Редакция таңдауы
Үкімет халықаралық рейтингтерде Қазақстанның позицияларын жақсарту шараларын қарады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі және басқа да рейтингтердегі Қазақстанның позицияларын жақсарту шаралары талқыланды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
17 Қыркүйек, 2019
Роман Скляр: Қазақстан «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы бойынша 17-позицияға көтерілді
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі, оның ішінде Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі позицияларын жақсарту шаралары қаралды. Бұл мәселе бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр баяндады, деп хабарлады primeminister.kz.
17 Қыркүйек, 2019
Қазақстанда 270 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 270,8 мың жаңа жұмыс орны құрылды, яғни жылдық жоспардың 72,6% (373 мың), оның ішінде ауылдық жерлерде 115,2 мың адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
17 Қыркүйек, 2019
Жастарды жұмыс істеуге жігерлендіреді
Екі қолға бір күрек таппай отырған ауыл жастарына белсенді берекелі жұмыспен айналысуға мүмкіндік бар. Бұл жайында өңірлік кәсіпкерлер палатасының жергілікті жерде шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне арналған қоғамдық тыңдау барысында жан-жақты айтылды.
17 Қыркүйек, 2019
Батыс Қазақстанда шаруалар күн батареяларын орнатуда
Қазақстанның қиыр батысында орналасқан Бөкей ордасы ауданы төрт түлік мал саны жөнінен ең бай өңірдің бірі. Аудан тұрғындарының саны 16072 адам болса, 2019 жылдың 1-қыркүйегінде ірі қара – 69 857, қой-ешкі – 92 198, жылқы – 25 308, түйе 938 басқа жеткен.
17 Қыркүйек, 2019
Жігерлі жастарды жинаған нетворкинг
Бұл тәжірибе алмасу алаңына 200-ге жуық жас қатысты. Шымкент қаласында алғаш рет «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында өткен бұл іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдау көрсетті. Екі күнге жалғасқан Жастар ұйымдарының нетворкингіне 18-29 жас аралығындағы Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласының жастары қатысты. Арнайы шақырылған спикерлер жастарға маңызды ақпараттар беріп, орамды ойларын ортаға салды.
17 Қыркүйек, 2019
Сан мен сапа бірлігі: Ақтөбе облысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы оң нәтиже берді
Бүгінгі материалымыздың айдарында тұрған «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы өңірде бұдан үш жыл бұрын басталған-ды. Дәл сол кезде өңір халқының өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде ауқымды жұмыстар қолға алынып, жүзеге аса бастады. Әрине жаңа жобаның бұлайша шұғыл өрістеуіне себепші болған жайттар да жоқ емес-ті. Атап айтқанда, 2016 жылдың 5 маусымы күні Ақтөбе қаласында діни экстремизмнің бой көрсетуі салдарынан орын алған қайғылы оқиға мен теракт бұл бағыттағы профилактикалық шараларды ширата түсу қажеттігін ұғындырып кеткені де сол кездің шындығы еді.
17 Қыркүйек, 2019
Шағын кәсіп шаңырақтан басталса...
«Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды» деген қазақтың қанатты сөзі бар. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап Алла тағала оның ризығын тағдыр тақтасына жазып қоятыны белгілі. Аузына ана сүтінен бастап, тіршілікте түрлі тағамның дәмін тату пенденің пешенесінен айналып өтпейді. Бірақ сол ризыққа қол жеткізу адамның іс-әрекетіне байланысты болмақ.
17 Қыркүйек, 2019
Жапония үкіметі жаңадан жасақталды
Өткен аптада Жапонияның үкіметі толық құрамда отставкаға кетіп, министрлер кабинеті жаңадан жасақталды.
17 Қыркүйек, 2019
Қуаныш Сұлтанов: Тату көршілік көкжиектері
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының жаңа кезеңін бастады.
17 Қыркүйек, 2019
Цифрландырудың білімге ықпалы талқыланды
Отандық және шетелдік жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен елордада білім сапасын қамтамасыз ету бойынша Еуразиялық форум өтті. Шарада спикерлер мен қонақтар университетті цифрландырудың маңызы мен тиімді жолдары жөнінде ой бөлісті.
