Редакция таңдауы
Жолдаудың басым бағыттары талқыланды
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауының басым бағыттарын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Жиынға ғалымдар, сарапшылар мен саясаттанушылар қатысты.
04 Қыркүйек, 2019
Жолдауды іске асырудың жалпыұлттық жоспары
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру шаралары қаралды. Жолдаудың басты бес бағытын орындау жолдары анықталды.
04 Қыркүйек, 2019
Жастар ұйымдары еріктілер қозғалысын дамытуға уағдаласты
Бас шаһарда қазақстандық-америкалық жастар форумы өтті. Жастар ұйымдарының арасында байланыс орнату және тәжірибе алмасу мақсатында екі елдің белсенділері волонтерлік қозғалысты дамытуға уағдаласты.
04 Қыркүйек, 2019
Ақпараттық қауіпсіздік қашанда назарда
Елордада Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы Сарапшылық кеңестің «Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігінің өзекті проблемалары» атты отырысы өтті.
04 Қыркүйек, 2019
Арқа төрінде адамзаттық мәселе сөз болады
Әдебиет – жалқы тағдырлар арқылы жалпының мұңын шертер жалғыз құрал. Оның қоғамға ықпал етер құдіретті күшін бүгінгі жаһандану дәуірі қатты қажет етіп отырғаны белгілі. Ғылым мен техника қарыштап қатар дамыған сайын адам бойындағы нәзік сезімдер мен ізгі иірімдердің көзі көмескіленіп бара жатқаны белгілі. Сөз өнері – сезім бұлағының қайнары. Әдебиеттің әзелгі мұраты да сол – рухани ресурстарды гуманизм қызметіне біріктіру.
04 Қыркүйек, 2019
Зейнетақы жинағы: Бүгін де, ертең де қажет қаржы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында тың идея айтты. Президент зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа жұмсау тетігін қарастыру қажет екенін жеткізіп, Үкіметке арнайы тапсырма берді. Енді жыл аяғына дейін Үкімет зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алу немесе білімге арнау мүмкіндігін қарастырып, арнайы тетіктер енгізуі тиіс.
04 Қыркүйек, 2019
Азия қаламгерлерінің алқалы жиыны өтті
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында 4-6 қыркүйек күндері ел астанасында өтетін Азия елдері қаламгерлерінің І форумына арналған баспасөз конференциясы өтті.
03 Қыркүйек, 2019
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
Кездесу барысында Елбасына еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің бөлімшелері мен құрамаларының жауынгерлік даярлығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.
03 Қыркүйек, 2019
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ЕҚЫҰ өкілін қабылдады
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Ұлт азшылықтары істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Ламберто Заньермен кездесті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
03 Қыркүйек, 2019
Мемлекеттік және ұлттық компаниялар қызметкерлерінің саны 25%-ға қысқаратын болады— Ә. Смайылов
Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауын іске асыру шаралары қаралды. Бюджеттік-қаржы бағыты бойынша Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайыловтың баяндамасы тыңдалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
03 Қыркүйек, 2019
Мәжілістің жаңа парламенттік маусымдағы алғашқы бюро отырысы өтті
Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жаңа маусымдағы алғашқы бюро отырысы өтіп, алдағы сәрсенбіде талқыланатын мәселелер жобасы қаралды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
03 Қыркүйек, 2019
Елімізде білікті ұшқыштар тапшы
Азаматтық авиация академиясы халықаралық талаптарға сай келетін білікті ұшқыштарды даярлауға қауқарсыз. Бұл туралы Салалық біліктілік шеңберін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу мәселелері бойынша біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында айтылды. Сол себепті отандық әуе компаниялары авиация мамандарын шетелдерде оқытуға мәжбүр.
03 Қыркүйек, 2019
Теннистен қыздар арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан US Open (АҚШ ашық біріншілігі) турнирінің жұптық бәсекесінде үшінші кезеңге жолдама алды.
03 Қыркүйек, 2019
Негізгі лейтмотив – халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыру
Жолдаудың негізгі лейтмотиві – «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру, азаматтардың, бизнес пен мемлекеттік аппараттың арасында тиімді өзара іс-қимыл қалыптастыру қажеттігі. Осы қадамды жүзеге асыру барлық салада серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған, кесіп-пішілген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
03 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысы: Оқушыларды сапалы оқулықпен қамтамасыз ету - тиісті министрліктің тікелей міндеті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында оқушыларды сапалы оқулықпен қамтуды тапсырды.
02 Қыркүйек, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев: Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік ЖОО-ға дайындау керек
Мемлекет басшысы Үкіметке дарынды балалардың қабілетін арттырудың жол картасын әзірлеуді тапсырды.
02 Қыркүйек, 2019