Редакция таңдауы
Аймақтарда Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен кездесулері басталды
Сапар барысында депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асырудағы басым бағыттары туралы баяндайды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
05 Қаңтар, 2020
Мұғалжар мен Көшім жылқыларын өсіруге көңіл бөлсек...
Елімізде асыл тұқымды мал түрлерін өсіруге қатысты қабылданған бағдарламалардың алғашқы нәтижелері тәп-тәуір. Бұл істе ең алдымен мүйізді ірі қара және ұсақ мал санатындағы қой-ешкіні асылдандыру жұмыстары ойға бірінші оралады. Жөн-ақ.
05 Қаңтар, 2020
Бұл күндері Италияның Валь-ди-Фьемме қаласында шаңғы жарысынан «Тур де Ски» бәсекесі өтіп жатыр.
05 Қаңтар, 2020
Беларусь мұнай жеткізушілерді іздеуде
Ресей мен Беларусь арасындағы мұнай жеткізіліміне қатысты таласы Ресейдің тасымалды тоқтатуымен аяқталды. Беларусь жаңа тасымалдаушылар іздеуде.
05 Қаңтар, 2020
Жаңа жылдың жаңа қаласы – Тобыл
Қасиет тұнған туған жердің қай тұсы болсын қазақы қалпының сақталуымен қадірлі. Өңір-өңірді өзімізше атағанымыз өлкенің өшкенін жандырып, өркенін өсіруге серпін береді. Осындай игіліктің басы, жаңа жылдың жаршысы тағы бір жер атауын жаңғырту болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысы Затобол кентін Тобыл деп атау және оны аудандық маңызы бар қаламен теңестіру туралы Жарлыққа қол қойды.
05 Қаңтар, 2020
14 қаңтардан бастап Windows 7 жүйесі жұмысын тоқтатады
Windows 7 жүйесінің шыққанына 10 жыл толды. Сондықтан 2020 жылдың 14 қаңтарынан бастап бұл жүйе қолданыстан шығады. Бұл туралы microsoft.com хабарлады.
04 Қаңтар, 2020
Теннис: Зарина Дияс Гонконгтағы турнирдің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгтағы ITF турнирінің финалына шықты.
04 Қаңтар, 2020
Денсаулық сақтау министрі ұшақ апатынан зардап шеккен науқастың жағдайын білді
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елордадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына барып, ұшақ апатынан жарақат алған науқастың көңілін сұрап қайтты. Бұл туралы министр facebook-парақшасында жазды.
03 Қаңтар, 2020
Нұр-Сұлтанда экологиялық электр автобустар қызмет көрсете бастады
Елорда көшелерінде 100 электрлі автобус жүретін болады. Ендігі арада маршрутқа 15 автобус қосылды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов электроавтобустардың техникалық жағдайымен танысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
02 Қаңтар, 2020
Чехияда хоккейден жастар арасында әлем чемпионаты өтті
2019 жылдың 26-30 желтоқсаны аралығында Чехияда хоккейден жастар арасында (20 жасқа дейін) әлем чемпионаты өтті. Жаһандық бәсекеге Қазақстан жастары мына құраммен қатысты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
02 Қаңтар, 2020
Алматы облысында құтырған қасқыр адамға шапты
Ұйғыр ауданының Кетпен ауылының тұрғыны қасқырға таланды. Оқиға жаңа жылдың алдында болған.
02 Қаңтар, 2020
«Қордай» бекеті уақытша жабылады
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі күрделі жөндеу жұмыстарының жүруіне байланысты 20 қаңтардан бастап «Қордай» шекаралық өткізу бекетін уақытша жабуды жоспарлап отыр. Бұл мақсатқа қажетті қаржы да бөлініп, тиісті мердігер компания жұмыстарды 2020 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлауда. Аталған мәселеге орай, Жамбыл облысының Қордай ауданында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Парламент депутаттары және тиісті сала басшылары кездесті.
01 Қаңтар, 2020
Жаңа жыл қарсаңында өткен жылды қорытындылап, келер жылға жоспар құратын жақсы дәстүр бар. Өткен жыл еліміз үшін жаңалықтарға толы болды. 2019 жылдың ізгіліктерін ықыласпен еске ала отырып, жаңа жылдан да жақсылық күтеміз. Осы орайда келер жылдан не күтетінін әр түрлі сала мамандарынан сұрап көрген едік.
01 Қаңтар, 2020
Жақсы бастаманың мақсатты жалғасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялады. Бұл биыл жастарға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында қолға алынған кешенді іс-шаралардың желісін үзбей, азаматтық қоғам қалыптастырудың ұстынын одан әрі бекіте түсуге серпін береді. Жауапты міндет жүктеліп отырған Жаңа жыл қарсаңында Ақтөбеде халықаралық волонтерлер форумы ұйымдастырылды. Осылайша аталған бағыттағы қарым-қатынас пен өзара іс-қимылдың бірыңғай алаңын құруға қам-қарекет жасалуы – құптарлық жайт.
01 Қаңтар, 2020
30 миллиард теңгеден аса салық қарызы төленді
Салық рақымшылығы арқылы қазақстандықтар 32 млрд теңгеге жуық салық қарызын төлеп, 9 млрд теңге өсімпұл есептен шығарылды. Рақымшылық шағын және орта бизнеске бағытталғандықтан салық төлеушілердің денін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер құрап отыр. Олардың жалпы саны – 44 182.
01 Қаңтар, 2020