Редакция таңдауы
Қазақстан халқы Ассамблеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр – «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» аталуына орай елорда төрінде айтулы шара ұйымдастырды.
03 Маусым, 2019
Ақтауда «Стартап – кәсіптің бастауы» көрмесі өтті
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыруымен Достық үйінде «Стартап – кәсіптің бастауы» атты жастар мен жасөспірімдер арасындағы облыстық көрме өтті. Бұл жайында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы баспасөз қызметі хабарлады.
02 Маусым, 2019
Павлодар облысында алма ағашы өсіріліп, «Сәбилер аллеясы» жасалмақ
Облыс әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың төрағалығымен Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асырғуа байланысты атқарылған шаралар барысына арналған облыстық сараптамалық кеңестің отырысы өтті.
02 Маусым, 2019
Бердібек Сапарбаев Екібастұзға көшіп келген 19 отбасына пәтер кілттерін табыстады
Өңірлік Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, биыл мамыр айының басында Екібастұз қаласына 32 отбасы қоныс аударған.
02 Маусым, 2019
Семейде Құрлық әскерлерінің дайындығы тексерілді
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Марат Хұсайынов Семейге арнайы келіп, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің жазғы оқу кезеңіне дайындығын тексерді. Генерал-майор гарнизондардағы әскери бөлімдерде ұзақ мерзімде сақтауда тұрған әскери маңызды техникалардың және қару-жарақтардың сақталу жағдайларын көрді. Олардың жазғы уақытта қолданылу ретін назарға алды.
02 Маусым, 2019
Қарағандыда балалар мен жасөспірімдер сарайы салынады
Кеншілер астанасында балалар мен жасөспірімдерге арналған ғимараттың құрылысы басталды. Осы оқиғаға орай, балалар мерекесі күні жаңа нысанның іргетасы жанына «Уақыт капсуласын» салу рәсімі өтті. Ішінде бүгінгі жастардың келешек ұрпаққа арнаған жолдауы бар бұл темір құтының қақпағы тек 2050 жылы ғана ашылмақ.
02 Маусым, 2019
Маңғыстауда ралли-рейдтер бойынша әлем кубогы өз мәресіне жетті
Кеше Ақтау қаласында теңіз жағалауында FIA Халықаралық Автомобиль Федерациясының «Ралли Қазақстан 2019» ралли-рейдтер бойынша Әлем Кубогы кезеңінің салтанатты мәресі өтті. Шиеленіске толы алты жарыс күнінің қорытындысы бойынша катарлық автошабандоз Нассер Әл-Аттия штурманы Матье Бомельмен бірге жеңіс тойын тойлады, екінші орынды ерлі-зайыпты Стефан мен Андреа Петерансельдердің экипажы иеленсе, үздік үштікті Якуб Пшигонски мен Тимо Готтшальк түйіндеді.
02 Маусым, 2019
Өзбектің Ұлттық академиялық драма театры «Абайды» сахналады
Биылғы жыл – бабалар аманаттап кеткен қазақ және өзбек бірлігін бүгінгі ұрпақтың сақтап, тереңдете түсуіне және екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы мәдени жылы ресми түрде ашылып, бекітілгені белгілі. Осыған орай көрші өзбек елінде қазақ халқының мәдениеті мен өнерін насихаттау барысында бірқатар игі жұмыстар қолға алынған болатын. Белгіленген игі шаралардың шеруі театрдан бастау алды.
01 Маусым, 2019
Батыс әскерилері балаларға әсерлі мейрам ұйымдастырды
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілері балаларға арнап керемет мереке ұйымдастырды.
01 Маусым, 2019
Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды
31 мамырда Премьер-Министр Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барып, онда Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттердің жүзеге асырылуымен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы сәуір айында жұмыс сапары барысында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмаларының орындалуымен танысты.
01 Маусым, 2019
«Ралли Қазақстан 2019»: Стефан Петерансель екінші орында келеді
FIA Халықаралық Автомобиль Федерациясының «Ралли Қазақстан 2019» ралли-рейдтер бойынша Әлем Кубогы кезеңі өзінің шарықтау шегіне жетті және аяқталуға жақын. Бесінші жарыс күні жарыстың кестесіне елеулі өзгерістер енгізді. Катарлық Нассер Әл-Аттия көш басында, ал аты аңызға айналған француз Стефан Петерансель шешуші раундтың алдында одан 6 минутқа қалып келеді.
01 Маусым, 2019
Рамазан керуені Алматыдан басталады
Бүгін Алматы қаласы Орталық мешітінде қолы ашық азаматтардың демеушілігімен «Рамазан керуені» акциясы асында әлеуметтік аз қамтылған 600 отбасыға қайырымдылық жасалмақ.
01 Маусым, 2019
Түркістан: Мамыр айында екі үшем өмірге келді
Облыс орталығы Түркістанда мамыр айында екі үшемнің өмірге келуі алғаш рет тіркеліп отыр.
01 Маусым, 2019
Ақтауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті
Ақтау қаласындағы Жалау Мыңбаев ескерткішінің жанында саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алуға арналған жиын өтті.
01 Маусым, 2019
Маңғыстау облысында сайлаудың әділ өтуін 223 тәуелсіз бақылаушы бақылайды
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің жүрмелі брифингінде сайлау кезінде қоғамдық мониторинг жүргізетін «Аманат» азаматтық платформасының Маңғыстау облыстық штабының мүшелері мәлімдеді.
01 Маусым, 2019
Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа жобалар қолға алынды
Атырауда мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясында жалпы сомасы 21,4 млрд теңгенің бес жобасы іске асып жатыр. Жақында облыстық мәслихаттың сессиясында тағы үш жоба мақұлданды: Құлсарының көшелерін жарықтандыру; Атырау қаласында бейне-фото тіркеу камераларын орнату; облыс орталығын кешенді көгалдандыру.
01 Маусым, 2019
Петропавлда «Олимпиада үміті» акциясы бастау алды
«Олимпиада үміті» акциясының алғашқы шарасы халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды.
01 Маусым, 2019
Солтүстік Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етілді
Қызылжар өңірінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шаралары кең көлемде атап өтілді.
01 Маусым, 2019
Онкологиялық және гематологиялық көмекті жетілдіру жөніндегі кеңес өтті
Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы педиатрияның көптеген салаларына жетекшілік етіп, үйлестіру қызметін атқарады. Бүгін Педиатрия орталығында «Қазақстан Республикасында 2019-2021 жылдарға арналған балаларға онкологиялық және гематологиялық көмекті жетілдіру жөніндегі Жол картасын» іске асыру аясында өңірлік балалар онкологтар және гематолог мамандардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
01 Маусым, 2019
Прецеденттік құқық элементтерін имплементациялау мүмкіндіктері талқыланды
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Сорбонна-Қазақстан институты «Cases law» орталығында «Қазақстан Республикасының заңнамасына прецеденттік құқық элементтерін имплементациялау мүмкіндіктері туралы. «Астана» ХҚО-ның тәжірибесі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
01 Маусым, 2019