Редакция таңдауы
«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды
Ұлттық телевизиялық «Тұмар» бәйгесіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді tvtumar.kz сайтында 02 наурызына дейін толтыруға болады. Бұл туралы Ұлттық бәйге ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
12 Ақпан, 2020
Жедел жауабы жоқтың жедел қимыл жасауы да күмәнді
Мемлекеттік қызмет тарапынан жасалатын кейбір шектен шыққан бюрократиялық кедергілер кейде төтенше жағдайларға қарсы жедел әрекет етуге де кедергі келтіріп жатады. Сондай бір кедергінің мысалын төменде жазып отырмыз.
12 Ақпан, 2020
А.Мамин Шымкент қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Премьер-Министр Асқар Мамин Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
12 Ақпан, 2020
Мектептерде 5 мың мұғалім жетіспейді – Асхат Аймағамбетов
Жыл сайын педагогика мамандығы бойынша 40 мың адам оқу бітіргенімен, мектептерде 5 мың мұғалім жетіспейді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Qazaqstan» телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасында айтты.
12 Ақпан, 2020
Кейбір облыс мұғалімдері 130 құжат толтыруға міндеттелген - А. Аймағамбетов
Мұғалімдерді қағазбасты жұмысқа салғандарға айыппұл салынады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Qazaqstan» телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасында айтты.
12 Ақпан, 2020
Швейцарияда Абай және әл-Фарабидің мерейтойларына арналған маркалар шығарылды
Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына және түркі философы Əбу Насыр əл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтойлық почта маркаларын шығару туралы бастама көтерді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
12 Ақпан, 2020
Волонтерлардың республикалық фронт-офисі ашылады
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында орналасқан волонтерлардың «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесі жұмысына ресми түрде бастау береді.
12 Ақпан, 2020
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және республикалық бюджеттің орындалу барысы қаралды. Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов баяндама жасады.
12 Ақпан, 2020
Жағдай тез арада түзеліп, ел бірлігі нығая түседі деп сенемін
Қазақстандағы дүнгендер бірлестігі мүшелерімен кездесіп келдім. Бірлестік атынан айтарым, Үкіметтің мұндай жағдайда тез арада шара қолданғаны қуантты. Арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына келді, азаматтармен кездесті. Қордай тұрғындарын сабырға шақырып, жағдайдың түзелетінін айтты.
12 Ақпан, 2020
Қордайдағы жағдай, қоғамдағы түрлі талқыға түскен тағдырлар ешкімді бейжай қалдырмағаны анық. Бірнеше адам шығыны болды. Қаза бар жерде жаза да болары анық. Оны құзырлы органдар тергеп, тексере жатар. Менің айтпағым, мемлекет құраушы ұлт – қазақ халқының хақы жайында.
12 Ақпан, 2020
Медициналық бақылау мейлінше күшейтілді
Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы айтып берді.
12 Ақпан, 2020
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы облыс орталығынан жүз шақырым шамасындағы Имантау, Айыртау аймақтарының таулы, орманды алқаптары мен үзіліп түскен моншақтай көгілдір көлдерін де қамтиды. Бұл құйқалы жерлердің табиғаты ғана тамаша емес, тағылымды тарихы да көңіл аударарлық.
12 Ақпан, 2020
Аспанмен астасқан асқақ шыңдар, жанға медет сыйлаған жазира жоталар ауыл топырағына аунап өскен қалақтай баланы қылқалам дейтін құдіретке кіршіксіз ғашық етіпті. Қазақ даласының қасиетін туған жердің нуы мен суынан бойына сіңірген Тоққожа Қожағұлов суретші болуды мектеп қабырғасында жүрген балаң шағынан-ақ өмірлік мақсатына балаған. Бүгінде бекзат өнердің биігін бағындырып, бояу тілінің тылсым сырын жанымен түйсінген суретші өмірге іңкәр еткен ақ үмітін, кеудесін шымшылаған сағынышын кенеп бетіне жайып салады.
12 Ақпан, 2020
«Угай-ай» – жер жаннаты Жетісуға кең тараған кәусар әуезді әндердің бірегейі. Кезінде бұл ән Жамбылдың құштар сезімді үнімен ел жүрегіне аңыз боп тараған еді. Оны зерделі жандар: «Угай-ай» Жамбыл мен Нұрбек байдың қызы Сараның айтысынан бері қарай аян болған ән ғой?» деп дәйім таңғала, тамсана еске алып, әңгіме қылып отырған.
12 Ақпан, 2020
«Ангиограф»: Аурудың алдын алады, дерттіге дәрмен береді
Былтыр күзде Қазалы ауданындағы ауруханада алғаш рет жүрек-қан тамырларына ота жасалды. Осыған дейін ірі қалалардағы жабдығы сайлы медициналық орталықтарда ғана жасалатын отаны қорықпай қолға алған қазалылық кардиологтардың бұл еңбегі ерлікке тең еді. Жабдық демекші, қымбат, ең бастысы адам саулығын сақтауда аса қажетті «Ангиограф» аппараты республика аудандарының арасында алғаш рет осы Қазалыға қойылып отыр.
12 Ақпан, 2020
Үнемдеген қаржы дәрігердің еңбекақысын арттырды
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен 2018 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында қызмет ететін барлық медициналық мекеме цифрлы жүйеге көшкен болатын. 121 есепке алу және есеп беру формасының 100-ден аса түрі цифрландырылды. Нәтижесінде қағаз бен УДЗ пленкаларына қажеттілік жойылып, сәйкесінше бюджет шығындары қысқарды. Айталық, 2018 жылы – 226 млн теңге, 2019 жылы – 540,1 млн теңге үнемделді.
12 Ақпан, 2020
Керекулік молда атамыз Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ертеде жазған «Қазақ шежіресі» атты еңбегі бар. Онда қазақтардың қажылық сапарға қай кезден бастап барғаны жайлы мәлімет келтіреді. Мәшекеңнің айтуынша, ең алғашқы қажы уақ Нүркен деген адам екен. Екінші рет 1858-ші қой жылы күлік Самай сопы мен ноғай Байжан хазірет қажылыққа барып, сол жақта өлген. Осы сөзді жазып отырған Мәшһүр Жүсіп мен дәл сол жылы туыппын (1858), қазір 70 жастамын, дейді. Ал үшінші рет 1874 жылы тобықты Құнанбай, айдабол Қишыл Қыстаубай, атбасарлық Егізек, Жанайдар, құлан қыпшақ Шонтыбай бастаған Орта жүзден 20, Кіші жүзден Досжан халфе, Нұрпейіс хазірет бастаған 100 адам барды, дейді. Бұл қазақтың ескі есебі бойынша қаракиік жылы екен.
12 Ақпан, 2020
Қолөнердің коммерциялануына не кедергі?
Атадан балаға мирас болған киелі өнердің мұрагерлері өз туындыларын табыс көзіне айналдырудың жолын іздеумен келеді. Ұлттық тұрмыстық бұйымдар көненің көзіндей музейлер мен қазақы шаңырақтың сәні ретінде көздің жауын алғанымен, заманауи нарықта бәсекеге қабілетті емес.
12 Ақпан, 2020
Қарағанды облысында Нұра өзеніне қалдық су құйылды
Бүгін әлеуметтік желіде Қарағанды облысындағы Нұра өзеніне өндірістік лас қалдық судың құйылып жатқаны туралы бейне көрініс тарады. Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында Қарағанды облыстық экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбековке хабарласқан едік.
11 Ақпан, 2020