Редакция таңдауы
Қалмаққырылған ба, Қалмаққырған ба?..
Осыдан екі жыл бұрын біз газетімізде «Қалмаққырылған неге елеусіз қалған?..», «Көкірегіме көшкен Қалмаққырылған, Ақшиман» М.Әуезов» деп екі мақала жаздық. Мақалада Қалмаққырылған тарихы – ашылмаған арал секілді екенін, талай жыл бойы облыстық ішкі саясат, мәдениет, туризм басқармалары тарапынан «Мәдени мұра» бағдарламасы кезінен бастап тарихи-танымдық жұмыс жүргізілмегенін айтқан едік.
24 Қаңтар, 2020
«Туған Ай тұрса – Үркерге қарсы қарап, қыс түсер – шақырайып боран борап» дегендей, Арқада ақтүтек боран борап тұр. Жілік жүгірер қыстың шілдесі бел ортасынан ауғанда басталған боран бірнеше күнге созылады дейді. Әрине қыс қыстығын қылмаса, жаз жаздығын қылмайды. Табиғат үстемдігін бір танытып қойғанының да қайыры бар шығар...
24 Қаңтар, 2020
Елбасы Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады
Кездесу барысында Ж.Әубәкірова Нұрсұлтан Назарбаевқа қазіргі қызметі туралы айтып, алдағы кезеңге шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
23 Қаңтар, 2020
Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті қабылдады
Кездесу барысында Елбасы Қауіпсіздік Кеңесі еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіруде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
23 Қаңтар, 2020
Елімізде коронавирустық сырқаттану жағдайлары тіркелген жоқ
Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-маслихатында Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова және Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Спикерлер ел азаматтарын ерекше қажеттілік болмаса, ҚХР-ға сапарға шығудан бас тартуға шақырды.
23 Қаңтар, 2020
Алтай Көлгінов ауа райының күрт нашарлауына байланысты кеңес өткізді
Елорда әкімі Алтай Көлгінов ауа райының күрт нашарлауына байланысты Полиция Департаментінің өкілдері, Төтенше Жағдайлар Департаменті басшылығы, аудан әкімдері, коммуналдық қызметтер мен құрылыс компанияларының және пәтер иелері кооперативтерінің өкілдерімен кеңес өткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
23 Қаңтар, 2020
Шериаздан Елеукеновке І дәрежелі «Барыс» ордені берілді
Көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, профессор Шериаздан Елеукеновке І дәрежелі «Барыс» ордені берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әдебиет қайраткеріне айтулы марапатты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев табыс етті. Бұл жәнінде Б. Сағынтаев өзінің Инстаграмдағы ресми парақшасында жазды.
23 Қаңтар, 2020
Нұр-Сұлтанда 11 әуе рейсі тоқтатылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 38 авиарейс кешіктіріліп, 11 рейс тоқтатылды. Бұл туралы аталған әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.
23 Қаңтар, 2020
«Адамзаттың алыбы – хәкім Абай» атты республикалық ақындар айтысы өтеді
Нұр-Сұлтан қаласында 8 ақпан күні Ұлы Абайдың 175 жылығына орай «Адамзаттың алыбы – хәкім Абай» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.
23 Қаңтар, 2020
Елордада боранға байланысты бірнеше рейс кейінге шегерілді
Елордада боранның кесірінен 32 әуе рейсінің уақыты кейінге шегерілді. Одан бөлек, қала маңындағы елді-мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктердің де жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.
23 Қаңтар, 2020
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жанында «Абайтану және ұлттық руханият» атты ғылыми - зерттеу орталығы құрылған. Оған абайтанушы, филалогия ғылымдарының докторы А.Ш.Пангереев жетекшілік жасайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты ғылыми- танымдық сипаттағы сүбелі мақаласы газетімізге жарияланғаннан кейін орталық қызметі жаңаша бір арнаға бет бұра бастағаны байқалады. Осыған орай, орталық жетекшісіне бірер сауал қойған едік.
23 Қаңтар, 2020
Жыл сайын 100 вагон жаңартылады
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұрлы жол» вокзалына Беларусь Республикасының Гомель қаласында күрделі жөндеуден өткен жолаушылар вагоны таныстырылды.
23 Қаңтар, 2020
Заң жобаларын дайындау барысы пысықталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында 5G, «Ақылды қалалар», «Үлкен деректер», блокчейн, цифрлы активтер, жаңа цифрлы қаржы құралдары сияқты тың технологиялық құбылыстарға бейімделу қажет екенін айтқан еді. Осы бағытта Парламент Мәжілісі арнайы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жұмысты назарға алды.
23 Қаңтар, 2020
Жаяу Мұсаның еліне «жаяу барған» түйелер
Әлеуметтік желі арқылы тараған «Павлодар жақтан иесіз түйелер табылыпты», «Бура бастаған келе түйе Баянауылға келіп тоқтапты. Иелері жоқ екен!» деген хабар түйесі жоқ адамдардың өзін елең еткізді.
23 Қаңтар, 2020
Бесағаштықтардың берекелі бастамасы
Ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар бүгінде жергілікті халықтың ырысына айналуда. Сонымен қатар Жамбыл облысында қолға алынған өңір тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға бағытталған жоба бүгінде өз нәтижесін беруде.
23 Қаңтар, 2020
Камера алдында ойқастаған қар барысы
Таяуда Алматы мемлекеттік табиғи қорығындағы фототұзақ объективіне үш қар барысы түсті.
23 Қаңтар, 2020
Инклюзивті білім ауылдық жерлер үшін де өзекті
Соңғы жылдары еліміздің білім саласына инклюзивті білім беру деген жаңа ұғымның енгені белгілі. Инклюзив дегеніміз, қарапайым тілмен айтсақ, ерекше қажеттілігі бар, яғни ақыл-ойында, физикалық дамуында кемістігі бар балалардың қатардағы мектеп оқушыларымен (балабақша тәрбиеленушілермен) тең дәрежеде білім алуы, бірге оқуы. Қазақы пайымға салсақ, оларды бөліп-жармау, өзекке теппей, өзімсіне бауырға басу.
23 Қаңтар, 2020
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ – Ақтөбе облысы аумағындағы ең ірі кәсіпорынның бірі. Оның үлесіне өңірде өндірілетін мұнай мен көмірсутегі шикізатының 70 және сұйық отын мен газдың 90 пайызы тиесілі.
23 Қаңтар, 2020
Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев микро және шағын бизнесті табыс салығынан үш жылға босататын заңға қол қойды. Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және темір жол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы арқылы 2020 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін бірқатар отандық салық төлеушілер салық төлеуден босатылды.
23 Қаңтар, 2020