Редакция таңдауы
Праймериз: мүмкіндікті мүлт жібермеу маңызды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» партия жұмысын қайта жаңғырту бағдарламасы халықтың бастауыш партияға деген сенімін нығайта түсті. Әсіресе, Тұңғыш Президентіміздің тапсырмасы негізінде бастау алған Nur Otan праймеризі арқылы ел тағдырына бейжай қарай алмайтын белсенді отандастарымыздың белін бууға мүмкіндік пайда болды. Мұндағы мақсат – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдерге енгізу үшін қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын анықтау.
21 Тамыз, 2020
Жазықсыз жапа шеккендер қасіреті ұмытылмайды
Өткен күндерде болған әділетсіздіктерді, қаншама халықтың кінәсіз жапа шегуін, қорлануын, кедейшілікте өткен өмірін ұмытуға болмайды... Кеңес өкіметі кезінде болған қуғын-сүргінді жылдар халқымызды есеңгіретіп тастады. Бұл ауыр кезең менің анамның отбасын да айналып өтпеді. Ата-анасынан көз жазып қалған кезде анам екіге де толмаған екен.
21 Тамыз, 2020
Қазақстандық танкішілер жарысқа дайын
Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында өтетін танк биатлонына қатысатын қазақстандық команда танкішілер өнер көрсететін техниканы қабылдауды бастады.
21 Тамыз, 2020
Трансшекаралық өзендерді пайдалануда Орталық Азияға ортақ келісім қажет
Белгілі қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, жазушы Мырзагелді Кемел өзекті мәселелерге «Egemen Qazaqstan» газеті арқылы үн қосып тұратын. Көзі тірісінде қағазға түсіріп, редакцияға жолдаған соңғы мақаласын оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік. Редакциядан
21 Тамыз, 2020
155 шақырымдық жаяу соқпақ салынады
Табиғатты қорғау – баршаға ортақ міндет. Іле Алатауы Ұлттық саябағының жанынан құрылған қоғамдық кеңес «Аюсай визит орталығы» жобасының жұмысымен танысты.
21 Тамыз, 2020
Чемпионат мерзімінен бұрын аяқталды
Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің арнайы отырысында футзалдан ел біріншілігі 2020 жылдың 12 наурызындағы турнир кестесімен аяқталғаны белгілі болды.
21 Тамыз, 2020
Бір мектептен 100 түлек ЖОО грантын иеленді
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биылғы түлектері түгел жоғары оқу орындарына түсті, деп хабарлайды Egemen.kz
20 Тамыз, 2020
Балалар үйінің қаржысын жымқырған күдікті ұсталды
Алматы полицейлері балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің қаражатын жымқырды деген күдікпен облыстық балалар үйінің әлеуметтік педагогын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz
20 Тамыз, 2020
Сауда саласында бәсекелестік артып келеді
Бұл туралы экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде белгілі болды. Екінші тоқсанның қорытындылары бойынша, құрылысты қоспағанда, барлық салалардағы кәсіпорындар арасында бәсекелестіктің өсуі байқалған. Бұл жаңалықты Ұлттық банк жүргізген сауалнама нәтижелері дәлелдейді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің сайтына сілтеме жасап.
20 Тамыз, 2020
Ауруханаларда берілетін тегін тамаққа мониторинг жүргізілді
Ағымдағы жылдың 20 тамыз күні "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі М.Бахыт пен "Өскемен – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі С.Қайсарбеков республикалық "Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің тапсырмасына сәйкес Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала орталығы, №1 қалалық емхана және Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасына барды, деп хабарлайды Egemen.kz
20 Тамыз, 2020
Ет өңдеу кәсіпорындарында жұмыс қарқыны қалай?
Қытай халық республикасына ет өнімдерінің экспортын кеңейту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындарын тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz
20 Тамыз, 2020
24 жастағы қазақстандық боксшы пышақ жарақатынан көз жұмды
Шахтинскіде 24 жастағы боксшы пышақ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz
20 Тамыз, 2020
Қытайдағы су тасқыны: Өзен суы Будда мүсініне жетті
Янцзы өзенінің суы Оңтүстік Қытайдағы су тасқынына байланысты әлемдегі ең биік мүсіндердің бірі - Будда мүсініне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz CNN-ге сілтеме жасап.
20 Тамыз, 2020
Әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларының бағасы 45%-ға дейін төмендейді
Еліміздің Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халыққа онлайн есеп беру брифингінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын 45%-ға дейін төмендету туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
20 Тамыз, 2020
АҚШ вице-президенттігіне үміткер анықталды
Демократиялық партия атынан Калифорния сенаторы Камала Харрис АҚШ вице-президенттігіне үміткер ретінде ұсынылды. Бұл туралы Висконсин штатындағы Милуокиде онлайн форматта өткен демократтар съезінде жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
20 Тамыз, 2020
Солтүстік Қазақстанда Қытай мен Моңғолиядан көшіп келгендер саны артқан
Солтүстік Қазақстан облысына бірінші жартыжылдықта 2,4 мыңға жуық адам тұрақты келді. Осы кезеңде 4,1 мың адам жұмыстан кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Тамыз, 2020
Қамкөңіл жандарға айрықша қызмет көрсетеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында "мемлекеттің ерекше қажеттілігі бар адамдарға көпшілікпен бірдей жағдай жасауға міндетті" екенін бөле-жара атап көрсетті. Яғни қоғамдық өмірде де, кәсіби қызметте де, мемлекеттік қызметтер алуда да мүгедек жандар жайсыздық сезінбеуі, кедергілерге тап болмауы тиіс, деп жазады Egemen.kz
20 Тамыз, 2020
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Бүгін Алматы уақытымен 06 сағат 32 мин 22 сек (2020 жылғы 20 тамызда 00 сағат 32 мин. 22 сек. Гринвич бойынша) жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы сейсмикалық станциялар желісі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
20 Тамыз, 2020
QR-кодтар арқылы дәрілік заттардың бағасын тексеруге болады
"Adaldyq alańy" жобасы аясында бағаны көтеру фактілерін болдырмау мақсатында еліміздің дәріханаларында ақпараттық брошюралар орналастырылады. Оларда Covid-19 және вирустық пневмонияны емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмектердің шекті бағалары көрсетілген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
20 Тамыз, 2020
Қазақстан-Украина: Өзара сауда төмендеді
Жуырда бейнеконференция режімінде Қазақстанның Cауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаевтың және Украинаның Экономика, сауда және ауыл шаруашылығын дамыту министрінің орынбасары Т.Качканың тең төрағалық етуімен, сондай-ақ екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қатысуымен Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жұмыс тобының 2-отырысы өтті.
20 Тамыз, 2020