Редакция таңдауы
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 88-ге жетті
26 наурыз 08:25-дегі жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Бұл туралы ДСМ хабарлады.
26 Наурыз, 2020
Қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланды
Елордада коронавируспен күрес жағдайында халықтың мұқтаж тобына қолдау көрсету мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің алғашқы отырысы өтті.
26 Наурыз, 2020
Қашықтан жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары
«Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және зиян келтірушілер тарапынан шабуыл жасау қатерлерін төмендету үшін азаматтарды күмәнді хабарламаларды ашпауға және мазмұны күдікті интернет-ресурстарға өтуді барынша азайтуға шақырады.
26 Наурыз, 2020
Құлжа тас жолындағы жаңа жолайырық
Алматыда Бұқтырма көшесімен қиылысатын Құлжа тас жолында көліктерге арналған жолайырық құрылысы жалғасып жатыр. Нысан бірінші кезекте жоғарыда аталған бағыттағы кептелістің қысқаруына, экологиялық жағдайды оңалтуға, сондай-ақ қалалықтардың діттеген орнына жылдам әрі ыңғайлы жетуіне мүмкіндік береді.
26 Наурыз, 2020
Кәсіпкерлер салықтан босатылуы мүмкін
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аппарат басшысы Нұралы Бөкейханов пен Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің директоры Шыңғыс Темір төтенше жағдай кезіндегі кәсіпкерлерге арналған штабтың жұмысы бойынша түсініктеме берді.
26 Наурыз, 2020
Елгезек Ернар мен ақ ниетті Айжан
Үстіміздегі жылдың басынан бастап Шортанды ауданында gazvolonteer.kz сайтында тіркелген «Сенім» волонтерлер орталығы жұмыс істейді. Дақпырты мен даңғазасы көп ашылу салтанаты өткізілмеген, төңірегіне жасалған қамқорлықтарын көп айтып жарнамалап та жатқан жоқ. Бір айта кетерлігі, бұл орталық «Волонтер жылы» жария етілердің алдында құрылған.
26 Наурыз, 2020
«QOSYL» волонтерлер қатарын көбейтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Волонтер жылына» орай Қызылорда қалалық жастар орталығы ребрендинг жасап, атауын жаңартып, қызмет аясын кеңейте түсті.
26 Наурыз, 2020
РФ Конституциясына түзетулер бойынша дауыс беру кейінге ауыстырылды
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин коронавирус инфекциясының таралуына байланысты РФ Конституциясына түзетулер бойынша дауыс беруді кейінірек датаға ауыстырды. Бұл туралы Ресей Президенті халыққа арнаған телеүндеуінде айтты.
25 Наурыз, 2020
Ухань коронавирус індетімен қоштасты (видео)
Қытай, Ухань қаласы. Қала карантиннен босатылған соң, мыңдаған тұрғын бейбіт күннің батырлары - дәрігерлермен қимай қоштасып тұр. Тіпті кейбірі көзіне жас алған.
25 Наурыз, 2020
Елордада дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр (видео)
Дәл қазір ел астанасы Нұр-Сұлтанда дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр.
25 Наурыз, 2020
«Бұл - жалған ақпарат»: 109 номері арқылы азық-түлікке тапсырыс берілмейді
109 номеріне хабарласып, азық-түлікке тапсырыс беруге болады деген ақпарат жалған. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.
25 Наурыз, 2020
Адамзат жаһанданудан құтылуға асықса, қазақ ауылына асығып жатыр
Бұл фактор қазақтың, Қазақстанның тамырынан ажырамағанын көрсетіп тұр. Осыған дейін қарабайырлау, тіпті жаттандылау болып көрінген түсінікті пандемия бір аптаның ішінде бәсін асырып жіберді.
25 Наурыз, 2020
Жамбыл облысында коронавирус індетінің дерегі тіркелді
Жамбыл облысында коронавирусты инфекциямен ауырған науқас тіркелді. Коронавирус инфекциясын жұқтырған Шу ауданының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Осы мәселеге байланысты өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында шұғыл брифинг ұйымдастырылды. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың айтуынша, науқас 23 наурыз күні Қырғыз Республикасынан келген.
25 Наурыз, 2020
Коронавирустың жоғарғы және төменгі шегі болжамын Елжан Біртанов айтты
«Төтенше жағдай режимінің ұзартылуы эпидемиологиялық жағдайға, коронавирустық инфекциялармен байланысты болады. Осы уақытқа дейін, яғни 15 сәуірге дейін біз ауруды азайтуға кірісеміз деп үміттенеміз. Бұл жағдайда Мемлекет басшысы шешім қабылдайды. Мемлекеттік комиссияда біз күн сайын осы жағдайды қарастырамыз. Егер жағдай теріс болса, онда, әрине, төтенше жағдайды ұзарту мүмкін» деді Елжан Біртанов Фейсбуктегі парақшасында.
25 Наурыз, 2020
Елімізде төтенше жағдай режимі жарияланғанына бүгін тура 9 күн болды. Бастапқыда жер-жерде құрылған комиссиялар қауырт жұмыс істеп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іле-шала еліміздегі екі мегаполис – Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды. Әдепкіде карантин талаптарын түсінбегендер көп болғанымен қазір бұл екі шаһар тіршілігі де өз арнасын қайта тапқан сияқты.
25 Наурыз, 2020
Елорда дәрігерлері мен медбикелері қала тұрғындарынан көмек сұрады (видео)
Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері мен медбикелері қала тұрғындарынан көмек сұрады.
25 Наурыз, 2020
Шахмат: Үміткерлер турнирінің алтыншы туры аяқталды
Ресейдің Екатеринбург қаласында шахматтан өтіп жатқан Үміткерлер турнирінің алтыншы туры аяқталды.
25 Наурыз, 2020
Барлығы 79 науқас: Қазақстанда тағы 7 адам індет жұқтырды
Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус індетін жұқтырды. Coronavirus2020.kz мәліметінше, Қазақстанда 25 наурыз, 09:40-қа дейін коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам бар. Оның екеуі - Алматыда, бесеуі - елордада тіркелген.
25 Наурыз, 2020
Қыздар университетінде 810 пән онлайн оқытылуда
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында қашықтан оқыту технологиясы бойынша атқарып жатқан жұмыстарын пост арқылы тұрақты жарияламақ.
25 Наурыз, 2020
Тексеруді тоқтата тұруды сұрады
Бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсінов ел Премьер-Министрі мен Бас прокурорға кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспарланған тексерістерді Қазақстанның барлық аумағында жарияланған төтенше жағдай мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында енгізілген карантин аяқталғанға дейін кейінге қалдыру бойынша шаралар қабылдауды сұрап хат жолдады.
25 Наурыз, 2020