Редакция таңдауы
Ішкі істер министрлігінде Ертіс және Сырдария өзендері су деңгейінің көтерілуіне байланысты брифинг өтті. Қалыптасқан жағдай туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Б. Дұзақбаев айтып берді.
16 Қаңтар, 2020
Заманның қалпына бейімделе алмай, қырдағы малы мен жұпыны тіршілігін қанағат етіп, ілім-білім жолында ізденіп, өркениетке ұмтылудың орнына, мансап пен мақтан қуып, ру-руға бөлініп, қырық пышақ болып дау қуған бұрынғы қазақтың кертартпа мінезін данышпан Абай сөз күшімен сынап, намысын оятып, жігерін жанып, жөн жолға салуды мақсат тұтты. Ол заман өтті. Қазіргі заман да, адам да, қоғам да басқа.
16 Қаңтар, 2020
Зерттеген сайын зердең ашылады
Бұл күндері барлық ақпарат құралында жарияланып, жілік майын шағып, жүйелі талқыланып жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы мәдениет пен рухани өміріміздің бағыт-бағдарын айқындап көрсетіп берген темірқазығы болды деп ойлаймын. Жалғыз мен емес, көзі қарақты бүкіл қазақ солай ойлайды.
16 Қаңтар, 2020
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев Қоры арасында меморандумға қол қойылды. Осы құжаттың негізінде сал ауруына шалдыққан балаларға арналған 8 оңалту орталығы мен 16 қосымша инклюзивті қолдау кабинетін ашу көзделген.
16 Қаңтар, 2020
Ілиястану ілімі ілгерілей береді
Алматыдағы Ұлттық кітапханада жыр Құлагері, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойы ақпарат құралдары өкілдері арасында ұйымдастырылған бәйге қортындысын жариялаумен түйінделді.
15 Қаңтар, 2020
Ұлттық тестілеу орталығы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кезінде арнайы мониторингтік топтарды жұмылдыру туралы бастама жасады.
15 Қаңтар, 2020
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров, сондай-ақ сенаторлар Рысқали Әбдікеров пен Сергей Ершов депутаттардың аймақтарға сапары аясында Қарағанды облысында болды.
15 Қаңтар, 2020
Жас кезінен естігені мен оқығанын ұмытпаудың үлгісін көрсеткен, есейгенде көргені мен түйгенін халқына айтып та, жазып та қалдырған ақын, ғұлама Абайдың өмір жолына тәуелсіздік тұрғысынан қарау үшін бізге не жетіспейді?
15 Қаңтар, 2020
Президентіміз Қ.Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінде (9 қаңтар, 2020 жыл) «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» тақырыбында терең мағыналы мақала жариялап, ұлы тұлғаға деген жүрекжарды ойларымен елді елең еткізді. Мемлекет басшысы Абай мұраларына терең үңілу, оны ой-санадан өткізу Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы ой-тұжырымдарға сәйкес келетінін айтты.
15 Қаңтар, 2020
Ұлы тұлғалардың ұлағатты ойлары бір-бірімен әсем үйлесіп, әдемі үндесіп жатады. Соның керемет, кермиық, көркем бір көрінісі – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мен Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы. Осы айтулы екі еңбектің аты мақала болғанымен заты сол атауға сыймайтын әрқайсысы аса салмақты жүк көтеріп, салиқалы, асқан парасатты ой айтқан өте ауқымды еңбек, болашаққа жол сілтеген бағдаршам, адастырмас ақ жұлдыз.
15 Қаңтар, 2020
Өңіраралық әуе тасымалының өрісін кеңейтсек
Былтыр Атырау, Ақтөбе, Павлодар әуежайлары сатылымға шығарылғаны белгілі. Сөйтіп еліміздегі барлық терминалдар, ұшу-қону жолағы, әуе айлағы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ иелігінен аталған үш облыстың әкімдіктерінің коммуналдық меншігіне берілді.
