Редакция таңдауы
Қарқаралыда Алаш қайраткерлеріне ескерткіш орнатылды
Қасиетті Қарқаралы топырағына Алаштың ардақтылары Ахмет Байтұрсынұлының, Әлихан Бөкейханның және Әлімхан Ермековтің тұлғалары қоладан құйылған ескерткіш болып орнықты.
27 Тамыз, 2019
Қазақстанда 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
27 Тамыз, 2019
Елбасы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады.
27 Тамыз, 2019
Қарағанды оқушылары оқулықтармен тегін қамтамасыз етіледі
Жаңа оқу жылында Қарағанды мектептерінің барлық оқушылары бюджет есебінен оқулықтармен толықтай қамтамасыз етіледі. Тіпті, 1-сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге оқулықпен қоса дәптерлер жиынтығы да тарту етілетін болады.
27 Тамыз, 2019
Үкіметте «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бекітілді
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов таныстырған «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы мақұлданды. Алматы облысының әкімі А. Баталов пен Нұр-Сұлтан қ. әкімі А. Көлгінов заң жобасының ережелерін педагогикалық қоғамдастық өкілдерімен талқылау туралы баяндады. Сондай-ақ Үкімет отырысында жоспарланған жаңалықтарды талқылауға шақырылған Ақмола облысы Никольск орта мектебінің педагогы Н. Құттыбаева сөз сөйледі. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
27 Тамыз, 2019
Үкіметте 2020–2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мақұлданды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы кезінде еліміздің 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы, сондай-ақ 2020–2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы, 2020–2022 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заң жобалары мақұлданды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
27 Тамыз, 2019
2020–2024 жылдары жан басына шаққанда IЖӨ $14,3 мыңға дейін ұлғаяды
Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Р. Дәленов 2020–2024 жылдарға арналған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
27 Тамыз, 2019
Футбол: Бас бапкер өз таңдауын жасады
Футболдан «Еуро-2020» додасының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы 6 қыркүйекте Кипрге және 9 қыркүйекте Ресейге қарсы ойнайтыны белгілі.
27 Тамыз, 2019
Әлтайыр Уызбаев Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Әлтайыр Құдайбергенұлы Уызбаев ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
27 Тамыз, 2019
Президент: Мықты ерік-жігер мен хас шеберліктің керемет үлгісін көрсеттің
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санына шыққан «Батыр қыздың биігі» атты мақаланы Twitter парақшасына бөлісіп, спортшы Әнел Сытдықоваға тілегін жеткізді.
27 Тамыз, 2019
Қазақстан кеншілері Елбасына хат жолдады
Өз хатында кеншілер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне кәсіби мерекемен құттықтауы және тау-кен саласын дамытуға ерекше көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.
27 Тамыз, 2019
Арыс қаласында жеті сектор құрылыс жұмыстарын аяқтады
Құрылысшылар 7207 жеке тұрғын үйлер мен көп қабатты үйлерде қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Оның 600-де косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
27 Тамыз, 2019
Павлодар облысында тағы 5 бастауыш мектеп жабылды
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, мектептердің жабылуына себеп - шағын ауылдардағы тұрғындар санының азаюына байланысты қабылданған шара.
27 Тамыз, 2019
Алматыда 28-31 тамыз аралығында «IV International Mountain Festival» тау фестивалі өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
27 Тамыз, 2019
TV and radio complex of the President director general appointed
Raushan Kazhibayeva appointed as a director general of TV and radio complex of the President of Kazakhstan. It was announced by President’s press secretary Berik Uali on his Facebook account. Все права защищены. Используйте активную ссылку на inform.kz https://www.inform.kz/en/kazakh-president-s-tv-and-radio-complex-director-general-named_a3559870
27 Тамыз, 2019
Екібастұзда кеншілер күні 130 кенші марапатталды
Кеншілер күні Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы өңірдегі Ақсу қаласында орналасқан «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» кеніші өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті.
27 Тамыз, 2019
Санаулы күн бұрын қазақстандық белгілі триатлоншы Әнел Сытдықова Ла-Манш бұғазын бағындырып, тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағын желбіретті. Батыр қыздың Францияның солтүстігі мен Британия аралдарының оңтүстік-шығысын жалғап жатқан Ла-Манш бұғазының 38 шақырымдық аралығын 15 сағат 15 минут уақыт ішінде гидрокостюм кимей жүзіп өтуі – әлемдік деңгейдегі сенсация.
27 Тамыз, 2019
Қандастарды рухани серпілткен «Туған жер»
Қостанаймен іргелес Челябі облысын 36 мың қазақ жайлап отыр. Жайықтың бойында орналасқан Верхнеуральск қаласын қазақтар баяғыда Талқала деп атаған. Қала бүгінде Верхнеуральск ауданының орталығы болып саналады. Бұл жерде 3,5 мың қазақ тұрады. Жайықтың нақ осы тұсында халқымыздың ауыз әдебиеті маржандарының бірі «Қыз Жібек» жырының оқиғасы өткен деседі. «Жылқысының көптігінен баға алмайтын» Жағалбайлы елінің жайлауы осы жер, олардың ұрпағы әлі отыр. Мұндағы әр отбасының тарихы таңды таңға ұрып айтуға жетеді.
27 Тамыз, 2019
Нұрсейіт тамында талай сыр бар
Құрамы өңірлік телеарна операторларынан құралған түсірілім тобымен Әйтеке би ауданының оңтүстігіне бет алдық. Жағалай созылып жатқан Мұғалжар тауының сілемдерін бойлай ағып жатқан Ырғыз өзенін жанамалай отырып жолда қиыршық тас карьерін басып өткен қара жол ашық далаға бастады. Экспедиция мақсаты ауданның камера көзіне ілікпеген тарихи-мәдени кешендерін бір сүзіп өту болатын. Сапар барысында біздің көзімізді таң-тамаша күйде қалдырған ортағасыр ескерткіші өзінің ерекше архитектуралық және ішіне жасырған жұмбақ көрінісімен назарымызды еріксіз аударды.
27 Тамыз, 2019
Даңқты дақыл көлемінің артуына сервистік дайындау орталықтары оң әсер етті
Жетісудың жер төсін емген шаруалары енді аз күнде өңірдің даңқын асырған қызылша дақылынан өнім жинауды бастайды.
27 Тамыз, 2019