Редакция таңдауы
Қолдау көретінімізге күмән болған жоқ
Медицина саласында қызмет еткеніме үш жылға жуықтады. Қазір жұмысымыз қарбалас. Жеке қорғаныс киімдерімен толық қамтамасыз етті. Мен 2-топтағы қауіптілігі жоғары медицина қызметкерлерінің қатарындамын. Сыйақыны толық алдым. Коронавирус індетімен күресуге жұмылдырылған әріптестерім де үстемеақыларына қол жеткізді. Әрине мұны ешкім күткен жоқ, бірақ мемлекет тарапынан қолдау болатынына сендім.
15 Сәуір, 2020
Індет кезіндегі қауіпсіздік бойынша елдердің рейтингі жарияланды
Deep Knowledge Group (DKG) консорциумы Covid-19 пандемиясы кезіндегі әлем елдерінің ахуалы бойынша зерттеу жұмысын жүргізіп, нәтижесінде Израиль қауіпсіз елдердің көшін бастады.
14 Сәуір, 2020
Балаларға базарлық. «Екі киім» ертегісі
Кішкентай оқырмандар үшін ұсынатын кезекті ертегіміз «Екі киім» деп аталады. Бұл не туралы екенін білгіңіз келсе, видеоны тамашалап шығыңыз.
14 Сәуір, 2020
Тарауық намазын отбасы мүшелерімен оқуға кеңес береміз - Бас мүфти (видео)
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы мәлімдеді.
14 Сәуір, 2020
Алматыдағы №12 аурухананың 110 дәрігері індет жұқтырды
Бүгін, 14 сәуірде Алматыда коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 346-ға жетті (оның ішінде 6-ы бала, 3 жүкті әйел бар). Бұл туралы бүгін түске қарай өткен брифингте Алматы қалалық Денсаулық сақтау Басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.
14 Сәуір, 2020
Алматыда бір тәулікте 174 адамның індет жұқтырғаны анықталды
Бүгін, 14 сәуірде Алматыда коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 346-ға жетті (оның ішінде 6-ы бала, 3 жүкті әйел бар).
14 Сәуір, 2020
Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласында екі науқас көз жұмды
Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласында коронавирус індетінен екі науқас көз жұмды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
14 Сәуір, 2020
Қай кәсіпорындар жұмысын жалғастырады?
Мемлекеттік комиссия шешімімен 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы бірқатар экономика секторларының жұмысы қалпына келтіріледі. Олардың нақты тізімі 15 сәуірде белгілі болады. Кеше «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирі арқылы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жұмысын жалғастыруы мүмкін секторлар туралы ақпарат берді.
14 Сәуір, 2020
Көмек көрсетіледі деп ойлаған да жоқ едік
Біздің аурухана Қытайда COVID-19 анықталып, тарала бастаған кезден бастап оқу-жаттығудан өтіп, сақадай сай болдық деп айтуға болады. Жалпы біздің мамандық түрлі жұқпалы аурулармен тікелей күресетіндіктен басымызды қауіп-қатерге тігіп, кез келген жағдайға дайын жүреміз. Сондықтан да еш уақытта қорықпай, қызметімізді адал атқаруға күш саламыз.
14 Сәуір, 2020
Қазір біздің жұмысымыз қауырт қана емес, қауіп пен қатерге де толы болып тұр. Әсіресе соңғы күндер Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасының қызметкерлерін ұйқыдан айырды. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт көбейді. Жалпы облыста 21 адам болса, біз қазір 11 науқастың өмірі үшін күресіп жатырмыз.
14 Сәуір, 2020
Елбасымен Тәуелсіздіктің алғашқы елең-алаң жылдарында, сонау бір қиын кезеңдерде бірге жұмыс істедік, қасында болдық. Ол кісінің талай ұйқысыз түндерінің, мазасыз күндерінің куәсі болдық.
14 Сәуір, 2020
Президенттің кадрлық резерві: соны серпін
Жастар жылы, яғни 2019 жылы Президенттік жастар кадрлық резерві жасақталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынып, республикамыздың түкпір-түкпіріндегі жалынды жастардың басын біріктірген жоба мемлекеттік саясатта өз орнын тауып, талай жастың еңбек жолында ілгерілеуіне жол ашты.
