Редакция таңдауы
Әбілфайыз Ыдырысов – журналистиканың қара нары
Әбілфайыз Ыдырысов. Қазақтың қабырғалы қаламгері. Журналист-публицист. Ұлағатты ұстаз. Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор. Ғұмыры ғибратты ғалым. Зейінді де зерделі зерттеуші. Жиырмаға жуық оқулық пен әдістемелік құралдың, сондай-ақ ондаған кітаптың авторы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Бірнеше орден-медальдың иегері. Қысқасы, қазақ журналистикасының қара нары.
14 Ақпан, 2020
Ұлттың ұлағатын, халықтың кісілік келбетін айқындайтын құндылықтарды еркін меңгерген ерен тұлғалар қатарында тұрған даралардың бірі академик Рымғали Нұрғали еді.
14 Ақпан, 2020
«Дипломмен – ауылға!»: жас мамандар неге тұрақтамайды?
2009 жылы елімізде «Дипломмен – ауылға!» деген бағдарлама қолға алынып, жас мамандар ауылдарға жіберіле бастаған еді. Бағдарлама әлі де жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында осы жылдары, нақтырақ айтсақ, 2009-2019 жылдары 3,6 мың жас маман ауылға жұмыс істеуге келіпті. Облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, олардың дені Семейге жақын Бородулиха (389), елдің шеті, желдің өтіндегі, шекарадағы Күршім (336), Катонқарағай (350) аудандарына барыпты.
14 Ақпан, 2020
Урбандалу үрдісі адами капиталды тиімді пайдалануды қажет етеді
2050 жылға қарай Жер шарындағы халықтың үштен екісі қалаларда өмір сүреді. Қазір күн сайын шаһарларға 180 мыңдай адам көшіп жатыр. Дамыған мемлекеттерде қалалықтардың саны жылма-жыл 60 млн адамға көбеюде. Мұндай деректі БҰҰ Дүниежүзілік банктің болжамына сәйкес келтірді. Осы ретте адами капиталды дамыту индексі бойынша Қазақстан 200-ге жуық елдің арасында 50-орынға тұрақтаған-ды. БҰҰ ДБ бұл көрсеткішті денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салалардағы негізгі жетістіктермен байланыстырып отыр. Соған қарамастан отандық талантты мамандардың шетелге миграциясы тоқтамай тұр.
14 Ақпан, 2020
Алматыға Қытайдан Қазақстан азаматтарын алып келген соңғы рейс қонды
Бүгін Алматы қаласының әуежайына Қытай Халық Республикасынан Қазақстан азаматтары жеткізілді.
13 Ақпан, 2020
Airbus компаниясы қанаты ерекше ұшақ шығарды
Maveric деп аталатын ұшақтың қанаты күнделікті көріп жүрген ұшақтардыкіне ұқсамайды. Жұлдызды соғыстар туралы фильмдерде көрсетілетін ұшатын аппараттарға ұқсайтын бұл ұшақ өзінің ерекше дизайнымен ерекшеленіп, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Bloomberg хабарлауынша ұшақ Сингапурдегі авиасалонда сынақтан өткен.
13 Ақпан, 2020
Алматыда Еркін Нұразханның «Шарайна» атты жеке көрмесі ашылды
Алматыда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейінде елімізге танымал карикатурашы-суретші, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының Суретшілер, Журналистер, Жазушылар одақтарының мүшесі Нұразхан Еркін Ибрагимұлының «Шарайна» атты жеке көрмесі ашылды.
13 Ақпан, 2020
Ынтымағымыз бен бірлігімізді жоғалтпайық
Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиға барша жұрттың жүрегін дір еткізді. Әрине алдағы уақытта бұл қақтығыстың себеп-салдары анықталып, кінәлілер жазасын алатынына еш күмәнім жоқ. Оқиға орнында болып, жергілікті тұрғындардың әңгімесін өз құлағыммен естігеннен кейін қақтығыс салдарынан болған адамдар өлімі, тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандардың, автокөліктердің өрттен кейінгі қаңқалары мені еріксіз ауыр ойға қалдырды...
13 Ақпан, 2020
Бас қаланың басшысы есеп берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» деген болатын. Сол міндетті әкімдер де бұлжытпай орындап келеді. Кеше халық алдында өткен жылғы жұмыстың қорытындысы бойынша есеп берген Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бас қаланың алдағы жоспарларына да тоқталды.
