Редакция таңдауы
Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы – Әлжан Жармұхамедов. Ол баскетболдан КСРО құрамасында ойнап, он рет ел чемпионы, үш рет Еуропа чемпионы және 1972 жылы Олимпиада чемпионы атанған.
04 Сәуір, 2024
Санкт-Петербургтегі антропология және этнография музейінде тұрған көне сәукелені ХІХ ғасырдың екінші жартысында бұрынғы Торғай облысы Қостанай үйезінен шыққан әйгілі Иманбаевтар әулетінің өкілі Хасан Иманбаев апарып тапсырған.
04 Сәуір, 2024
Қазақстан журналистикасы тағы да қара жамылды. Өкінішті! Телевизия мен публицистика майталманы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғаділбек Мінәжұлы Шалахметов ағамыз да дәрілбақиға жол тартты. Ол кісімен көп жыл бойы араластым. Жаны таза адам еді. Ақынжанды еді. Абай мен Мұқағалидың жырларын орыс тіліне аударды. Сол туындыларды оқыған кезде жанының ақықтығы анық білініп тұратын.
04 Сәуір, 2024
Петропавлда төтенше жағдай жарияланды
Бүгін, 4 сәуірде Петропавл қаласында төтенше жағдай жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
04 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне жеделхат жолдады
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
04 Сәуір, 2024
Президент су тасқынымен күресіп жатқан еріктілермен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында су тасқынына қарсы белсенді шараларға қатысып жатқан еріктілер мен құтқарушылар тобымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Сәуір, 2024
Елімізде тағы бір су қоймасы тасуы мүмкін
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша облыстық штабтың отырысын өткізді. Басты міндет - халықты және аумақтарды су тасқынынан қорғау, барлық қызметтердің іс-әрекеттерін үйлестіру.
04 Сәуір, 2024
Президент Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Сәуір, 2024
Танымал журналист Ғаділбек Шалахметов дүниеден өтті
Мемлекет және қоғам қайраткері, журналист Ғаділбек Шалахметов 81 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Сәуір, 2024
Бишімбаев ісі: Сот залынан тікелей эфир
Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы бүгін де жалғасады. Процесс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сағат 10:00-де басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Сәуір, 2024
Агробизнес қажеттілігін қалай өтейміз?
Елімізде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) жұмыс істей бастағанына 18 жыл болды. Басында халық әлеуетін арттырып, әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында әр өңір ерекшелігін ескере отырып құрылған бұл мекемелердің шығыны 2016 жылы 4,2 млрд теңге болса, 2020 жылы көрсеткіш 14,7 млрд теңгеге жеткен. Бүгінде орталық атқарушы органдар мен әкімдіктер ӘКК-лерді бюджет қаражатын армансыз пайдаланып, қарызға белшесінен батыратын «қалтаға» айналдырған.
04 Сәуір, 2024
Ақтөбе облысында су тасқынынан төнетін қауіп сейілген жоқ. Елек, Жем, Торғай, Ырғыз, Ойыл, Қарақобда, Темір, Сазды, Жіңішке, Қарғалы өзендеріндегі су деңгейі төмендемеді. Соған қарағанда жағдай әп-сәтте өзгеріп кетуі мүмкін.
04 Сәуір, 2024
Кейбір аудандарда қарғын су екпіндеп келіп, аулаларға жайылып, күре жолдарға шығып кетіп, жергілікті билік өкілдері мен тұрғындар әбігерге түсіп жатыр. Өңірдегі қардың 70 пайызы әлі ерімегенін ескерсек, дайындықты күшейте түсу керек сияқты. Сол үшін де облыс басшылығы су тасқыны қаупі бар жерлерді әуеден бақылап қайтты.
04 Сәуір, 2024
Осы күні өзгенің қайғысын өз пайдасына айналдырған алаяқтар мен сауаптан сыбаға дәметіп, жомарт жандардың арқасында қалтасын қалыңдатып жатқандардың саны артты. Жетім мен жесірдің көз жасын сүртіп, кембағалдардың қажеттілігіне қарайласу – қайырлы іс.
04 Сәуір, 2024
Атырауда өткен Құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың ойында жүрген біраз жайтты қозғап, ұлттың болашағына ықпал ететін елдік мәселелерді талқылай келе, неге, қай салаға басым көңіл аудару қажеттігімізді анықтап берді.
04 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда қазіргі ұрпақ кітапқұмар болып өсуі керек екенін айтты. Бұған дейін де Президент әлеуметтік желідегі парақшасында кітап оқу эстафетасына қатысып, «Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі» деген еді. Ал техника мен технология көзді арбаған заманда жас ұрпақты кітап оқуға баулу өте өзекті мәселеге айналды. Оның шешімі қандай?
04 Сәуір, 2024
Өңірдегі қарғын су қауіп тудырған аймақтарда 700-ге жуық полиция қызметкері тұрғындардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп жүр.
03 Сәуір, 2024
Жас кәсіпкер Әсем Тұрарованың күнделікті әдеті – таңертең ерте тұрып, қорасындағы 3 сиырын сауу. Алған сүтті бір күн айран қылып ұйытып, бір күн сүттей аулындағы дүкенге өткізеді. Осы кәсібімен жан бағып, бала-шағасын асырап отыр. Ол тұратын ауыл – Шымкент қаласының ең шеткі аймағындағы Көкбұлақ елді мекені. Шаһарға қарасты болса да, бұл жердің халқы әлі күнге дейін төрт түлік мал бағып, егін салады. Өйткені әр отбасының есік алдында үйіргелік жері, шағын бау-бақшасы бар. Халық малын ауыл маңындағы қоғамдық жайылымға өргізеді.
03 Сәуір, 2024
Шелек жұртын шаттыққа бөлеген кешен
Жақында Еңбекшіқазақ ауданы Шелек аулында 180 орындық заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріліп, тұрғындар қуанышын еселеді. Бұл күнді шелектік тұрғындардың асыға күткені анық.
03 Сәуір, 2024
Кітап оқысаң, түрмеден ерте шығасың
Ең оқымысты халық қазақтар емесін білеміз. Тіпті іргеміздегі Ресей десеңіз де қате. Неде болса, Қытай немесе Испания шығар дедік. Бірақ көп кітап оқитын ұлт исландиялықтар деп танылыпты.
03 Сәуір, 2024