде көтерілді.
06 Ақпан, 2024
Алдар көсе мюзиклді бағындырды
«Astana Musical» мемлекеттік мюзикл театрында «Алдар көсе» қойылымы көрерменге жол тартты. Қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакер, зерделі қудың жиынтық бейнесін музыкалық жанрда қойып, алғаш тәжірибеге барған режиссер Есләм Нұртазин болса, композиторлары – Ербол Нариманұлы мен Ақжол Өмірзақов.
06 Ақпан, 2024