Редакция таңдауы
Жазушы Эрнест Хемингуэй әлемнің әйгілі шаһарларының бірі Париж туралы тебірене айта келіп: «Егер сізге әлдебір сәтті тағдыр бұйырып, Парижде жалқы сәт болсын, өмір сүрген болсаңыз, онда сіз қайда барсаңыз да, қайда жүрсеңіз де Париж сіздің ғұмырыңыздың соңына дейін сізбен бірге болады, өйткені Париж – бұл әрқашан сізбен бірге болатын мереке» дегені бар.
05 Қараша, 2019
Жиында Парламент Сенатының 7 қарашада болатын отырысының күн тәртібі белгіленді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
04 Қараша, 2019
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы «Күлтөбе» қалашығының жобасымен танысты
Елбасы Түркістанға сапары барысында қаланың мәдени және білім беру нысандарының, сондай-ақ саябақтар мен Арбаттың құрылыс жоспарымен танысты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында жазды.
04 Қараша, 2019
«Алтын адам» Афинадағы көрмеге қойылады
Ұлттық музей 2019 жылғы 11 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де Грекия Мемлекетінің Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл туралы Ұлттық музейдің баспасөз қызметі хабарлады.
04 Қараша, 2019
Ақтөбеде «Ел үміті» жастар марафоны өтті
Ақтөбеде талантты, еңбекқор балалар мен жастарды қолдауға жөніндегі Тұңғыш Президент ‒ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы аясында «Ел үміті» марафоны өтті. Шараға Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Тұңғыш Президент – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
04 Қараша, 2019
Белгілі журналист Мағауия Сембай дүниеден озды
«Егеменнің» ардагері, «Орталық Қазақстан» басылымын ұзақ жыл басқарған қарымды қаламгер Мағауия Сембай дүниеден өтті.
04 Қараша, 2019
Жемқорлықты тудыратын себептер көп
Nur Otan партиясының Орталық аппаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы болып, онда «Таза сессия» жалпыхалықтық акциясының аралық нәтижелері талқыланды. Jas Otan жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек акцияның қорытындылары туралы хабарлады.
04 Қараша, 2019
«Ел үміті» жобасы дарынды жастарға қолдау көрсетеді
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкіметтің жұмыс тобы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ақтөбе облысына ат басын тіреді.
04 Қараша, 2019
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстанның дүнгендер қоғамының ұйымдастыруымен «Қазақстан дүнгендері: мәдениеті мен дәстүрлері» атты мерекелік іс-шара өтті.
04 Қараша, 2019
Ортақ парыз бен абыройлы міндет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы әлемдік қоғамдастықтың бір бөлшегіне айналған егемен елімізді жаңа жетістіктерге жетелейді.
04 Қараша, 2019
Осыдан бір жыл бұрын Үкіметтің Қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының орындалу барысы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында талқыланды.
04 Қараша, 2019
Шерумен және бос сөзбен шаруа бітпейді
Қазір басымыз қосылған жерде ауылды, оның жағдайын айтудан жалықпайтын болдық. Әрине, бұл да әркімнің өз туған ауылы мен туған жерінің жағдайын ойлағаны да шығар. Әр қазақ баласы үшін ауыл Ұлттық код екендігін дәлелдеп жатудың қажеті де жоқ. Ауылды алтын бесікке де теңейміз. Кезінде Америка халқының 3-ақ пайызы елді мекендерде тұрады екен, солар бүкіл америкалықтарды асырап отыр екен, ауыл халқы қалаға көшіп жатса, оған қамығудың қажеті жоқ деген саясат та ұстандық. Халық үдере қалалы жерлерге көше бастады. Кезінде шаруашылығының тасы өрге домалап, ісі жүріп, дәулеті шалқып тұрған ауылдардың біразының адамдары көшіп кетіп, жұрттары ғана қалғаны тағы да ақиқат. Алайда қалада не тұрағы жоқ, не жұмысы жоқ ауыл қазағының көбі бұл арадан да байыз таба алмады. Енді өкінгенмен де, айтқанмен де еш нәрсенің орнына келмесі анық. Енді бізге нақты іс пен нақты қадам керек. Ауылды жерлерді өркендету мен дамыту мәселесіне ендігі арада басқаша бір ой көзімен қарауымыз қажет.
04 Қараша, 2019
Елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Еңбекқор жастар» ақпараттық шарасы аясында «Жастар ресурстық орталықтары еңбек нарығының жаңа болмыстарында» атты республикалық семинар-тренинг өтті.
04 Қараша, 2019
11 әуежайға «Ашық аспан» режімі енгізілді
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында ұшақ билетінің қымбаттығын сынға алғаны белгілі. «Елорданы әлемнің ірі қалаларымен және халықаралық қаржы орталықтарымен тікелей рейс арқылы байланыстыру өте маңызды. Басқаша айтқанда, «ашық аспан» жүйесін ашу керек. Бұл менің Үкіметке берген тапсырмам. Қорқатын ештеңе жоқ, бір компанияға қараудың қажеті жоқ» деген болатын Президент.
04 Қараша, 2019
Жақсылық жасауда ысырап жоқ, ысырапта жақсылық жоқ
Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген. Бұл – ұят болады, жаман болады, обал болады. Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, ұятты істі істеме, «жаным – арымның садағасы» дегені. Жаман болады дегені – «жақсы сөз – жарым ырыс», жамандықтан аулақ жүр дегені, жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді деп бағамдағаны. Обал болады дегені – әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған бір нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін дегені, ешкімге көлеңкең түспесін деп ескерткені. Иә, бала күнімізден мұндай ескертудің талайын естіп өстік. Одан бөлек «ысырап болмасын», «ысырап қылмаңдар» дейтін қариялардың қатаң қағидалары әлі күнге жадымызда жаңғырып тұр.
04 Қараша, 2019
Мәжілістің бюро отырысын өткізді
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
04 Қараша, 2019
Өңірді дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды.
04 Қараша, 2019
Сервистік компаниялардың әлеуеті қандай?
Мұнай-газ саласында қазақстандық үлесті арттыру бағытында ғана емес, басқару менеджментінде отандық мамандарды көбейту жағы да әлі күнге кемшін. Шетелдік мамандар Қазақстанға көп болса 3-4 жылға келісімшартпен келеді, олар осы уақытта Қазақстанның ішкі нарығын танып-біліп те үлгермейді.
04 Қараша, 2019
Елизавета Синельникова – джиу-джитсудан әлем чемпионы
Греция мемлекетінің Крик аралында өткен байрақты бәсекеде жерлесіміз 48 келі салмақта топ жарып, алтыннан алқа тақты. Жеңістің жалауын желбіретіп келген споршы қызды жерлестері қуана қарсы алды.
03 Қараша, 2019
Тұрғындар полиция бастығының WhatsApp мессенджеріне жаза алады
WhatApp +7-708-432-46-00. Бұл - Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция майоры Әлібек Ғабдуллиннің нөмірі. Осы нөмірмен тұрғындар қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жайлы жедел хабарлай алады.
03 Қараша, 2019