Редакция таңдауы
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елордалық зиялы қауым өкілдері кіндік қаланың ескі қорымына сүйек күлі көмілген мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш арысы Смағұл Сәдуақасовтың басына барып тағзым жасады.
16 Желтоқсан, 2019
Арғы артефакт құпиялары – нейтронды радиография және томография арқылы зерттеледі
Күнделікті медицинада пайдаланып жүрген рентген радиографиясы мен томографиясынан айырмашылығы нейтронды әдіс қатты денелерді түбегейлі зерттейді. Жақында Ядролық физика институты мамандары материалтану, ядролық технологиялар, геофизика, археология, палеонтология саласында қолданылатын нейтронды радиография және томография қондырғысының мүмкіндіктерін жария етті.
16 Желтоқсан, 2019
Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан
16 Желтоқсан, 2019
Kaspi.kz инновациялық компаниясының көкжиегі
Мемлекет Қазақстанның цифрлы экономикасын дамыту үшін көп іс атқаруда. Даму бағдарламалары қабылданып, компанияларды ынталандырып отыр. Енді цифрландырудың табысты болуы жеке кәсіпкерлердің осы мүмкіндіктерді жүзеге асыруына байланысты. Әлемнің көптеген елдерінде инновация, инвестиция мен жаңа технологияларды дамыту бағытында өз елін алға жетелеген компаниялар бар.
16 Желтоқсан, 2019
Қазақстан өз егемендігінің жиырма сегіз жылдығын шоң салтанатпен атап өтуде. Тәуелсіздігін жариялағаннан бергі мезгілде Республика орасан зор игілікке қол жеткізді, қуатты мемлекетке айналды. Осы жылдары Қазақстан әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елу мемлекеттің қатарына қосылып, енді озық отыз мемлекеттің көшіне кіруге бет алды.
16 Желтоқсан, 2019
11 желтоқсанда Анкара қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні тойланды. Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен өткен ресми қабылдауға Түркия Республикасы атынан бас қонақ ретінде Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы профессор Мұстафа Шентоп қатысты.
16 Желтоқсан, 2019
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдің 2019 жылғы қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Осы тақырыпта баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов аталған мерзімде ішкі жалпы өнімнің өсімі 4,4%-ды құрағанын атап өтті.
16 Желтоқсан, 2019
Мереке қарсаңындағы мерейлі сәт
Тәуелсіздік күні қарсаңында Nur Otan партиясының Орталық аппаратында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, жемісті қоғамдық қызметі үшін партияның белсенді мүшелері мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды.
16 Желтоқсан, 2019
Еңбегімен ерекшеленгендерге лайықты құрмет
Мәжілісте Президент Жарлығымен мемлекеттік марапаттарды тапсыру рәсімі өтті. Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысының атынан депутаттарға және аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды.
16 Желтоқсан, 2019
Мемлекеттік наградалар тапсырды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Сенат депутаттары мен аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттарды табыс етті.
16 Желтоқсан, 2019
Әжетхана күзеткен мұғалімнің беделі қалай артады?
Өткен айдың соңында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жан-жақты талқыланып, бірінші оқылымда мақұлданды. Талқылауда депутаттар мұғалімнің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғайтын және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттарды енгізудің маңыздылығына ерекше назар аударды. Заң қабылданып, оның қаншалықты нәтиже берерін уақыт көрсетер. Ал әзірге күштік құрылымдар мен жергілікті басқару органдары мұғалімді «қолбала» ретінде санап, оқушылар алдында беделін түсіруін тыймай келеді. Мұғалім ұлттың ұрпағына тәлім берер ұлық тұлға. Алайда оның әжетхана күзетуге жегілуі бүгінгі мәртебесі мен қадірінің қандай деңгейде екенін аңғартады, өкінішке қарай...
15 Желтоқсан, 2019
Димаш Құдайберген тыңдармандарына алғыс айтты
Әлемге танымал қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген фанаттарына алғыс айтты. Бұл туралы әнші өзінің instagram-парақшасында жазды.
14 Желтоқсан, 2019
Головкин рингке оралар сәтін тағатсыздана күтіп жүргенін айтты
Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) АҚШ-тағы фанаттарымен кездесіп, келесі жекпе-жегін күтіп жүргенін айтты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
14 Желтоқсан, 2019
Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі туралы монографияның таныстырылымы өтті
Тәуелсіздік күніне орай Орталық мемлекеттік архив қызметкерлері мен Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бірлескен жұмыстарының нәтижесінде жарыққа шыққан «Национально-освободительное движение казахского народа в конце XVIII – в начале XX веков» архив құжаттары мен материалдары жинағының таныстырылымы өтті.
14 Желтоқсан, 2019
Егемендіктерге мемлекеттік наградалар тапсырылды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Тәуелсіздік күні қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне мемлекеттік наградаларды салтанатты жағдайда тапсырды. Еңбегі еленген азаматтардың арасында биыл ғасырлық мерейтойын атап өтіп жатқан бас басылым – «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкерлері де бар.
13 Желтоқсан, 2019
Қисамединовтің қолтаңбасы алматылықтар назарына ұсынылды
Алматы таңғажайып өнер туындылары мен тарихи таланттарды тоғыстырған шаһар. Елдің рухани әлеуетін айшықтауда мегаполистегі мәдениет ошақтарында сақталған айрықша өнер туындыларының орны зор. Солардың қатарында айтулы сурет шебері Мақым Қисамединовтің Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде сақталған шығармаларын да ерекше атауға болады.
13 Желтоқсан, 2019
Қазақстан экономикасының өсімі 11 айда 4,4% құрады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылдың қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
13 Желтоқсан, 2019
«Алтын тобылғы» иегерлері анықталды
«Алтын тобылғы» байқауы биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Тұңғыш Президент – Елбасының Қоры ұйымдастыратын бұл байқауда негізінен 18 бен 35 жас аралығындағы жас ақын-жазушылар бақ сынайды.
13 Желтоқсан, 2019
«Атамекен» отандық оқу орындарының рейтингін таныстырды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екі жыл қатарынан Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді.
13 Желтоқсан, 2019
Алматы облысының ел экономикасындағы үлесі аграрлық саладағы табысты көрсеткіштерімен айқындалады. Оның бір дәлелін жетісулық шаруалардың биыл өндірген өнімінің жалпы құны 780 млрд теңгеге жеткенінен аңғаруға болады.
13 Желтоқсан, 2019