Редакция таңдауы
Негізгі ҰБТ-ға өтініштер 6-14 мамыр аралығында қабылданады. Тестілеудің өзі 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін өтеді. Ал төтенше жағдай режимі енгізілген 6 өңір (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) түлектері құжаттарын 20 мамырға дейін тапсыра алады, олар үшін ҰБТ 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізіледі, деп жазады Egemen.kz.
30 Сәуір, 2024
«Біз біргеміз!» ұлттық телемарафоны басталды
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында алғаш рет 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз» ұлттық телемарафоны өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Сәуір, 2024
Бүгін «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафоны өтеді
Бүгін сағат 17:00-22:00 аралығында алғаш рет 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафоны өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.
30 Сәуір, 2024
Қазақстанда қанша соғыс ардагері тұрады?
Биыл Ұлы жеңіске 79 жыл толып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қанша соғыс ардагері тұратынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
30 Сәуір, 2024
Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды
ҚР Бас прокуратурасы 2022 жылдың қаңтар айында болған оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастырып жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады, деп жазады Egemen.kz.
30 Сәуір, 2024
Мұнай компанияларымен арадағы түйткіл қалай шешіледі?
БАҚ-та Қазақстанның Қашаған кен орнындағы мұнай компанияларына қоятын талабының 150 млрд долларға дейін өсіп кеткені туралы ақпарат тараған еді. «Bloomberg» агенттігінің жазуынша, Қазақстан тарапы Қашаған операторы «North Caspian Operating Company N.V. (NCOC)» үстінен 13 млрд доллар талап етіп, шағым түсірген. Кейін талап сомасы 15 млрд долларға жеткен, біраздан соң он есе көтерілген.
30 Сәуір, 2024
Құлсарыға гуманитарлық көмек жөнелтті
Табиғи апатқа тап болған бұқараға қолұшын беріп жатқандар жетіп артылады. Қарағанды облысының да жер-жерінен гуманитарлық көмек жөнелтіліп жатыр. Су құрсауына тап болған Құлсарыдағы халыққа жақында балқаштықтар азық-түлік, қажетті жабдықтар артылған алты жүк көлігін жіберді.
30 Сәуір, 2024
Қазақ халқы алмағайып заманда шартараптан бас сауғалаған, тағдыр тәлкегімен босып келген өзге жұртты бауырына басты. Қолындағы барымен бөлісті, басқаның қайғысына ортақтасты. Міне, сол ұлт мейірімі бүгінде этностық тегіне, дініне, діліне қарамай, елдің барша азаматының ұйысуына себепші болды. Тіпті қазақ жерінде дүниеге келіп, яки белгілі бір уақыт өмір сүрген, көңілінде жылу қалған шетелдіктер ұлық мерекелерімізді ұмытқан емес.
30 Сәуір, 2024
Қандастар көші теріскейге бет бұрды
Халқымыздың саны 20 миллионнан асуына сыртқы көші-қонның да қосқан үлесі басым. Демографияға дем беретін салқар көш керуен тартып, алыстағы ағайын атажұртқа қазығын қағып, уығын байлап келіп жатыр.
30 Сәуір, 2024
Әскери теңізшілердің әлеуеті зор
Еліміздің қорғаныс істері құрылымдары қатарында әскери-теңіз күштерінің де өзіндік орны бар. Бұл бірегей әскери бөлім 1993 жылғы сәуірде Президенттің Жарлығымен құрылды.
30 Сәуір, 2024
Лев Толстой – өмір бақи өзімен күресіп өткен жан. Пенделік мүсінінен кісілік қашалғанша, жазушы жаны маза таппаған. Күнделіктерінде өзін жермен-жексен етеді. Мұның бәрі, әрине, өзін тәрбиелеудің амалы. Ақылдың кермесіне ат байлаған ақсақалдың мына бір әдетін біз де үйренсек ғажап болар еді...
30 Сәуір, 2024
Қазақтың мергендік өнеріне қатысты қару-жарақ атаулары арасында «әндіген» сөзі көп кездеседі. Мысалы, Ақтамберді жыраудың «Тобықшық толы әндіген, Толтыра тартар ма екенбіз» деген сөз тіркесі бар. Бір қызығы, күні бүгінге дейін біз «әндіген» не зат екенін басып айта алмай жүрміз. Оған себеп, әндіген бірде садақ оғының атауы ретінде айтылса, келесі бір деректе басқа мағына да беріліп жүр.
30 Сәуір, 2024
Ұлы ғалым Қаныш Имантайұлы 1926–1941 жылдары Қарсақбайда тұрып, жұмыс істегені баршаға мәлім. Қарсақбай кезеңінде Қанекең отбасы тұрған кезде үйдің бір жағында орналасса, екінші жағында Қазақстанда тұңғыш ұйымдастырылған стационарлық барлау мекемесі жұмыс істепті. Қарсақбайлықтар 1941 жылы 21 маусымда ғалымды Алматыға құрметпен шығарып салған.
30 Сәуір, 2024
Үкімет басшысы: БҚО-ны тасқын судан сақтай алдық. Келесі міндет – Атырауды қорғау
Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің батысындағы су тасқыны жағдайы бойынша жедел кеңес өткізді, онда өңірді ауқымды тасқыннан қорғау мақсатында ұзақ уақыт бойы күшейтілген жұмыс жүргізіліп жатыр. Үкімет басшысы Атырау облысы басшылығын қала мен елді мекендерді жылжып келе жатқан тасқын сулардан барынша қорғауды міндеттеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Сәуір, 2024
38 млрд теңге мен бизнес орталық мемлекет меншігіне қайтарылды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
29 Сәуір, 2024
Жайықтың су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр
Атырау облысында Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Сәуір, 2024
Алдағы 6 жылда сұранысқа ие болатын 25 мамандық
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы 2024-2030 жылдары сұранысқа ие болатын 25 мамандық тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
29 Сәуір, 2024
Тасқынмен күрес: 38 мыңнан астам адам үйлеріне оралды
Соңғы сандық деректерге көз жүгіртсек, 38 мың 521 адам өз үйлеріне оралған. Ал уақытша паналау бекеттерінде 6 мың 726 адам орналастырылған, деп жазады Egemen.kz.
29 Сәуір, 2024
Бірнеше өңірде өрт тұтану қаупі бар
Мамандар 29 сәуірге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылысының болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Сәуір, 2024
Ертіс жайылмаларының 64%-ын су басып үлгерді
Осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстандағы каскадты су қоймаларынан Ертіс өзеніне 4,6 шаршы километр су жіберілген. Бұл – жоспардағы көлемнің 74 пайызы.
29 Сәуір, 2024