Редакция таңдауы
Халықаралық вокалистер байқауының бас жүлдесі Италияға кетті
Алматы қаласында он күн бойы операны биік дәрежеде дәріптеген Бибігүл Төлегенованың Х халықаралық вокалистер байқауы мәресіне жетіп, өнер бәйгесі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жеңімпаздардың гала-концертімен аяқталды.
24 Қыркүйек, 2019
Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінде жарықтандыру қолға алынды
Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің үш бөлімшесінде жарықтандырудың жаңа жүйесі енгізілді. Мұнда «Энергетикалық қызмет көрсету келісімшартының механизміне сәйкес энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдарды қолдану арқылы жарықтандыру жүйесін жаңғырту» жобасының бірінші кезеңі аяқталды.
24 Қыркүйек, 2019
Ақтауда «Әбіш оқулары» атты мүшәйра өтті
Ақтау қаласы әкімдігінің қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбайдың 80 жылдығына, Ақтау қаласының 56 жылдығына орай «Әбіш оқулары» атты ақындар мүшәйрасы өтті.
24 Қыркүйек, 2019
Маңғыстаулықтар Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовты қарсы алды
23 қыркүйек күні кеште Ақтау әуежайында Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен бокстан Әлем чемпионатының жүлдегері, 81 кг салмақта топ жарып, алтын иеленген жеңімпаз боксшы Бекзат Нұрдәулетов туған жеріне келіп жетті.
24 Қыркүйек, 2019
Маңғыстауда танкішілердің атыс жаттығулары өтті
Ақтаудағы «Оймаша» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының танк экипаждары штаттық снарядтармен атыс жаттығуларын өткізді. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінен капитан Рүстем Игисинов хабарлады.
24 Қыркүйек, 2019
Сыртқы істер министрі АҚШ Әкімшілігі өкілдерімен кездесті
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ Әкімшілігінің өкілдері - АҚШ Президенті көмекшісінің орынбасары және Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша Аға директоры Лиза Кёртис және АҚШ Мемлекеттік хатшысының Экономикалық өсу, энергетика және қоршаған орта жөніндегі орынбасары Кит Кракпен бөлек кездесулер өткізді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
24 Қыркүйек, 2019
Елбасы Қазақстанның даму жолын сөз етті
Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия елдерінің парламенттері спикерлерінің IV кеңесінде Кеңес одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздігін алған Қазақстанның даму жолына тоқталды.
24 Қыркүйек, 2019
Елбасы: Біз заң шығару органы қызметіне зор мән береміз
Еуразия елдерінің парламенттері спикерлерінің IV кеңесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде заң шығару органы қызметіне зор мән берілетіндігі жайында айтты.
24 Қыркүйек, 2019
Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі басталды
Нұр-Сұлтан қаласында Тұңғыш Президент-Елбасы Н. Назарбаевтың Еуразиялық идеясына 25 жыл толуына орай «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында Еуразия елдерінің парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтіп жатыр.
24 Қыркүйек, 2019
Ақпараттық заманның өзекті мәселесі
Жақында ғана елордада Astana Media Week апталығы өткені белгілі. Апталық аясында отандық медианы дамыту мен осы саладағы іскерлік қатынастарды аймақтық деңгейде ілгерілету мәселелері сөз болды. Алқалы жиында сөйлеген сөзінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елімізде медиасауаттылықты арттыру мәселесіне айрықша назар аударған-ды.
24 Қыркүйек, 2019
Мұнай-химия саласы жолға қойыла ма?
Қазақстан көмірсутегі қорының молдығы бойынша әлемдегі 20 елдің санатына кіреді. Тәуелсіздік жылдарында елімізде барлығы 1,5 млрд тонна мұнай мен газ конденсаты өндіріліп, өндіру мен экспорттау көрсеткіші бойынша дүние жүзіндегі көшбасшылардың қатарына қосылдық.
24 Қыркүйек, 2019
Бүгін елордада Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтеді
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Тұңғыш Президент-Елбасы Н. Назарбаевтың Еуразиялық идеясына 25 жыл толуына орай «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында Еуразия елдерінің парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтеді.
24 Қыркүйек, 2019
Пенде баласы бірін-бірі қызғанбай тұра алмайды. Кімнің болса да төңірегінде отбасын, жеке бас жетістігін көре алмайтын, тіпті сырт келбетіне қызғанышпен қарайтындар табылады.
24 Қыркүйек, 2019
Ольга Рыпакова: Этносаралық татулық – ел тұтастығының кепілі
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған алғашқы Жолдауында Қазақстан қоғамын толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға тұщымды жауап берілген. «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдаудың аты айтып тұрғандай, маңызды құжатта қоғамдық диалогқа, ашықтыққа, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аударуға ерекше екпін берілген.
24 Қыркүйек, 2019
Ел ішінде ер-азаматқа екі нәрсеге ерекше мән беру керектігі ескертіледі. Әзіл ретінде айтылғанымен, түбінде зіл жатқанына көп адам көңіл бөле бермейді. Оның бірі – мамандық, бірі – өмірлік жар. Иә, екеуінің де адам өмірінде айрықша рөл атқаратыны бесенеден белгілі. Ғұмыр-дарияға бірге түсіп, сезім қайығының ескегін қатар есетін өмірлік жарыңды көргенде көзің қуанып, көңілің жайланса онда жар таңдаудан жаңылыспадым дей бер. Ал күніңнің көп уақытын өткізетін қызметіңе қызығып, мақсат-мұрат жолында маңдайтеріңді төгетін мекемеңе мейлінше ерте барып, еркін жүріп, құлшына еңбек етсең, бұл да жолыңның болғаны. Сүйген жар мен сүйікті қызметтің алар орнын айттық. Бірін ойлап үйге асықсаң, бірін ойлап түзге асығасың. Біздің айтпағымыз махаббат емес, мамандық болмақ.
24 Қыркүйек, 2019
Әлеуметтік салаға серпін береді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында бүгінгі заман талабына сай тиімді мемлекет құрудың ортақ тұжырымдамасын ұсынды. Онда еліміздегі маңызды мәселелер қамтылған әрі халық тұрмысын сапалық тұрғыда жақсарту көзделіп отыр.
24 Қыркүйек, 2019
Мұнай бағасы: пайда мен зиянның арасы
«Қара алтын» құнының күрт көтерілгеніне аптаға жуықтап қалды. Сауд Арабиясындағы кен орындарына дронмен шабуыл жасалғаннан кейін мұнай бағасы соңғы 30 жылда болып көрмеген қарқынмен қымбаттағаны белгілі. Бұл Қазақстан экономикасына қалай әсер етуі мүмкін?
24 Қыркүйек, 2019
Шекара шегенделмесе, қақтығыс азаймайды
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы кикілжің қыркүйектің 15-де басталып, 18-де аяқталды. Алайда кісі қаны төгіліп, «Азия-Плюс» ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда, бір қырғыз, үш тәжік шекарашысы қаза тапқан.
24 Қыркүйек, 2019
Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы ашылды. Беделі биік ұйымның үш күнге, яғни 23-25 қыркүйек күндері аралығына жоспарланған сессиясына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, баяндама жасайды деп күтілуде.
24 Қыркүйек, 2019
Қазақ хандары ұстанған бұйымдар қайда?
Осыдан 4 жыл бұрын, 2015 жылы сол кездегі Сенат депутаты Қуаныш Айтахановтың Түркістан қаласынан «Хандар мұражайын» ашу туралы ұсынысы Үкіметтің назарына енді жетті. Бүгін Түркістан қаласының жобасында хандар мұражайына орын бар деген хабар алдық.
24 Қыркүйек, 2019