eOtinish жүйесі
Қоғам • 22 Қаңтар, 2026
Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?
Мемлекет пен азаматтар арасындағы байланыс цифрлық форматта жаңа сапалық деңгейге көтерілді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты тетігіне айналған eOtinish платформасы арқылы 2025 жылдың қорытындысында 5 миллионнан астам өтініш қабылданды. Бұл көрсеткіш азаматтар мен бизнес тарапынан жүйеге деген тұрақты сұранысты әрі өтініштерді қараудың жаңа форматының тиімділігін айғақтайды, деп жазады Egemen.kz.