Web of Science
Оқиға • 27 Маусым, 2025
Отандық ғалымдардың халықаралық басылымдардағы мақалалары 20%-ға артқан
InCites платформасында 2024 жылға арналған квартильдер бойынша жаңартылған мәліметтерге сәйкес, қазақстандық ғылым халықаралық деңгейде өсім көрсетіп жатыр. Web of Science базасының негізгі индекстерінде қазақстандық авторлар 3176 ғылыми мақала мен шолу жариялаған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20%-ға көп (2639 мақала). Осы нәтижемен Қазақстан әлемдік рейтингте 75-орыннан 72-орынға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.