TilQazyna жобасы
Технология • 21 Шілде, 2025
Жасанды интеллект қазақ тілін үйретеді
Бүгінде технологияның қарыштап дамуы білім беру саласында да жаңа өзгерістерге жетелеуде. Жасанды интеллект (ЖИ) арқылы тіл үйрену әлемдік трендке айналып отыр және бұл үрдіс қазақ тілі үшін де өте маңызды. Қазақ тілін үйренушілер үшін ыңғайлы әрі тиімді шешімдер қажет. Әсіресе, қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгерушілер, шетелдегі қандастарымыз, қала тұрғындары мен жастар үшін заманауи әдіс маңызды. Осы тұрғыда, TilQazyna жобасы тіл үйрету әдістемесін цифрлық деңгейге көтеретін алғашқы кешенді шешімдердің бірі болары сөзсіз. Ана тіліміздің аясын кеңейтуге арналған жоба жайында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай айтып берді, деп жазады Egemen.kz.