15 Қаңтар, 2020
Кривогуздан Қасымның десі басым
Бұл күнде көше немесе елді мекен атауларын өзгерту өткірдің жүзіндей қылпылдап-ақ тұрған шаруа болды. Былай жүрсең өгіз өліп, былай тартсаң арбаң сынатындай көрінгенмен, бұл шаруаны бәрібір де біржақты етпеске болмайды. Мән-мағынасы ұлттық мүдде көзқарасымен мүлде қабыспайтын кератаулардан құтылатын кез де әлдеқашан жеткен. Иә, аз-маз қаражаттың шеті кертілуі мүмкін. Бірақ одан қазына ортайып қалмас. Бұл жердегі мәселе ұлттық сананың намыс отынан қуат алып, рух еркіндігінің ұшар биігіне көтерілуінде жатса керек.
15 Қаңтар, 2020
Өткен жылдың күзінде Ақтауға барғанбыз. Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға. Соның алдында ғана қаламгердің ойшылдығы туралы толғаныстардан құралған «Абыз Әбіш» деген кітабым жарық көрген болатын. Қомақты дүние. 560 бет. Сапалы қағазға басылған. Фотолары бар. Әлгі қалың кітапты қолтаңбамен сыйлағанда айтулы аудармашы Ғосман Төлеғұл: «О, мынау үлкен еңбек екен ғой өзі» деп қалды. «Ғосеке, сіз бұл кітапқа бірден аудармашының көзімен қарадыңыз ғой. Мұныңыз маған ұнайды», деп жатырмын. Әзілдеп келтіргенмен, ойымды да айтып едім.
15 Қаңтар, 2020
Сонау күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыста оқ бораған, отқа оранған майдан даласында фашистермен жан беріп, жан алысып шайқасқан жауынгерлермен бірге Ұлы Жеңіске партизандар да үлкен үлесін қосқаны тарихтан белгілі. Жау тылында жасырын жүріп, озбыр ойлы басқыншылардың жанын мұрнының ұшына келтіретін, үрейін ұшырып, шошытып оятатын халық кекшілдері небір ауыр айқаста олардың адымын аштырмай ойран салды. Біраз аумақты басып алып еркінсіген, есірген дұшпанның талайын жер жастандырды. Әскер, қару-жарақ тиелген жүк пойыздарын құлатты, деревнялардағы топтап қырылған жазықсыз бейбіт халықтың жақындарын жұбатты, Отанын сатқандарды (мұндайлар да кездесті ғой) сұлатты...
15 Қаңтар, 2020
«Bek Air» рейстеріне сатылған билет құны толығымен қайтарылады
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) ақпараты бойынша қазіргі уақытта «Бек Эйр» әуекомпаниясының Z9 жеке идентификаторы (коды) «Бек Эйр» әуекомпаниясына тиесілі және кері қайтарылмаған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
14 Қаңтар, 2020
Ауыр атлетика: Әлемдік рейтингтегі жағдайымыз тым нашар
Қазіргі кезде Қазақстанның ауыр атлеттерінің жағдайы өте мүшкіл. Олай деуге негіз, күні кеше ғана жарияланған олимпиадалық рейтингтің үзіктері қатарында бірде-бір жерлесіміз ене алмай отыр.
14 Қаңтар, 2020
Абай Құнанбайұлы – заманауи қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ретінде қазақ мәдениеті үшін де, бүкіл түрік әлемі мәдениеті үшін де маңызды тұлға. Ол қазақ тіліне, жалпы руханиятына, сондай-ақ бүкіл түркі әлемінің әдебиеті мен мәдениетіне жаңашылдық пен байлық әкелді, қаламының күшімен әлемді таңғалдырды. Өлеңдерінде де, қара сөздерінде де қазақ мәдениеті мен түрік мәдениетін әр қырынан танытты.
14 Қаңтар, 2020