14 Сәуір, 2020
Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасын ен жайлап, еркін көсілген Тәуелсіз Қазақстанның жылнамасы жазылып жатқанына ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Осы кезең аралығында елге ерен еңбегімен һәм ерлігімен танылған тұлғалардың бірі бағаланса, енді бірі еленбей жатты. Дархан даланың дарынды ұрпақтарын халық алдында әспеттеу – егемендігіміздің елеулі бір көрінісі екенін ұғынсақ та, нақты жүйе болмаған соң, таланттарды таныту жалпыхалықтық сипат ала алмады.
14 Сәуір, 2020
Ұлтымыздың ұлы ұғымдары, қастерлі қасиеттері аз емес. Соның бірегейі – қазағымның тыйымдары. Жақсыға жақын жүр, пенделік қылықтан бойыңды да, ойыңды да аулақ ұста, адамдықтан кетпе, адалдықты сақта, соны серік ет, одан кетсең надандықты қойып, айуандықтың күйін кешесің дейтін үлкендер. Осындай кісілік пен кішілікті ұқтырар ұғымның арғы жағында кемел бол, кең бол, кем болмайсың, үлкенді танып, кішіге қарайлассаң, теріс мінезден аулақ жүрсең қарғаға тән күйкілік қалып, ертең-ақ қыран тірлікпен самғайсың деген ғаламат ғақлия жатқанын кейін білдік.
14 Сәуір, 2020
Отбасыңды қорламай, қорған бол!
Бүкіл адамзат, барлық мемлекет жаһандық пандемиямен шайқасып жатқанда, жабық баспаналарда өмір үшін жеке күрес жүруде. Өйткені карантин, көшедегі қозғалысты шектеу, үйде оқшаулану секілді аса қажет шаралар қаны қарайған қаскөйлер мен зорлықшыларды да даладан үйлеріне қуып тықты. Салдарынан отбасылардағы ойран оқиғалары көбейген. Осынау қиын кезеңнен, тағдыр тезінен рухани құндылықтар құндағына бөленген мерейлі отбасылар аман шықпақ.
14 Сәуір, 2020
Мамандар кеңесіне құлақ асыңыз
Бүгінде әлеуметтік желілерде көптеген хабарландыру пайда болды, онда қазақстандықтарға жеке мәліметтерді сұрату арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны алуға көмектесу ұсынылады.
14 Сәуір, 2020
Алтай табиғатының алапатын асырады
Жуырда дәстүрлі Халықаралық құстар күнінде жабайы табиғат пен қорықтық орындарға арналған «Алтай табиғаты» атты халықаралық фотосуреттер байқауы басталды. Бұл байқауға елімізбен қатар Ресей Федерациясының Алтай өлкесі мен Алтай Республикасы, сондай-ақ Моңғол және Қытай Алтайы аумақтарында түсірілген фотосуреттер қабылданады.
14 Сәуір, 2020
Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне бай
Кез келген істің алға қойылған жоспары, бағыт-бағдары, методикасы, заңдылығы, тәртібі болады. Осы орайда «Тарбағатай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің алда тұрған жұмыстарының бірі парк аумағында кездесетін флора мен фаунаның индикатор түрлерін бекітіп, паспортқа енгізу еді.
14 Сәуір, 2020
Бас қаладан Бурабай бағытына қарай жүргенде шамасы 80-90 шақырым жерде сол жағында Еңбек атты елді мекен қалады. Сол жерден талай өтіп жүргенде өзіммен бірге келе жатқан жолаушылардан «бұл кімнің ауылы» деп сұраймын. Сонда көпшілігінен «білмейміз» деген жауап аламын. Содан атақты жерлесіміздің кіндік қаны тамған елді мекенді елге таныстырудың қандай жолы бар деген ой келді.
14 Сәуір, 2020
Қан майданда қажымаған Қарагер
Жылқы жайлы жазып жүргендіктен, ұнамды дүние көзге шалынса, оны көңілге түйіп көпшіліктің алқауына ұсынатын әдетіміз бар. Жуырда ІІ дүниежүзілік соғыс ардагерінің аузынан жазып алған Федоссевич дегеннің естелігін оқыдым. Онда қазақ жылқысы жайлы жақсы мәлімет айтылыпты.
14 Сәуір, 2020