17 Қыркүйек, 2019
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде мектептер мен мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі бала қауіпсіздігі және профилактикалық шаралар бойынша баспасөз конференциясы өтті.
17 Қыркүйек, 2019
Асқар Мамин ТМД елдерінің Байланыс министрлерімен кездесті
Премьер-Министр Асқар Мамин байланыс саласындағы Аймақтық достастық делегациясын, сондай-ақ Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Чжао Хоулинь мен Бүкіләлемдік пошта байланысының Бас директоры Бишар А. Хуссейнді қабылдады.
17 Қыркүйек, 2019
Дариға Назарбаева Апостол Нунцийін қабылдады
Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің басшысы Дариға Назарбаева Қазақстандағы Апостол Нунцийі Фрэнсис Ассизи Чулликатты қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
17 Қыркүйек, 2019
Алматы облысындағы апатта зардап шеккендерге медициналық, әлеуметтік көмек көрсетіледі - Р. Скляр
Алматы облысында орын алған кешегі жол көлік оқиғасының мән-жайын Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтып берді.
16 Қыркүйек, 2019
Жастарға 5 жылға жалдамалы пәтер беріледі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 23 қаңтарда өткен Жастар жылының ашылу салтанатында: «Жас отбасыларға арналған баспана мәселесі ірі қалаларда өткір екенін ескере отырып, Үкіметке алдымен Астанада, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жастар үшін жылына 1 мың пәтерден кем емес құрылысты қамтамасыз ету қажет. Бұл пәтерлер жалдамалы баспана санатына жатқызылуы тиіс» деген болатын. Жастарды жалдамалы пәтермен қамту мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында да баса айтылды. Тапсырманы орындау мақсатында мемлекет бюджетінен 21 млрд теңге қаржы бөлініп, жыл аяғына дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жеке-жеке 1050 пәтер, Шымкент қаласында 900 пәтер жалға берілмек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
16 Қыркүйек, 2019
Сабақтастық сақталады, байланыс нығаяды
Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барғаны белгілі. Орталық коммуникациялар қызметінде Президенттің осы сапарын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты өтті.
16 Қыркүйек, 2019
10 мыңнан астам қандасымыз Қазақстан азаматтығын алды
Биыл жыл басынан бері көрші елдерден тарихи отанына оралған 10,7 мыңнан астам қандасымыз Қазақстан азаматтығын алды. Еліміздің азаматтығын алған қазақтардың дені Өзбекстан елінен келді. Олардың үлесі – 48,5%. Одан кейінгі орында Қытай Халық Республикасынан көшіп келген этностық қазақтар тұр. Олар 36%-ды құраса, Моңғолиядан – 6,2%, Түрікменстаннан – 5,4%, Ресей Федерациясынан – 1,1%, Ираннан – 0,5% этностық қазақтар Қазақстан азаматтығын алды.
16 Қыркүйек, 2019
Бірінші раундта-ақ сұлатып салды
Қазақтың шойын жұдырық иесі, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов сенбі күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әйгілі Madison Square Garden аренасында өзінің кезекті жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын бірінші раундтың өзінде-ақ нокаутқа жіберді. Отандасымыз бұл жеңісі арқылы «Елеусіновтің жойқын соққысы жоқ, кәсіпқой бокста жүрген қатардағы қарапайым боксшы» деп сынап жүрген жанкүйерлеріне нақты жауап беріп, өзінің мүмкіндігін көрсетті.
16 Қыркүйек, 2019
Әлем чемпионаты сәтті басталды
Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі додаға 91 мемлекеттен келген 488 былғары қолғап шебері бақ сынауда. Жаһандық жарыстың алғашқы аптасы Қазақстан құрамасы үшін сәтті өтті. Рингке көтерілген барлық боксшыларымыз жеңіске жетіп, ел мерейін үстем етті.
16 Қыркүйек, 2019