13 Ақпан, 2020
Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде БҰҰ Моделі клубы 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл клубта жоғары сынып оқушылары әлемдегі ең маңызды ұйым саналатын Біріккен Ұлттар Ұйымының симулияциясын жасап, ғаламдық проблемаларды дипломатиялық тұрғыда шешу жолдарын іздейді. Осылай білім ордасының ұжымы зияткерлік мектеп оқушыларына дипломатия, көшбасшылық, көпшілік алдында сөйлеу, сыни ойлау қабілеттерін дамытуға күш салып отыр.
13 Ақпан, 2020
Scopus журналдарына мақала жариялау тегін
Дүние жүзінде ғалымдар жұмысының нәтижесі, көрсеткіші олардың рейтингі жоғары халықаралық журналдарда мақала жариялауымен және еңбегіне өзге зерттеушілердің сілтеме беру санымен де өлшенеді. Біздің ғалымдар да осы талапқа барынша бейімделіп, белсенділік танытып келеді. Соңғы уақытта ғалымдар рейтингінің өскені тиісті ведомство тарапынан жиі айтылып жүр. Шынында солай ма? Анығы базасында 3800 ғылыми журнал бар, әлемдегі ең ірі «Elsevier» ғылыми компаниясының Орталық Азия бойынша директоры Әлия ОСПАНОВАДАН сұрадық.
13 Ақпан, 2020
Күріш қалдығынан көмір алған ғалым
Абай жылында бастаған ғалымтану бағытындағы «Ғылым таппай мақтанба» атты жобамызды мұнай шламынан (қалдығы) қайтадан мұнай және күріш қауызы мен сабанынан белсендірілген көмір алған ғалым Нұрбол Аппазов туралы таныстырумен жалғастырмақпыз.
13 Ақпан, 2020
Сыбағаңыздан ауыз тидіңіз бе?..
Көптен хабарласпаған жиен ағам телефон шалған. Құдасын омыртқаға шақырмақшы екен. Ішіне бізді қоспақ. Құдасы көпті көрген, көп жайды көңіліне түйген, кісімен кең отырып сөйлесе алатын көшелі кісі.
13 Ақпан, 2020
Шағын ауыл деп шектеуге болмайды
Ауыл мәселесін шешу көзі қарақты жанның бәрін толғандырады. Қазіргі Қазақстан қоғамының шыңында жүргендердің басым бөлігі өзі немесе әке-шешесі ауылдан шыққандар деп айтсақ қателеспейміз.
13 Ақпан, 2020
«Жалын мен оттан жаралған сөзді ұғатын қайсың бар?..»
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіндегі «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы бізге қандай ой салды, көкірегімізде Семейдің болашақтағы тағдырына, Абай руханиятына қатысты нендей армандар мен алаңдаушылықтар бар, солар жайында барынша қысқа да нұсқа бірер сөз.
13 Ақпан, 2020
Ратификациялық заң жобалары мақұлданды
Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында бірқатар жаңа ратификациялық заң жобасы мақұлданды.
13 Ақпан, 2020
Президент Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Мемлекет басшысына «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және Индустрияландыру бағдарламаларының жүзеге асырылуы туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
12 Ақпан, 2020
Басты жаңалықтарға шолу (12.02.2020)
Назарларыңызға бүгінгі күннің басты ақпараттарын ұсынамыз. Өзекті ақпараттар мен қызықты оқиғаларға қаныққыңыз келсе, біздің сайттағы жаңалықтарды оқып жүріңіз. Сондай-ақ YouTube-тегі арнамызға жазылыңыз!
12 Ақпан, 2020
Түркияда Абай жылының салтанатты ашылуы өтті
Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі, Түркия Мәдениет министрлігі, ТҮРКСОЙ ұйымы мен «ТРТ Аваз» телеарнасының қатысуымен Түркиядағы Абай жылын салтанатты түрде ашты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
12 Ақпан, 2020
Илья Ильин Ташкентте алтын медаль ұтып алды
Илья Ильин Ташкентте өткен ауыр атлетикадан халықаралық біріншілік аясында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ерлер арасындағы жарыстың жеңімпазы атанды. Ол екі рет зілтемірді көтеруде 355 (160 + 195) келіні еңсеріп, І-орынға ие болды.
12 Ақпан, 2020