NOAA мамандары
Әлем • 02 Желтоқсан, 2025
Күн бетінде алапат жарылыс тудыра алатын энергия жинақталып жатқан болуы мүмкін
Жерге екі тәулік бұрын бет бұрған оңтүстік күн дақтары тобы биылғы жылы ең үлкен көлемге жеткен. Кешеннің жалпы аумағы бүгін таңертең 1600 бірлік болып өлшенді. Бұл көрсеткіш XXI ғасырдағы ең ірі дақтар топтарының шамамен 60%-ы (шамамен 2800 бірлік) болса да, 2025 жылдың мамырында тіркелген 1200 бірлік рекордын (аймақ №4079) бірден үштен бірге жаңартып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.