Редакция таңдауы
Жарнамада «лотерея» сөзін қолдануға тыйым салынады
Бүгін Н.Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті.
05 Ақпан, 2020
Елордада Абайдың 175 жылдығына арналған республикалық айтыс өтеді
Нұр-Сұлтан қаласында 8-ақпан күні Ұлы Абайдың 175 жылығына орай «Адамзаттың алыбы – хәкім Абай» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.
05 Ақпан, 2020
Хайуанаттар бағына қолғабыс көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Волонтер жылы деп жариялауына байланысты еліміз бойынша еріктілер қозғалысы қарқын ала бастады. Бұл ізгі бастамаға Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жастары да белсенді атсалысуда. Жуырда университеттегі «Еріктілер» клубының мүшелері Алматы хайуанаттар бағына қолғабыс жасап, қоқыстарды жинап, вольерлерді тазалап, жануарларды азықтандыруға көмектесті.
05 Ақпан, 2020
Еңбек адамдарының мүддесін қорғайтын меморандум бекітілді
Nur Otan партиясы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
05 Ақпан, 2020
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру – басты міндет
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды. Сонымен қатар «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.
05 Ақпан, 2020
АӘК тағайындау тетіктері жүйеленді
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тетіктері мен форматтары енгізілгені мәлім. Осыған орай бірқатар жаңа заңнамалық актілер де қолданысқа енгені белгілі. Ендігі кезде жергілікті өкілетті органдар АӘК төлеуге қатысты өзгерістерді жүйелі түрде жүзеге асыруы қажет. Бұл тұрғыда Ақтөбе өңірінде қарқынды іс-қимыл байқала бастағанын айтқан жөн.
05 Ақпан, 2020
Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, студенттер, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпорындар мен ПИК қызметкерлері қысқы сенбілікке қатысты. Елордада 5 мыңнан астам тұрғын қар күреуге шықты.
05 Ақпан, 2020
Елорда жастары Волонтер жылына дайын
Кеше елордалық волонтерлер Жастар сарайында бас қосты. Волонтерлердің алғашқы тимбилдингіне – ұжымдасқан іс-шараға мектеп оқушыларынан бастап, колледж, университет студенттері қатысты. Жастар спорттық жарыстарда бақ сынасып, түрлі ойындар ойнады.
05 Ақпан, 2020
Жалғызілікті ананың алғысына бөленді
Волонтер жылы «Біз біргеміз!» акциясы аясында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығындағы волонтерлер штабының мүшелері елордадағы П.Шубин 23 мекенжайында орналасқан жалғызбасты ананың ауласын қардан тазартып берді.
05 Ақпан, 2020
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Nur Otan партиясының қолдауымен, елорда әкімдігінің ұйытқы болуымен «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ашылды. Филиал Нұр-Сұлтан қалалық «Жазушылар үйі» ғимаратынан орын алды.
05 Ақпан, 2020
Еркіндік әлемінде еңселі елге айналған Қазақстан 2020 жылдың есігін ерекше елеулі жетістіктермен ашты. Әсіресе тылсымы терең тұманды тарихтың қойнауында қалып, күңгірт тарта бастаған халықтың рухани құндылықтары қайтадан өмірге келіп, өзінің қадір-қасиетімен жалпы жұртты тәнті етті. Бүгін мен болашаққа қажетті мұндай маңызды мәселелердің жүзеге асуына жол ашқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалы мақалалары екендігі баршаға белгілі.
05 Ақпан, 2020
Интеллектуалды ұлт қалыптастырудың қайнары
Еліміз қоғамдық дамудың тарихи сабақтастығын сақтай отырып, әлемдік өркениет өрістерімен үндестікте экономикалық, әлеуметтік күш-қуатын саяси тұрақтылық аясында күннен-күнге арттырып, халықтың тұрмыс сапасынның көтерілуін қамтамасыз етуде. Сондай-ақ рухани жаңғыруымыз бен рухани өркендеуіміз өз жалғасын табуда.
05 Ақпан, 2020
Ұлы Абайдың туғанына 175 жылдығына арналған мемлекеттік маңызды кезекті шара ақындар мен батырлар елі – Жамбыл ауданында, «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Ұлы ақынның мұражайында өтті.
05 Ақпан, 2020
Жамбыл облысында басқарма басшысы қамауға алынды
Жамбыл облыстық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Жеңіс Сариев ағымдағы жылы 1 ақпан күні екі ай мерзімге Уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Басқарма басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.
04 Ақпан, 2020
Азық-түлік бағасының өсуіне әкімдер кінәлі ме?
Бүгін Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары бойынша баяндама жасады.
04 Ақпан, 2020
Облыс орталығындағы «Ертіс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасы бойынша Toraigyrov University студенттері «Арман әткеншектері» деп аталатын мультфильм түсірді. Елді жайлап бара жатқан сыбайлас жемқорлық індетіне қарсы түсірілген мультсериал жалғасады.
04 Ақпан, 2020
Абайтану олимпиадасы шәкірттердің жүрегіне шам жақты
Ел Президентінің Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы Жарлығына сәйкес ұлттың ұлылығын ұлықтаған дана Абайдың шығармашылық мұрасын бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша дамытып, болашаққа саф алтындай құнды күйінде жеткізуді мақсат-мұраты етіп ұстанған ІІ республикалық «Абайтану» олимпиадасы жуырда облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанған қазақ тілінде жалпы білім беретін ұйымдардың 9-11 сынып оқушылары арасында өтті.
04 Ақпан, 2020
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин халыққа санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат берді.
04 Ақпан, 2020
Украина «қара жәшікті» қайтаруды талап етті
Иран үкіметі 8 қаңтарда Тегеран маңында украиналық Boeing 737-8KV ұшағының құлауына жауаптылардың ұсталғанын мәлімдеді. Сонымен бірге Иран тарапы апатта қаза тапқандардың отбасыларының әрқайсысына 80 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы ұсынып отыр.
04 Ақпан, 2020
«С5+1» диалогынан күтеріміз көп
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Орталық Азияға сапары өтуде. Ол осы сапар барысында екіжақты көптеген кездесу өткізіп, С5+1 форматы бойынша келіссөздер жүргізеді. Майк Помпеоның Орталық Азияға ат басын бұруы қазіргі таңда әлем елдерінің назарын аударып отыр.
04 Ақпан, 2020