Presight компаниясы
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Астанада Presight компаниясының өңірлік кеңсесі ашылды
Абу-Даби тақ мұрагері шейх Халед бин Мохаммед бин Зайд Әл Нахайянның Қазақстанға ресми сапары аясында Астанада Presight компаниясының алғашқы шетелдік кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті. Жасанды интеллект және цифрлық трансформация саласындағы жаһандық көшбасшылардың бірі саналатын Presight енді Қазақстанда да өз жобаларын жүзеге асыратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.